Әдебиеттер [1,4,6,8,31,37,40,42]
12-тақырып Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің негіздері
Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бекіту. Дәлелдемелерді бағалау кезіндегі ішкі сенімнің принципін жүзеге асырудың іс жүргізу кепілдіктері.
Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметтерінің ролімен маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар.
Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері.
Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні, маңызы. Куәлік жауаптарының субъектілері. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар. Куәлік иммунитет. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. Куәнің жауабын бағалау мен тексеру. Куәнің жауаптарының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
Жәбірленушінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Жәбірленушінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
Сезіктінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Сезіктінің жауабын тексеру мен бағалау. Сезіктінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
Айыпталушының жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Жауап беру кезіндегі айыпталушының құқығы. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының жауабын бағалау. Өзін өзіне қатысты жалған жауап беру. Басқа біреуге қатысты жалған жауап беру.
Сарапшының қорытындысы: түсінігі, объектілері мен маңызы. Сараптаманы тағайындаудың негізі мен тәртіптері. Сарапшының қорытындысының тергеу әрекеттеріне қатысуы үшін шақырылған маманның ұсынысы мен түсіндірмесінен айырмашылығы. Сарапшы қорытындысының түрлері. Сараптамалық зерттеудің шегі. Сарапшы қорытындысының мазмұны мен құрылысы. Сарапшы қорытындысын бағалау.
Заттай дәлелдемелер: түсінігі, іс жүргізушілік негізі, түрлері мен маңызы. Заттай дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Заттай дәлелдемелерді тексеру мен бағалау. Заттай дәлелдемелерді сақтау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешу. Заттай дәлелдемелердің растығының іс жүргізушілік кепілдіктері.
Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары: түсінігі, құрылысы, маңызы. Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларын бағалау.
Құжаттар: түсінігі, түрлері, маңызы. Дәлелдемелердің дербес қайнар көзі ретінде құжаттардың құжат-заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды жинау, тексеру мен бағалау тәсілдері.
Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын фонограммалардың, фотосуреттердің, киноленталардың, диапозиттердің видеожазбалардың, үлгілердің, жоспарлардың, схемалардың және басқа да көріністердің дәлелдемелік маңызы.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Дәлелдеу процесі және оның мазмұны.
-
Дәлелдемелерді жинау.
-
Дәлелдемелерді бекіту
-
Дәлелдемелерді зерттеу
-
Дәлелдемелерді бағалау.
-
Қылмыстық іс бойынша дәлелдемеде жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін пайдалану.
-
Преюдиция
-
Мәселелерді шешу.
Бақылау сурақтары:
-
Дәлелдемелерді бағалау негізіне не салынған?
-
Алдын ала тергеудегі дәлелдемелерді бағалаудан сот талқылауындағы дәлелдемелер бағалауының айырмашылығы қандай?
-
Айыпталушыны, қорғаушының, жәбірленушінің дәлелдеуге қатысуы неде?
-
Қылмыстық іс жүргізу кодексі қарастыратын жәлелдемелердің қайнар көздеріні түрлері қандай?
-
Преюдикция мәні неде?
-
Қорғаушының айғақтарынан айырмашылығы неде?
-
Айыпталушы және сезіктінің айғақ беруге құқығы қандай?
-
Айыпталушының айғақтарының қамқоршы спецификасы неде?
-
Сараптама тағайындау жағдайлары қандай?
-
Заттай дәлелдемелерді түрлерін атаңыз?
-
Заттай дәлелдемелердің құжаттардан айырмашылығы неде?
Әдебиеттер[1,4,6,8,31,37,40,42]
13-тақырып Қылмыстық іс-жүргізушілік мәжбүрлеу институты
Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы. Қылмыыстық іс жүргізушілік реттеу механизміндегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудың құқықтық және гуманитарлық мәселелері.
Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуге ұшыраған тұлғаның құқықтық жағдайы.
Іс жүргізушілік мәжбүрлеу құралдарын қолданудың жалпы шарттары, жүйесі және механизмі.
Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың қолдану мақсаттары.
Қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне қатысты қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудың ерекшеліктері.
Қылмыс жасаған тұлғаны сезікті ретінде ұстаудың негізі, жағдайы мен мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі азаматтардың құқықтары. Қылмыс жасалуына сезікті тұлғаны ұстау тәртіптері. Ұсталған адамды жеке тінту.
Қылмыс жасалуына ұсталған сезікті тұлғаны босату негіздері. Қылмыстың жасалуына ұсталғанды қамауға алу негіздері.
Бұлтартпау шаралары: түсінігі, негізі, маңызы. Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігінің конституциялық кепілдіктері.
Бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ескерілген мән-жайлар. Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану тәртіптері.
Бұлтартпау шараларының түрлері. Ешқайда кетпеу және өзін өзі дұрыс ұстау туралы қолхат алдыру. Осы бұлтартпау шарасын қолдану кезінде айыпталушыға қатысты міндеттері.
Жеке кепілдік және оны қолданудың жағдайлары. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау тураы қолхатты бұзудың салдары.
Жеке кепілдік және оны қолданудың жағдайлары. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері. Өкіл берушінің өзінің міндеттерін орындамаудың салдары. Әскери бөлім командованиесінің әскери қызметшілерін бақылау: мәні, жағдайлары және оны қолданудың іс жүргізушілік тәртібі.
Кәмелетке толмағандаы қарауға беру: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізушілік жағдайы.
Кепіл: мәні, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізу тәртібі. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органның шақыруына сезікті, айыпталушының келмеуі салдары.
Үйде қамап ұстау: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізушілік іс жағдайы.
Қамауға алу: түсінігі, жағдайы және оны қолданудың іс жүргізушілк жағдайы. Қамауға алудың мерзімі және алдын ала тергеу мен сот талқылау сатысында оны ұзартудың тәртібі. Қамауға алынған тұлғаларды ұстау тәртіптері. Мүлікті қамқорлыққа алуына мен қарауға алуға құқығы болуы. Прокурордың қамауға лау санкциясын және қамауға алу мерзімін ұзартуды сотқа шағымданудың негізі мен іс жүргізушілік жағдайы.
Бұлтартпау шараларын өзгерту мен жою негіздері.
Басқа іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары, олардың түрлері. Анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келу міндеттемесі. Қызметтен уақытша босату. Ақша өндіріп алу. Мүлікке тыйым салу.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының түсінігі, мәні.
-
Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының түрлері.
-
Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының түсінігі, мәні.
Бақылау сұрақтары:
-
Қылмыстық процестегі мәжбүрлеу шараларының басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шаралаына айырмасы неде?
-
Қылмыстық процестің қандай қатысушыларына және қандай жағдайларда мәжбүрлеу шаралары қолданылады?
-
Бұлтартпау шараларын тағайындаған кезде қандай жағдайлар ескерілуі керек?
-
Бұлтарпау шараларын қолдану кезіндегі заңдылық және негізділік кепілдерін атаңыз.
-
Бұлтартпау шараларын тағайындау кезіндегі факультативтіліктің мәні неде?
-
Жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты ҚАК-мен тағайындалған айыппұл мөлшері?
-
Заң кәмелетке толмағандарға қатысты қандай бұлтартпау шараларын көздеген?
-
Сезіктіні ұстаудан айыпталушыны қамауға алудың айырмашылығы неде?
-
Қандай жағдайда үйде қамап ұстау тағайындалады?
-
Келуге міндеттің мәні неде?
Әдебиеттер [1,4,6,8,10,33,34,35,46,47]
ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ
14-тақырып Қылмыстық істі қозғау сатысы
Қылмыстық істі қозғау сатысының мазмұны. Қылмыстық істі қозғау – дербес саты ретінде. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы. Қылмыстық істі қозғау субъектілері. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері. Қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды дайындау және қарау міндеттілігі. Қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды қарау мерзімдері.
Қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды қарау нәтижесінде қабылданатын шешімдер.
Қылмыстық іс қозғау субъектілері. Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына прокурорлық қадағалау.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру: әдістері мен шегі. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау кезінде шығарылатын шешімдер. Қылмыстық істі қозғау тәртібі. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. Жеке айыптау және жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері. Қылмытық іс бойынша іс жүргізуді болдырғызбайтын мән жайлар. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы: нысаны мен мазмұны.
Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тергелу реті мен соттылығы бойынша жіберу. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық ізге түсу органдарының іс әрекеттері.
Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына прокурордың қадағалауы.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Қылмыстық істі қозғау сатыларының түсінігі, мәселелері, мәні және мағынасы.
-
Қылмыстық іс қозғауға себептер мен негіздер. Қылмыстық істі қозғауға мүдделі органдар және лауазымды адамдар.
-
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау міндеттілігі. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың міндеттілігі.
-
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар.
-
Қылмыстық істі қозғау кезіндегі қозғаудың іс жүргізу тәртібі және бас тарту тәртібі.
-
Прокурордың қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалау.
Бақылау сұрақтары:
-
Жасырын арыз қылмыстық істі қозғау үшін негіз бола алады ма?
-
Қылмыс туралы арыздарды және хабарламаларды мерзімдері және тіркеу тәртібі қандай?
-
Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды алдын ала тексерудің шектері және әдістері қандай?
-
Неге сот заңмен қылмыстық істі қозғауға мүдделі субъектілеріне жатқызылмаған?
-
Қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға шағымдану тәртібі қалай болады?
-
Прокурордың қылмыстық іс қозғаудығң заңды болуын қадағалауын мүдделерін атаңыз?
-
Жеке арыздар бойынша судьялардың қабылдайтын шешімдер түрін атаңыз?
Әдебиеттер [1,3,7,9,12,14,33,51,62]
15-тақырып Алдын-ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
Алдын-ала тергеудің түсінігі мен маңызы. Алдын-ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде.
Алдын-ала тергеудің түрлері. Анықтау мен алдын-ала тергеу, олардың қарым қатынастары.
Алдын-ала тергеудің түсінігі, мазмұны мен міндеттері.
Алдын-ала тергеу міндеттілігі. Тергелу ретінің түсінігі мен түрлері. Алдын-ала тергеу жүргізудің басталуы, аяқталуы мен орны. Алдын-ала тергеу мерзімі, оны ұзарту тәртібі. Прокурордың алдын ала тергеу барысыдағы өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұсқауларының міндеттілігі.
Алдын-ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері.
Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Алдын-ала тергеу кезінде шығарылатын қаулылар.
Алдын-ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының іс -әрекеті.
Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері. Алдын-ала тергеу кезінде шығарылатын қаулылар.
Алдын-ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының іс-әрекеті. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері. Алдын-ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар. Тергеу әрекеттерінің хаттамалары: мазмұны және оларды рәсімдеудің тәртіптері.
Қылмыстық іс жүргізудегі анықтаудың түсінігі, міндеттері мен түрлері.
Тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың түсінігі, оның қылмыстық іс жүргізу нысандары.
Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының қызметтері. Кідірілмейтін тергеу іс әрекеттерінің түсінігі, оларды анықтау органдары жүргізетін мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны анықтау бойынша жедел шараларын жүргізу барысындағы анықтау органдарының міндеттері.
Алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізудің тәртібі, жағдайы мен мерзімдері. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар.
Айыптау хаттамасына қойылатын талаптар. Айыптау хаттамасын жасау және оны істі сотқа жіберу үшін прокурорға бағыттау. Істер бойынша анықтау органының бастығы мен прокурордың қабылдайтын шешімдері. Жеделтілген анықтау істері бойынша алдын ала тергеуді жүргізу. Анықтаудың заңдылығы бойынша поолкурордың өкілеттіктері.
Анықтау мен алдын ала тергеудің мәліметтерін жария етпеу.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Алдын-ала тергеуді түсінігі, мағынасы, мәні және мәселелері
-
Алдын ала тергеудің жүйесі.
-
Алдын ала тергеудің түрлері.
-
Алдын ала тергеу-қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі.
-
Анықтау түсінігі және түрлері.Оның сипаттамасы.
-
Мәселелерді шешу.
Бақылау сұрақтары:
-
Алдын ала тергеудің басқа қылмыстық процесс деңгейлерімен байланысы қандай?
-
Тергеушінің іс жүргізу еркіндігі неде?
-
Тергеушінің іс жүргізу еркіндігінің, прокурордың іс жүргізу жетекшілігінің және тергеу бөліміні бастығының бақылауының өзара байланыстарына анализ?
-
Іс бойынша іс жүргізу мерзімдері?
-
Тергеушінің анықтау органымен байланысының түрлерін атаңыз?
16-тақырып Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
Айыптаушы ретінде жауапқа тарту: ұғымы, мазмұны мен маңызы. Айыпталушы ретінде тұлғаны жауапқа тартудың іс жүргізу тәртіптері. Тұлғаны айыпталушы ретінде тұлғаны жауапқа тарту туралы қаулы мазмұны мен нысаны. Дәлелдемелердің жеткіліктілігінің түсінігі.
Айыпталушыдан жауап алу. Айыпталушыны шақыру мен одан жауап алу тәртібі. Айыпталушының келу мінднттілігі. Айып тағудың іс жүргізу тәртібі. Айыпталушыдан жауап алудың пәні. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту: түсінігі, маңызы. Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі мен тәртібі: айыпталуышының келу міндеттілігі, айып тағу. Айыпты өзгерту мен толықтыру. Айып тағу бөлігінде қылмыстық ізге түсу қысқарту. Айыпталушының өз өркімен айғақ беру кепілдері. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы.
Бұрын тағылған айыпты өзгерту мен толықтырудың негізі мен тәртібі. Айып тағу бөлігінде қылмыстық ізге түсу қысқарту. Айыпталушының өз өркімен айғақ беру кепілдері. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы.
Бұрын тағылағн айыпты өзгерту мен толықтырудың негізі мен тәртібі. Айыптағу бөлігінде қылмыстық ізге түсуді қысқарту.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Айыпталушыны сотұа берудің мағынасы, мәні мақсаты.
-
Айыпталушыны сотқа беруде прокурорға рұқсат берілетін сұрақтар.
-
Айыпталушының сотқа беру кезінде прокурордың қабылдайтын шешімі. Істі сотқа жібергеннен кейінгі прокурордың әрекеті.
-
Соттылықтың түсінігі мәні. Соттылық түрлері.
-
Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесі.
-
Қазақстан Республикасындағы соттардың қызметі.
-
Соттылық туралы дауларды шешу.
Бақылау сұрақтары
-
Прокурор қандай мерзім аралығында сотқа беру туралы сұрақты шешу қажет.
-
Прокурордың сотқа беруі қылмыстық іс жүргізудің жеке сатысы болып табылады ма?
-
Айыпталушыны сотқа беру туралы қаулыда не көрсетілуі қажет?
-
Қылмыстық істің соттылығы кіммен және қалай белгіленеді.
-
Соттылықтың персоналдық белгісі, заң мен сот алдында барлығының теңдігі принціпіне негізделе ме?
-
Қандай жағдайларда бір соттап екінші сотқа беруге рұқсат етіледі.
-
Соттылыққа байланысты дауларды заң неге жоққа шығарады.
-
ҚР ҚІЖК 125б 2т қортындылаңыз.
Әдебиеттер [1,3,7,9,51,52,59,60,61,62]
17-тақырып Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеу іс-әрекеттері
Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі. Тергеу әрекеттерінің мазмұны мен құрылысы. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинаудың басты тәсілі ретінде.
Тергеу әрекеттерінің түрлері. Жауап алу. Жауап алуға шақыру тәртібі. Жауап алудың орны мен уақыты. Жауап алудың жалпы шарттары. Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері. Жауап алу хаттамасын рәсімдеуге қойылатын талаптар. Жауап алу кезінде дыбыс және видео жазбаларды қолдану.
Беттестіру: түсінігі, мақсаттары мен оны жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Беттестіруді іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.
Қарау: түсінігі, түрлері негіздері және жүргізудің іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Қарауды жүргізудің жалпы шарттары. Қарауға қатысатын тұлғалар. Заттай дәлелдемелерді қарау мен сақтау. Адамның мәйітін қарау. Қарау хаттамасы.
Эксгумация: түсінігі, негіздері және іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Эксгумацияны жүргізудің өнегелік негіздері. Эксгумацияны хаттамасы.
Куәландыру: түсінігі, түрлері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Куәландыруға маманның қатысуы. Куәландыру кезінде тұлғалардың құқықтарының кепілдіктері. Куәландыру хаттамасы.
Танытуға ұсыну: түсінігі, түрлері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Танытуға іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.
Тінту мен алу. Тінтудің алудан ерекшелігі. Тінту мен алуды жүргізудің негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Тінту мен алудың түрлері. Жеке тінту. Тінту мен алуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.
Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды қарау мен алу: негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың іс жүргізушілік жағдайы, оларды қарау мен алу.
Хабарларды жол жөнекей ұстау: негіздері, жағдайлары және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Маманның қатысуы. Хабарды жол жөнекей ұстауды іс жүргізушілік рәсімдеу.
Сөйлесулерді тыңдау мен жазу: негіздері, жағдайлары және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Сөйлесулерді тыңдау мен жазуды іс жүргізушілік рәсімдеу, сонымен бірге телефон және басқа да тыңдау құралдары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау мен жазу.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау: түсінігі, міндеттері, негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау хаттамасы.
Тергеу эксперименті: түсінігі, түрлері, міндеттері, негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Тергеу экспериментінің хаттамасы. Тергеу экспериментінің айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың айырмашылығы.
Сот сараптамасы: түсінігі, негіздері және оны тағайындау мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау. Сот сараптамасын жүргізуі тапсырылуы мүмкін тұлғалар. Сараптама түрлері: жеке сарапшының сраптаманы өзі жүргізуі, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сарптамалар.
Сараптама жүргізуі үшін тұлғаны медициналық мекемеге орналастыру. Сарапшыдан жауап алу. Сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға сарапшының қорытындысын ұсыну.
Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу: негіздері мен іс жүргізушілік тәртібі. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуға рұқсат берілетін тұлғалар. Тергеушінің, анықтаушының, сарапшының, дәрігердің және басқа да мамандардың сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу тәртіптері. Саравптамалық зерттеу үішн үлгілер алу кезінде тұлғалардың құқықтарын қорғау. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу.
Тақырыпты оқығанда мына сұрақтарға көңіл бөлу қажет:
-
Өндірістік тергеу түсінігі, түрлері және жалпы ережелері
-
Өндірістік тергеу әрекетіндегі НТС қолданылуы
-
Айыпталушы тұлғаның жауапкершілікке тартудың түсінігі, мәні және негізгі іс жүргізудің реті.
-
Айыптаушыдан жауап алу.
-
Айыптауға өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
-
Жауап алу. Өндірістік жауап алудың жалпы ережелері.
-
Беттестіру.
-
Өткізудің негізгі және іс жүргізу реті.
-
Есеп шығару.
Бақылау сұрақтары
-
«Тергеу әрекетіне» анықтама беріңіз және анализдеңіз.
-
«Тергеу әрекеті» және «жедел іздестіру әрекеті» түсініктерінің арақатынасы.
-
Айыпталушы тұлғаны жауаптылыққа тарту қандай әрекеттерінде құралады.
-
Айыпталушы ретінде тұлғаны жауаптылыққа тарту қаулыға заңмен қандай талаптар қойылады.
-
Айыпталушы қылмыс жасағанын дәлелдейтін дәлелдемелерді келтіру.
-
Тұлға айыпталушы ретіндегі «Негіздердің жеткеліктігі» деген сөзді қалай түсінуге болады.
-
Тұлғаны айыпталушы ретінде жауапкершілікке тартудың құқықтық салдары.
-
Жауап алу кезінде бейне және дыбыс жазбаларды жүргізу ретінде қолдану.
-
Жәбірленуші мен куәгерден жауап алудың айырмашылығы.
-
Жауап алуға шақыру мен кәмелетке толмағандар және жасөспірімдерден жауап алудың ерекшеліктері.
-
Айыпталушыдан жауап алудың ерекшеліктері
-
Жауап алу қаулысына қандай талап қойылады.
18-тақырып Алдын-ала тергеудің аяқталуы
Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. Айыптау қорытындысын жасаумен алдын ала тергеудің аяқталуы. Айыптау қорытындысын прокурорға бағытталған істер бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталуы туралы хабарлау. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және оның өкілдерін қылмыстық іс материалдарымен таныстыру.
Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалған өтініштерді қарау мен шешу.
Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны.
Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы. Айыптау қорытындысының мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыптаушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулымен байланысты.
Қылмыстық істі прокурорға жолдау.
Алдын-ала тергеуді аяқтау нысандары. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің іс материалдарымен танысуы.Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны. Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша іс-әрекеті. Айыпталушыны сотқа беру.
-
Алдын ала тергеуді тоқтатудың шарттары және түсінігі ,пәні, негізі.
-
Айыпталушыны іздестіру.
-
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ретін тоқтата тұру және қайта өндіру.
-
Алдын ала тергеуді бітірудің түсінігі және формасы.
-
Іс жүргізуге қатысушылардың іспен танысуының іс жүргізушулік реті.
-
Айыптау қортындысы. Оның мазмұны мен формасына қойылатын талаптар.
-
Қылмыстық істі прокуратураға жіберуі.
-
Есеп шығару.
Бақылау сұрақтары
-
Қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың жалпы және жеке шарттарын атаңыз.
-
Іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың іс жүргізушілік салдары қандай.
-
Айыптау ретіндегі адамда тану үшін тергеуші қандай әрекеттер қолданады.
-
Өндірістік істі тоқтата түру кезіндегі айыпталушыны іздеу хабарландыруының реті.
-
Іс бойынша анықтау өндірісін тоқтата тұру мүмкін бе, егер бұған алдын ала тергеу міндетті болса.
-
Егер тоқтатылған іс қандай жағдайларда қайта қозғалады.
-
Алдын ала тергеу өндірісі міндетті емес, анықтаушы істің аяқталуы мен алдын ала тергеудің аяқталуының айырмашылығы.
-
Айыпталушы мен оның қорғаушысының іспен танысу реті.
-
Қылмыстық іс тоқтатылған кездегі айыптаушы мен жәбірленушінің қандай құқықтыры болады.
-
Айыптау қортындысының мағынасы қандай? Айыптау қортындысын құрастыру тәсілдеріне қысқаша мінездеме беріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |