Әдістемелік құралдың міндеттері


Сілтеу есімдігінің тәуелденетін түрін көрсет



бет44/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
171289153944 (1)

36. Сілтеу есімдігінің тәуелденетін түрін көрсет
A) олар, менмін
B) кетер, оқыт
C) осы, мынау
D) ақшыл, боз

E) соған, маған
37. Өздік есімдігін көрсет
A) біреу, қайсібір
B) осы, мынау
C) өздері
D) мен, сен, ол

E) күллі
38. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөз
A) аппақ
B) биік-биік
C) шіңк-шіңк
D) әп-әдемі

E) алқа-салқа
39. Еліктеу сөзі бар сөйлемді тап
A) Ұлпан бүгін көңілді
B) Шыдай алмай далаға шығып кеттім
C) Көшеде біреу кетіп барады
D) Көлбең көлбең етеді

E) Қызық еді Аянның мінезі


40. Жалғау нешеге бөлінеді?
A) 2
B) 7
C) 9
D) 4

E) 3
41. Есімше тұлғасында тұрған сөзді тап
A) барды
B) барыпты
C) барған
D) бармау

E) барғалы жүр
42. Есептік сан есімді көрсет
A) оныншы
B) бес-алты
C) жиырма бес
D) елулерде

E) жиырма шақты
43. Сын есімнің жай шырай түрін көрсет
A) үлкендеу
B) әп-әдемі
C) қызғылт
D) ең әдемі

E) жақсы
44. Қазақ тілінде неше септік бар?
A) 7
B) 6
C) 5
D) 8

E) 4
45. Тәуелдік жалғаудың 3-ші жағы?
A) дәптерім
B) дәптері
C) дәптерің
D) дәптеріңіз

E) дәптеріміз
46. Үстеуді тап
A) жыбырла
B) қараңғы
C) бүгін
D) уһ

E) сарт-сұрт
47. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігі
A) осылардан
B) осылармен
C) осылардың
D) осыларға

E) осыларды
48. Туынды зат есім жасайтын қосымша
А) –рақ, -рек.
В) –лас, -лес.
С) –ы, -і.
D) –лау, -леу.
E) –шық, -шік.


49. Туынды зат есім
А) Салмақты.
В) Ақылды.
С) Мамандар.
D) Өнерлі.
E) Оқулық.


50. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді тап
А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Татулық- табылмас бақыт.
D) Ынтымақ түбі береке.
E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.

Дескриптор Білім алушы
- тест сұрақтарына жауап береді
ҚОРЫТЫНДЫ

Ұсынылған әдістемелік құралда орыс тілді орта мектептің 5-6 сынып оқушысына мемлекеттік тілді қатынас және таным құралы ретінде оқыту, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін таныту, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйрету, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгерту, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игерту мақсатында түрлі мәтіндер мен тапсырмалар жаттығулар жүйесі берілді.


Әдістемелік құралдағы мәтіндер мен тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттырып, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға, оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретуге, қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгертуге бағытталған.
Орыс тілді орта мектепте қазақ тілін оқытуда көмекші құрал ретінде пайдалану арқылы оқушыларға тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіріп, қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге төселдіреміз. Әдістемелік құралдағы жаттығуларды орындату арқылы тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгертуге, дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіруге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыруға, тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйретуге, шығармашылық дағдыларын дамытуға қол жеткіземіз.
Орыс тілді мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет- ғүрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру. Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жүмысты үтымды үйымдастыру. Мәтінмен жүмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жүмыстардың жиынтығынан қүралады. Олар:
1. дыбыстармен жұмыс
2. сөздіктермен жұмыс
3. сөздік қорларын жетілдіру
4. тіл дамыту
5. ережемен жұмыс
6. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мүғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мүғалімнің еңбегінің табысты болуыңың қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу-тәрбие жүмысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу-тәрбие ісінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - мүғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мүғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мүғалімнің негізгі алға қойған міндеті - шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет