Әдістемелік құралдың міндеттері



бет9/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
171289153944 (1)

Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- түсінгегін баяндайды


2.Мәтін мазмұнындағы мына сөздер мен сөйлемдерді орыс тіліне аудар:



Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен сөйлемдерді орыс тіліне аударады


3.Мәтіндегі терминдерді теріп жаз.


Дескриптор Білім алушы
- термин сөздерді теріп жазады


4.Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Тіл тазалығы дегеніміз не?
2. Ана тілін ұмытқан адам нені ұмытады?
3. Тілді сақтау үшін не керек?
4. Ұлт ұлт болып қалуы үшін не керек деп ойлайсыз?
5. Ана тіліміздің өткені мен болашағы жайлы не айта аласыз?
6. Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?
7. Қазақ тілі қашан дербес тілге айналды?
8. Қазақ халқы қандай жазу түрлерін қолданған?


Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- сұрақтарға толық жауап береді
5.Мына сөздердің синонимін табыңдар.
Қамқорлық, халық, туыстық, азамат, құрмет.


Дескриптор Білім алушы
- сөздерге синоним сөздердітабады


6.Көп нүктенің орнына септік жалғауларын тиісті орындарына қосып. Олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Тіл әрбір азамат... ана сүті... беріліп қалыптасады. Ана сүті... бой... енген қасиеттер туған тіл... арқасында дамиды. Туған тіл... деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кез... басталуы керек. Айналада адамдар..., өзіңнің өскен ортаңа, Отан... деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тілің... білуден басталады. Тіл – халық... рухани, мәдени байлығы... дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыз... рухани байлығы, ата... бала... , ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тіл... қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азамат... қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралар... бірі. Қазақ... біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілі... қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлт... тілінде сол ұлт... сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп туады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлт... мақтанышы. Әр азамат өзі.. ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.


Дескриптор Білім алушы
- септіктерді қайталайды
- септік жалғауларын орындарына жазады
- жасалу жолдарын түсіндіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет