Әдістемелік құралдың міндеттері


Төмендегі сөздерден «тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді табыңдар



бет10/45
Дата09.06.2024
өлшемі202.86 Kb.
#502468
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
171289153944 (1)

7.Төмендегі сөздерден «тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді табыңдар.
Даму, қазақ, дүние, өнер, мемлекеттік, ақылды, саяси, әдеби, бұқаралық, ащы, тәтті, ұлтаралық, халықаралық, дербес, ұлы, ғылым


Дескриптор Білім алушы
- «тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді табады


8.Берілген сұрақтарды топ болып талқылаңдар.
Ұлттың ұлт болып қалыптасуына не қажет деп ойлайсыз:
Жер бетінде тілін жоғалтқан ұлттар туралы не білесіз?
Өлі тілдерге қандай тілдер жатады?
Тілді сақтау үшін не керек деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- топқа бөлінеді
- сұрақтарды талқылап, жуап береді


9. Шағын мәтін бойынша жұмыс.
-мәтінді мәнерлеп оқыңыз
-мәтін бойынша жоспар құрыңыз
-мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз
-мәтін мазмұнын баяндаңыз
Бүгінгі күн өткен өмірден өткен тарихымыздан бастау алатындығын ескерсек, өткенімізге үнемі көз жүгірте отырып, біз болашағымыздың іргетасын сенімнен, қабырғасын үміттен, босағасын өткен тарих тағылымдамаларынан қалауымыз керек. Қазақ халқы елінің азаттығы үшін, кең байтақ жерінің бостандығы үшін, ұлтының, ұрпағының бодандық шырмауынан шығуы үшін қанды қырғынды көріп, отаршылдық ойранын бастан кешірді. Еліміз де, халқымыз да, жеріміз де тәуелді болып, мәртебесі биік елдердің қас-қабағына қарап «Мен қазақпын» деп айтуға болмайтын заманды да біздің халық басынан кешірді. Сонда да мойыған жоқ.
Халқының болашағынан, ұрпағының келешегінен үмітін үзген жоқ, келер ұрпағына қалдырар ең қадірлі де қастерлі мұрасы – қазақ тілінің қаймағын бұзбай өз қалпында жеткізу үшін тырысып бақты. Қаншама зобалаң күн халқының басына төніп тұрса да тілін, дінін, салтын өз қалпында сақтай білді. Ата-баба арманы орындалып, үміт ақталды, сенім жеңді.
Қазақ халқы азат, мемлекеті тәуелсіз. Қазақ өз жеріне өзі ие, қазақ тілі биікке көтерілді, көк байрағы көк аспан астында, еркін желбіреуде. Бұл ата-бабам аңсаған азаттық, армандаған тәуелсіздік. Аталардың асқаралы арманы – қазақ тілінің еркіндігі, қазақ тілінің шырқауы бүгінде біз қол жеткізген жетістік, біз көрген, біз қадірлейтін жеңіс, біз қастерлейтін ұлттық мақтаныш.
Ұлттың тұтастығы тілінің болашағында, тілдің болашағы сол ұлт өкілдерінің үлесіндегі жұмыс. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқын жоғалтпай қазақ қалпында бүгінге жеткізген ана тілі – қазақ тілі. Қазақ халқының мәңгілік мекені Қазақстан мемлекетін жасампаз мемлекетке айналдыру үшін ұлт тілі – қазақ тілін дәрежелеуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет