Қазіргі уақыттағы нақты мәндер 100
Жоспарлық мәндер
немесе
Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда қаншалықты өскенін немесе кемитінін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты мәніне бөлеміз және келесі схема арқылы есептейміз: Жоспарлық мәндер 100
Өткен уақыттағы нақты мәндер
Өсіңкілі қатысты шамалар құбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:
Қазіргі уақыттағы нақты мәндер 100
Өткен уақыттағы нақты мәндер
Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.
Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы, жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.
Үдемелік қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.
Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әртүрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 1995 жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1197,9 мың адам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни Алматы қаласының тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).
Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсету. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен байлықтың көлемі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |