Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.
Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр. Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенваль, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули өз үлестерін қосты.
«Статистика» деген сөздің өзін ғылымға 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы Готфрид Ахенваль /1719-1772/ енгізген. Г. Ахенваль бұл жаңа оқу пәні мемлекеттің саяси жағдайын, көрікті орындарын сипаттайтын мемлекетті тану ғылымдарының бір саласы деп есептеген.
XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.
Статистика –қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Статистиканың пәні - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, оның құрамы мен даму процесттерін, өзара байланыстарын, онда болатын сандық қарым-қатынас пен заңдылықтарды зерттейді.