Э.ғ. д., профессор Байдильдина А. М



бет9/30
Дата15.03.2024
өлшемі260.9 Kb.
#495683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
annotation153914

Статистикалық кесте дегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш. Бастауыш деп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі. Бастауыштың құрамына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар:
1.Тізімдік
2. Территориялық (аймақтық)
3. Хронологиялық
Тізімдік жай кесте бастауышта зерттелген объектінің тізімін көрсетеді. Кесте бастауышында аймақтың тізімі берілетін болса, аймақтық деп аталады, ал бастауышында уақыт мерзімі, баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, ол хронологиялық жай кесте деп аталады. Кесте бастауышындағы топталған белгілер негізінде құрылса, ол топтық кесте деп аталады. Құрама кестеде бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан да көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы бір белгілері бойынша бөліктерге бөлінеді. Кестенің жоғарғы жағында нақты аты жазылуы керек және бастауыш пен баяндауыш дұрыс толтырылуы керек


Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
1.Статистикалық топтау дегеніміз не?
2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?
3.Қайта топтау деген не?
4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?
5.Статистикалық кесте деген не?
6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?
5-дәріс. СТАТИСТИКАЛЫҚ НАҚТЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫ ШАМАЛАР СТАТИСТИКАДАҒЫ ГРАФИКТІК ӘДІС




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет