3. Бүкіл қоғамдық өмір-басқарушы партия негізге алып отырған бір ғана идеологиялық өктемдігінің ықпалында. Ол идеология бірден бір шыншыл және әділ деп танылады. Экономиаклық, әлеуметтік және рухани үрдістер осы идеологияға қатаң бағынып нұсқаған бағытын басшылыққа алады. Идеологияға өзгертушілік, төңкерістік сипат тән. Ол қоғамды мүлде жаңартып, жаңа типтегі адамды қалыптастырып, тәрбиелеуді негіздейді. Идеологияның мәнін көсем анықтайды, оған бас иіп қабылдау – жалпыға бірдей міндетті. Идеологияны таратып, дәріптейтін өте қуатты жүйе үздіксіз қызмет істейді; 4. Бүкіл ақпарат жүйесі билік иесі – партияның қолында. Басқаша ойлауға тиым салынған. “Біз және біздің жауларымыз” қағидаты (принципі) орныққан. Қоғамдық пікір аласталған.
Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:
Бұл аталған белгілер тоталитарлық режим үстемдік құрған барлық мемлекеттерге тән. Алайда олардың арасында өзіндік ерекшеліктер де бар. Сондықтан да тоталитарлық режимнің мынандай үш түрін даралап көрсетуге болады:
- Фашизм;
- Ұлттық социализм;
- Коммунистік тоталитаризм.
Фашизм – алғаш 1922 жылдан бастап Италияда орнықты. Оның алдыға қойған басты мақсаты Рим империясының құдіреті мен айбынын қайта жаңғырту болатын. Фашистік идеология халық рухын тазалап, қайта қалпына келтіруге, мәдени және этностық негізде ұжымдық біртектілік қалыптастыруға ұмтылды. Осыған байланысты мемлекет билігінің күш-қуатын барынша асқақтатып, үкіметке шектеусіз билік тұтқасын ұстатты. Фашистік тоталитаризм Испанияда генерал Франко билік жүргізіп тұрған кезеңде де әскери-фашистік режим ретінде көрініс берді. Ол мемлекет өмірінде шешуші роль атқарып отырған армияға сүйенді.
Ұлттық – социализм 1933 жылы Германияда бас көтерді. Тоталитаризмге тән белгілер мен қасиеттердің бәрін ұлттық социализм бойына сіңірген. Оның өзгешілігі мынада: ұлттық-социализм үшін тұғырнамасындағы басты нәрсе – ұлт, ұлттық және нәсілдік өшпенділік, ұлттық және нәсілдік артықшылық. Басты мақсаты – арий нәсілінің, герман (неміс) ұлтының дүние жүзіндегі үстемдігін орнату, басқа халықтар мен мемлекеттерді жаулап алып, өз ұлтының табанына салу.
Достарыңызбен бөлісу: |