Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис ���������������



Pdf көрінісі
бет10/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
40hadis

20
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
���������������
Үйленетін қалыңдықтың бойында
болуы тиіс сипаттар
Мағынасы:
Әбу Һұрайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Әйелдің төрт нәрсесіне қарап не-
келесу керек: мал-мүлкіне, тегіне, сұлулығына және діндарлығына. 
Сен мүмкіндігің барынша діндарды таңда» 
(Бұхари, Неке 15).
Хадиске түсініктеме:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) үйленетін жас жігіттерге әрдайым 
сыртқы сұлулықтан гөрі ішкі жан дүниенің сұлулығына қарауды 
өсиет еткен. Өйткені жанның сұлулығы ескірмейді, әрі нағыз 
сұлулықтың өзі болып есептеледі. Ал сыртқы келбет көп уақыт 
өтпей гүл секілді солып, өз кейпінен айырылады. Әдемілігі 
таңданарлықтай дәрежеде болса да, күндердің күнінде қараусыз 
халге келетіндіктен шынайы бақытқа жеткізе алмайды.
Хазіреті Пайғамбардың үйленетіндерге айтқан өсиеттерінің 
бірі: «Әйелдердің сұлулығына бола некелеспеңдер. Оның сұлулығы 
мінезінің өзгеруіне алып баруы мүмкін. Оларға дүние-мүлкіне бола 
үйленбеңдер, дүние-мүлік оларды азғындыққа соқтыруы мүмкін. 
Әйелдерге діндарлығы үшін үйленіңдер. Жыртық киімді қара әйел 
болса да діндар әйел әлдеқайда артық».
Әйел кісі де ер кісінің бойынан діндарлық сипатын іздеу ке-
рек. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда: «Сендерге діні мен мінезіне 
көңілдерің толарлық ер жігіт қыз сұрап келсе, оған қыздарыңды 
беріңдер. Егер бұлай істемесеңдер жер бетін жанжал жайлайды


21
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Сонда бір сахаба:
- Уа, Аллаһтың елшісі! Егер ол кедей әрі тексіз болса да ма? 
- деп сұрағанда Хазіреті Пайғамбар:
Сендерге діні мен мінезіне көңіл толарлық ер кісі қыздарыңды 
сұрап келсе, қыздарыңды беріңдер» деп үш рет қайталады.
Хадиша анамыз Хазіреті Пайғамбарымызбен жесір ре-
тінде тұрмыс құрса да оған дүние-мүлкімен жәрдем беріп,
Пайғамбардың өмірінде ұмытылмастай із қалдырған. Оған деген 
сүйіспеншілігінің күштілігі соншалық, тіпті онымен сөйлесуге 
рұқсат сұрап келген Хуайлидің қызы Халаның даусын естігенде, 
оның даусын бибі Хадишаның даусына ұқсатып қуанғанынан 
тұла бойын еріксіз діріл билеген екен.
Сонда Айша анамыз оның бұл әрекетін қызғанып, «оны неге 
мұншалықты төбеңе көтересің?» дегенде, Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у.) оның бұл сөзіне ашуланып, Хадиша жайлы «Мен оны өте 
жақсы көремін» деп Хадишаның жан дүниесінің сұлулығын жа-
дында сақтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет