18
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
де мұндай ауру жын қаққанда болады. Жындар жақсы көрген
адамдарын осындай ауруға ұшыратады. Сондай-ақ, адамдар
жындарды
көре алмағандықтан, олардың отырған жеріне кіші
дәрет сындырып немесе ыстық су төккендіктен,
оларды ашу-
ландырып осылай жазалайды. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар
(с.а.у.):
«Жылан, шаян, кесіртке сияқты жәндіктер жын тектес
жәндіктер. Кімде-кім осылардың біреуін үйінде көрсе оған үш
мәрте: бұл жерден дереу кет! десін. Егер оған кетпейтін болса
оны өлтірсін. Өйткені ол – шайтан» - деген.
Жоғарыдағы хадисте Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дұға сұраған
әйелге екі жол ұсынған. Егер қаласаң, сабыр ет немесе шипаны
қала деп ерік берген. Дәл осындай жайт көзі көрмейтін адам
жайлы да болған.
Имам Биргиуи «Тариқатул Мухаммадия» атты еңбегінде
осы жайтқа байланысты мынадай баға берген:
Адамға кесірін
тигізетін нәрселерден құтылудың үш жолы бар:
1. Нақты: аштық пен шөлдегеннен нан мен су арқылы
құтылуға болады.
2. Нақты емес (мүмкін): қан алдыру,
ыстықты суықпен,
суықты ыстықпен емдеу және жазылармын деген үмітпен дәрі
қолдану.
3. Қиялдау арқылы: от жағып, түтін түтетіп ыстау арқылы
емдеу.
Осылардың ішіндегі нақтыны
мойындамау тәуекел ет-
кенге жатпайды. Тіпті харам болып есептеледі. Ал қиялдау
жолын мойындамау тәуекел етудің шартына кіреді. Өйткені
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.)
қиял жолы арқылы емделуді
мойындамағандарды тәуекелге жатқызған. Жазылармын де-
ген ниетпен орындалатын екінші жолға келер болсақ, мұны
«медициналық жолмен емделу» десек те болады. Мұны қолдану
тәуекелге ешқандай кедергі келтірмейді әрі мұны қолданбаудың
ешқандай әбестігі жоқ. Бұл деген сөз барлық нәрсені жаратқан
және қиындықтарды жеңілдеткен Аллаһ Тағала екенін ұмытпау.
19
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Яғни, мұндай қиындықтарға душар болған кезде Аллаһ Тағалаға
тәуекел ету әрине орынды. Бірақ шыдамдылықпен сабыр еткен
мұсылман аурудың дертін тек Аллаһ Тағаладан тілесе, сөзсіз, ол
сауапты іс. Егер бұлай болмаса Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) ол
әйелге сабыр ет деп айтпас еді.
Қорыта айтар болсақ, дәрігерлер мен дәрінің ауруға шипа бе-
руі нақты себеп бола алмайды. Ал сабыр етіп, дәрі қолданбаған
жағдайда мұсылман күнәһар болмайды.
Бірақ дәрігер мен
дәрінің себепші екенін біле отырып, шипа беруші Аллаһ Тағала
деп ойлағаннан кейін дәрі ішу тәуекелге кедергі болмайды.
Өйткені Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Аллаһ Тағала берген әрбір
дертінің шипасын да береді» - деген. Сондай-ақ емделудің де
бірнеше жолын көрсеткен. Оның өзінің де кейде дәрі-дәрмек
ішкен кездері болған. Кейбір
хадис кітаптарында медицина
жайлы бөлімнің орын алуы бұған айқын дәлел бола алады.
Бірақ, сонда да хабашилік әйел секілді шешім қабылдау – үлкен
ерлік. Мұндай іске бел буу екінің бірінің қолынан келе бермей-
тіндігі тағы бір шындық. Өйткені басқа түскен бәлекетке сабыр
ету әркімнің қабілеті мен түсінігіне қарай өзгереді. Жаратушы
Аллаһ Тағала басқа түскен ауыр іске сабыр сақтаған адамның
дәрежесін көтеретінін ұмытпаған жөн.
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.):
«Аллаһтан денсаулық
сұраңдар» дегеніндей Аллаһ Тағаладан үнемі екі дүниенің
амандығын сұрауымыз керек.