27
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Ал кімде-кім дүниенің байлығын тәрк етсе, сонда ғана шынайы
ұялуға қол жеткізеді» -
деген
(Тирмизи, Қиямет 24).
Хадиске түсініктеме:
Әлемдегі қаншама жаратылыстардың ішіндегі ең кұрметтісі,
әрі Аллаһ Тағаланың алдында да ерекше мәртебеге ие болаты-
ны адам баласы. Сондықтан ол дүниедегі ең бағалы қазынаға ие
болуға тиісті. Ал өз бағасын білмей, мақсат-мүддесінен айырылған
жандар қаншама! Оларға нендей өкініш!
Барлық нәрсенің жақсысы әрі өте жақсысы бар. Мүминдер
иман тұрғысынан бірдей дәрежеде емес.
Сондықтан шынайы
иман келтіргендер үшін Аллаһ Тағала былай дейді:
«Міне, со-
лар шынайы мүминдер. Олар үшін Раббыларының қасында да
дәрежелер мен жарылқау әрі көркем несібе бар»
(Әнфәл сүресі 4-
аят).
Иман тұрғысынан әр түрлі дәрежедегі мүминдер, ұят
жағынан да әр түрлі болары сөзсіз. Жалпы мағынадағы ұят пен
шынайы ұяттың арасында айырмашылық бар екенін Хазіреті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былайша білдірген: «Шынайы ұяттың
ерекшеліктері – тәннің барлық мүшесін арам нәрседен сақтау әрі
өлімнен кейінгі өмірді де қоса ойлау.
Осыған қосымша ретінде
дүниенің алдамшы жылтырағына алданбау керектігін де айтып
өткен. Кімде-кім осы жайттарға мән берсе, шынайы ұятқа қол жет-
кізетіндігін баяндаған. Яғни, бұл хадистен мүминдерді шынайы
ұятқа шақырғандығын айқын көруге болады.
Хадисте айтылған
дүниенің байлығын сөз етудегі мақсат, мүмин пенде Аллаһтың
алдында кішіпейіл болып, дүниенің өткінші сәніне бой алдырып
тәкаппарланбау. Мұны таза, әрі жаңа киім киюден тартыну деп
түсінбеу керек. Мүмин кісіге қалтасына, жағдайына, әрі қоғамдағы
дәрежесіне қарай киім киюіне рұқсат берілген. Үлде мен бүлдеге
орануға күші жете тұра сәнді киім киіп-кимеу адамның өз еркінде.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Кімде-кім шамасы жете тұра
әдемі киінуді Аллаһ үшін тәрк етсе, Аллаһ Тағала оған қиямет
күнінде жұмақтағы қалаған киімін береді» деген.
28
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Дүниенің өткінші байлығына алданбау керектігі жай-
лы көптеген хадистер бар. Солардың бірі Сахыл бин Сад әс-
Сайдтың риуаят еткен хадисінде: Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.)
бір кісі келіп былай деді:
Уа, Алаһтың Елшісі! Сен маған жақсы нәрсе айт, оны істеп
Аллаһ пен адамдардың сүйіспеншілігіне бөленетін болайын.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған:
«Дүниеге салынбасаң, Аллаһ
Тағала сені жақсы көреді. Ал, адамдардың байлығына көз тікпесең
адамдар да сені жақсы көретін болады» деді.
Бұл хадистен мынадай нәтиже шығаруға болады:
1. Жүрегіміздегі дүниеге деген құмарлығымызды тоқтатпай-
ынша шынайы мүмин бола алмаймыз.
2. Бүкіл игі нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Тіл Аллаһ Тағаланы зікір ету үшін берілген. Аллаһ Тағаланы
мадақтап, ұлықтайтын сөздерді айтқан сайын жүрегімізде иләһи
нұр күшейе түседі. Ал
бос сөздер айтып, қылжақтау жүректің
нұрын сөндіреді. Жүректен нұр кетер болса, өмірдің мәні кетіп,
сәнінен айырылады. Хазіреті Омар (р.а.): «Кімде-кім көп сөйлер
болса, көп қателеседі. Көп қателесу күнәнің көбеюіне себеп бо-
лады. Ал күнәһар адамның барар жері тозақ қана» деді.
Фудайыл бин Иад былай дейді: «Бес нәрсе бетпақтықтың
белгісін білдіреді: жүректің қатаюы, көзден жас шықпау, ұяттың
аздығы, дүниеге ынтық болу, шексіз қиялдану».
Хазіреті Сафия (р.а.) анамыз былай дейді: Бір әйел Айшаға
келіп жүрегінің қатайғандығын айтып шағымданды.
Айша оған: «Өлімді көп ойласаң жүрегің жұмсарады»
деп өсиет айтты. Ол әйел оның айтқанын орындап жүректің
қатайғанынан арылды. Сөйтіп, Хазіреті Айшаға келіп алғысын
білдірді. Жоғарыдағы айтқан хадистен мынадай пайдалы кеңес
алуымызға болады.
1. Хадис мұсылмандарды ұятты болуға шақырады.
2. Ақыл мен нәпсіні әр түрлі
арам нәрселерден сақтауға
үйретеді.
3. Өлімді көп ойлап, дүниеге ынтық болмауға шақырады.
29
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Зүһд – дүниенің жылтыраған өткінші қызығына алданбай,
қажетті мөлшерде ғана алу дегенді білдіреді.
Шынайы тақуалық – ар-ұятта.
Достарыңызбен бөлісу: