33
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
тұңғиыққа түсіретен де оның қалауы мен еркіндігі. Сондықтан
нағыз адам болу үшін сөзіміз бен іс-әрекетімізді Құран мен
Сүннетке лайықты етуіміз шарт.
Адам өмірінде тілдің рөлі
ерекше. Адамды уәзір ететін де әрі қарабет қылатын да осы тіл.
Дана халқымыздың «Басқа бәле тілден» деген сөзі осыдан қалса
керек. Мысалыға, бір сөздің өзі адамның жұмаққа кіруіне неме-
се тозаққа кіруіне себепші бола алады.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Адам кейде бір сөзді айтып оған
мән бермей немқұрайлы қарайды да 70 жыл тозақта болады.
Сондай-ақ, немқұрайлы қараған бір сөзі үшін жәннатқа бара-
ды».
Тағы бір хадисінде:
«Адам әрбір естігенін айтар болса, оған
күнә ретінде жеткілікті болады» - дейді.
Сахаба Муаз бин Жәбәл: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Сөйлеген
сөзіміздің барлығына жауап береміз бе?»
- дегенде, Хазіре-
ті Пайғамбар (с.а.у.):
«Адамдардың мұрындарымен сыдырлып
тозақта азаптануларының басты себебі, осы тілдің кесірі» -
деп жауап берген. Адамдар айтқан сөздерінің себебімен тозақта
мәңгі қалуы мүмкін. Оны мәңгілік тозаққа түсіретін
нәрсе
күпірлік сөз. Күпірлік сөз үш топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: