30
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
2. Аллаһтың саған берген нәрселеріне разы бол, адамдардың
ішіндегі (көңіл түрғысынан) байы боласың.
З. Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мұсылман боласың.
4. Өзіңнің жақсы көрген нәрселеріңді өзге адамдар үшін де
жақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың.
5. Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді, қатайтады
.
(Тирмизи, Зүһд 2)
Хадиске түсініктеме:
Адамзат баласы Аллаһты танып Оған құлшылық ету үшін
жаратылған. Адам жаратылысы өзге жаратылыстарға мүлде
ұқсамайды. Сондықтан адамның дүниедегі мақсаты да өзгеше
болуы тиіс. Яғни, адам періште, жан-жануар және өсімдік секілді
т.б. жаратылыстың бірі. Бірақ періште секілді нұрдан жаратыл-
мады, әрі жануар секілді ақылсыз еместігі тағы бар. Адам үшін
өмір күрестен тұрады. Адам жоғарыға баспалдақпен көтеріледі.
Өмірде сол баспалдақпен көтеріліп, ұшар шыңына шығатындар
да бар. Бірақ, баспалдаққа аяқ баспай, сол қалпында тұратындар
да кездеседі. Оны ұшар шыңға көтеретін Аллаһтың әміріне
мойынсұнғандығы болса, оны бейшаралық халге түсіретін
жағдай жаратушысына құлақ аспағандығы болып саналады.
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Сендердің ауруларың мен
емдеріңді айтайын ба?» - деді. Сахабалар «иә», - десті. Сонда
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.):
«Мұқият болыңдар! Сендердің
ауруларың күнә істеуден болады. Ал, жазылатын емдерің Ұлы
Жаратушыдан кешірім сұрап, жалбарынуларың» - деді. Хазіре-
ті Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Һұрайраның қолынан ұстап бес
түрлі үгіт айту арқылы үмбетіне бес нәрсені үйретіп отыр:
1. Арам нәрселерден сақтан!
Адамдардың ішінде ең көп
құлшылық ететіндердің бірі боласың. Ал адамдар арасында
көп құлшылық ететіндердің қатарынан орын алу үшін Аллаһ
Тағаланың тыйым салған нәрселерінен бойын аулақ ұстауы
керек. Өйткені, арам нәрселерден
арылғанда амал дәптерге
қайырлы әрі сауапты істер жазылады. Осылайша жұмаққа қарай
жол басталады.
31
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
2. Аллаһтың саған берген нәрселеріне разы бол, адам-
дардың ішіндегі (көңіл тұрғысынан) ең байы боласың.
Мұндағы айтылған байлық мал-мүлік жағынан емес. Хазіреті
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір хадисінде:
«Байлық малдың
көптігімен өлшенбейді. Нағыз байлық қөңілдің байлығы» - деген.
Адам өз қолындағы мүлікке разы болып, өзгенің байлығына көз
тікпеу керек. Олар сияқты бай болу өте оңай.
Қанағат қарын
тойғызар демекші, қолыңдағыға қанағат етсең жетіп жатыр.
Қанша жесе де тоймайтын ол жануарлар ғана. Сондықтан бары-
на шүкір еткен адамнан артық бай адам жоқ. Әрбір мұсылман
әйел, күйеуінің алған (үйіндегі) бұйымы мен киім-кешегіне
разы болып, байлыққа тоймайтын қанағатсыз адамның сөзін
айтып шаңырақтың шырқын бұзбауы керек.
Бұл тұрғыда
мұсылмандар мына хадисті қағида ретінде ұстануы қажет:
«Кұлшылық жөнінен өзіңнен жоғарыдағыларға, ал байлық
жөнінен өзіңнен төмендегілерге қара».
3. Көршіңе жақсылық жаса, нағыз мұсылман боласың. Ислам
діні қөршімен қалай қарым-қатынас
жасау керектігін егжей-
тегжейлі білдірген. Мұны Пайғамбарымыздың мына хадисінен
ұғамыз:
«Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтір-
се, көршісімен жақсы қарым-қатынаста болсын». Сондықтан
мұсылман отбасылары осы жайтқа ерекше мән бергені жөн.
Сондай-ақ батыстың жағымсыз қылықтары жайлап алған мына
заманда салт-дәстүрімізге көңіл
бөлудің маңыздылығы да өте
зор.
4. Өзіңнің жақсы көрген нәрсеңді өзге адамдар үшін де
жақсы көрер болсаң шынайы мұсылман боласың. Әбу Дәуіттің
«Сунан» атты хадис кітабында былай делінген: «Қандай да бір
мұсылман Хазіреті Пайғамбардың мына төрт хадисімен амал
ететін болса оған жеткілікті болады:
1) Әрбір амал тек қана ниетке байланысты (
Бұхари, Бәдул-Уаһи
1: Мүслим. Ишара 155).
2) Адамның бос нәрселермен шұғылданбауы оның мұсылман
екенін білдіреді
(Тирмизи, зуһд II).
32
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
3) Адал да арам да белгілі. Олардың арасында күмәнді
нәрселер бар
(Бұхари, Иман 39: Мүслим, Мишкат 127).
4) Кімде-кім өзінің жақсы көрген нәрсесін өзге мұсылмандар
үшін де жақсы көрмесе толық иман келтірген болып саналмайды
(Бұхари, Иман 7: Мүслим, Иман 71-75).
5. Көп күлме. Шектен тыс күлу жүректі өлтіреді, қатайтады.
Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) Әбу Һұрайраға үйреткен ха-
дисі барша мұсылмандарға тән. Мұны әрбір мұсылман ер-әйел
өз бойына сіңіріп, күнделікті тұрмысында қолдануы тиіс. Сон-
дай-ақ осы хадис мұсылманның өмірлік принципінің қатарына
жатады. Аллаһ Тағала осы хадиспен амал жасауды баршамызға
нәсіп етсін. (Әмин!)
Достарыңызбен бөлісу: