Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Әйелдер тұрғысында 40 хадис Хадиске түсініктеме



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
40hadis

47
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
Хадиске түсініктеме:
Әйелдің шаш жалғауы жайлы әр түрлі көзқарастар айтылған. 
Сондықтан ғалымдар бұл мәселеге тартысып келген. Имам 
Малик пен көптеген ғалымдар шаш жалғауға қарсы болған. 
Ал Ханафи мен Шафидің көзқарасы бойынша әйел күйеуінің 
рұқсатымен шаш жалғауына болады деген. Шаш жалғаудың 
арам болуының себебі, жаман әйелдерге ұқсағандығы үшін 
әрі Аллаһтың жаратқан пішініне өзгеріс енгізгені үшін. Әйел 
күйеуіне әдемі көріну мақсатымен қыл жұлса оның ешқандай 
әбестігі жоқ. Өйткені Хазіреті Айшадан бұл жайлы сұралғанда 
былай жауап берген: «Туылғаннан бар қылды жұлуға болмай-
ды. Кейіннен шыққан қылды жұлуға болады. Бірақ күйеуіне 
әдемі көріну мақсатымен жұлынған қылдың ешқандай әбестігі 
жоқ». Мұсылманның Аллаһ Тағаланың жаратқан пішінін 
ұнатпай өзгертуі арам болып есептеледі. Мұсылман еместерге 
ұқсауы да дәл солай. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Яһуди мен 
Христиандарға ұқсамаңдар», деп үмбетін оларға ұқсауына тый-
ым салған. Бұл жайттың өте маңызды екенін мына төмендегі ха-
дистерден аңғаруымызға болады: «Кімде-кім бір қауымға ұқсаса 
ол солардан болып есептеледі. Бізден еместерге ұқсағандар әлде 
ұқсағысы келгендер бізден емес». Мұсылман, иманның берген 
байлығын өз бойында сақтап, қорғай білуі қажет. Мұсылман өзге 
адамдардан абзал. Яғни, мұсылманның орны ерекше. Сондықтан 
өзінен дәрежесі төмендерге еліктеп, оларға қызығуға жол бер-
меуі керек. Егер де ол мұсылман бола тұра өзгелерге еліктеп
қызығушылық танытар болса, Ислами тұлғалық (мұсылманша) 
қасиетінен айырылады. Өйткені, әлжуаз әрі тұлғалық қасиеті 
нашар адамдар ғана еліктеуге бейім келеді. Ислами тұлғасын 
толық қалыптастырғандар өмірдегі кез-келген қиыншылыққа 
мойымай, төтеп бере алады. Өзгелердің сыны мен мазағына бой 
алдырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет