Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет35/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
40hadis

Хадиске түсініктеме:
Мұсылман болып өлген әйелдердің жұмаққа кіріп, мұсылман 
болып өлген күйеулерімен бірге болатыны біздерге хадистер 
арқылы жеткен. Сондай-ақ мұсылман ерлерге хурилер беріле-
тіндігі тағы бар. Өлім немесе ажырасудың себебімен бірнеше рет 
тұрмысқа шыққан әйелдің қайсы күйеуімен бірге болатындығы 
бізге беймәлім. Бірақ білгіміз келетін жайт. Бұл жайлы екі түрлі 
дерек бар:
1. Жоғарыдағы хадисте айтылғандай ол соңғы күйеуімен бірге 
болады делінген.
2. Үммү Хабибәнің риуаят еткен хадисінде, әдепті, мінезі та-
маша күйеуімен болады делінген.
Ибн Хажар әл-Хайтами «Әл-Фәтуа хадисі» атты кітабында 
осы екі түрлі хадисті былайша байланыстырады: өлім немесе 
ажырасудың себебімен әйел адам ешкіммен некелеспеген кезін-
де дүние салар болса әдепті күйеуімен бірге болады. Некелескен 
күйеуімен бірге тұрғанда дүние салар болса, ондай жағдайда соңғы 
некелескен күйеуімен бірге болады. Байһақи былай дейді: «Міне 
сондықтан да мұсылмандарға Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) ха-


66
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
нымдарымен үйлену арам болған. Өйткені, олар жұмақта да Ха-
зіреті Пайғамбардың (с.а.у.) ханымы болады».
������������������
Қиыншылықтан құтылудың жолы
Мағынасы:
Абдуллаһ бин Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті 
Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім үнемі кешірім сұрар 
болса, Аллаһ Тағала оған әрбір қиыншылықтан құтылатын жол 
әрі әр түрлі қайғы-мұңнан құтылатын жақсылық нәсіп етеді» 
(Әбу Дәуіт, Уитр; ибн Мәжә, Әдеп 37).
Хадиске түсініктеме:
Бұл дүние мұсылман үшін сыналатын жер болып есептеледі. 
Әрбір мұсылман міндетті түрде қиыншылықтармен қоса сына-
лады. Бұл жайлы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Дүниенің қызыққа 
толы екендігі күмәнсіз. Аллаһ адам баласын жер бетінде халифа 
болсын деп жаратқан. Ол сендердің не істейтіндеріңе қарайды. 
Олай болса дүниеде сақтанып жүріңдер...» деген. Ал Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет