Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
40hadis

«Олармен жақсы қатынас-
та болыңдар», - деп бұйырылған 
(Ниса сүресі 19-аят)
. Егер әйел, ана 
дәрежесіне жетсе, Ислам жәннатты оның аяғының астында деп 
түсіндіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Жәннат – аналарыңның 
аяқтарының астында», - дейді. Яғни Ислам діні әйелдің барша 
қажеттіліктерін түгелдей қамтамасыз етеді, ал оған қамқор болу-
ды күйеуіне жүктеген. Сондықтан күйеуі әйелінің материалдық 
һәм рухани қажеттіліктеріне шариғаттың шеңберіне сай деңгейде 
көңіл бөлуі қажет. Ислам әйелге қалыңдық сыйын (мәһір) ием-
дену құқығын, мұрагерліктен өз үлесін алу құқығын, сауда-
саттықпен айналысу құқығын, келісімшарттарға отыру құқығын, 
меншік иесі болу құқығын берді. Ал күйеуі әйелінің қамқоршысы 
болғандықтан, оның білімінің, ақыл-ойының, құлшылығының, 
жүріс-тұрысының, туған-туыстарымен қатынасының, мінез-
құлығының, көрші әйелдермен араласуының Ислам тәлімдеріне 
сай болуын қадағалауға толық құқылы.
Әйелдің міндеттері
1. Әйел адам шариғат алдындағы міндеттерін өтеуі қажет.
2. Күйеуіне бағынуға міндетті. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Егер 
маған бір адамның екінші бір адамға сәжде етуін бұйыруыма 
рұқсат берілген болса, сөзсіз әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар 
едім», - деген 
(Тирмизи)
.
3. Әйел адам үй-іші мен оның аясында өсіп жатқан 
балаларының дұрыс тәрбиесі үшін жауапты. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) «… әйел  күйеуінің үйі мен баласына қамқоршы…», - деп 
ескерткен.


82
Әйел әдебі
Әйелдің өзіне ғана тән қызметі
Аллаһ Тағала әйелді жұбай әрі ана болатындай табиғатпен 
жаратты. Оның бойына сағыныш пен мейірім сезімдерін 
ұялатты. Оған бала тәрбиелеу қабілетін сыйлады. Әйелдің не-
гізгі қызметі – күйеуі үшін оның көзінің қарашығындай асыл 
жұбай болу, ал балаларына мейірімді ана болып, оларға жақсы 
тәлім-тәрбие беру. Негізінде, бала тәрбиесі көшеде немесе бала-
бақшаларда емес, тәрбие отбасы, ошақ қасында жүзеге асуы тиіс. 
Бұл маңызды қызметке ана өз бойындағының бәрін жұмсамаса 
болмайды. Ислам діні бұл үшін әйелге бүкіл мүмкіндікті бер-
ді. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табуды оның мойны-
нан алып, түгелімен күйеуіне жүктеді. Сондықтан аса қажетті 
жағдай болмаса, әйел адамның үйден тыс жерде еңбек етіп, өзі 
мен балалары үшін қаржы табу жолында шаршап-шалдығуға 
міндетті емес. Ислам оны бұл міндеттен толығымен босатқан. 
Сонымен бірге Ислам әйелді өзінің негізгі қызметіне берілуі 
үшін ер адамға жүктеген міндеттердің көбісінен босатты. Ислам 
әйел затын үйдің аясына ғана тән болуын қалады. Үйден тек не-
гізгі қызметіне байланысты қажеттіліктер үшін ғана шығуына 
рұқсат етті. Бұл кейбір білместердің ойлағанындай әйелді кем-
сіту емес. Керісінше, оның ар-намысы мен абыройын сақтау 
үшін қажет. Әйел – үйіне тіршілік беретін рух болып санала-
ды. Күйеуі жұмысынан үйіне кірген кезде жаны жай табады. 
Ол балаларына әкелерін шығарып саларда және қарсы аларда 
айтатын көркем сөздерді үйретеді. Үй шаруасымен және бала 
тәрбиесімен шұғылданады. Аллаһ Тағала Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет