66
Әйелдер тұрғысында 40 хадис
нымдарымен үйлену арам болған. Өйткені, олар жұмақта да Ха-
зіреті Пайғамбардың (с.а.у.) ханымы болады».
������������������
Қиыншылықтан құтылудың жолы
Мағынасы:
Абдуллаһ бин Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадисте Хазіреті
Пайғамбар (с.а.у.) былай деген:
«Кімде-кім үнемі кешірім сұрар
болса, Аллаһ Тағала оған әрбір қиыншылықтан құтылатын жол
әрі әр түрлі қайғы-мұңнан құтылатын жақсылық нәсіп етеді»
(Әбу Дәуіт, Уитр;
ибн Мәжә, Әдеп 37).
Хадиске түсініктеме:
Бұл дүние мұсылман үшін сыналатын жер болып есептеледі.
Әрбір мұсылман міндетті түрде қиыншылықтармен қоса сына-
лады. Бұл жайлы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.):
«Дүниенің қызыққа
толы екендігі күмәнсіз. Аллаһ адам баласын жер бетінде халифа
болсын деп жаратқан. Ол сендердің не істейтіндеріңе қарайды.
Олай болса дүниеде сақтанып жүріңдер...» деген. Ал Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: