83
Әйел әдебі
көзіне денесінің көркін көрсетпейді.
Ар-намысы мен абырой-
ын сақтайды. Осылайша, қоғамдағы
әйел құмарлық дертінің
жойылуына өз үлесін қосады. Санасы әйел тәнінің көркімен
уланған еркектер немесе ашық-шашық жүргенді өзіне әдемі деп
санаған әйелдер мұсылман әйелдерін
артта қалған деп санай-
ды. Бірақ, оның жүрегі иман нұрымен толып, Аллаһтан келген
жолдауға мойынсұнып, өзінің ар-намысы мен абыройын қорғап
жүргендігінен бейхабар.
Әйел этикасы
Қоғамның жамандықтардан таза, қауіпсіз болуы үшін әйел
этикасы аса маңызды рөл атқарады. Ол шайтанның құрған
тұзағынан әлдеқайда алыс. Әрі еркектердің әйелқұмарлық
дерттерінен айығуы үшін Ислам әйелге тән этика нормаларын
белгілеген. Олар:
1. Әйелдің үстіне киген киімі
шариғаттың белгілеген та-
лаптарына сай болуы керек. Яғни, киімінде азғыру,
өзгені ар-
бау, нышанының ықпалы болмау қажет. Ол денесінің көркін
күйеуінен басқаға жасыруы тиіс. Денесін жұртшылық назары-
на ұсынбайды. Ахзаб сүресінің 59-аятында АллаҺ Тағала былай
деп бұйырады:
«Әй, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа
және мүмін әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін оран-
сын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кемсітілмеулері-
не жақынырақ. Аллаһ Тағала аса жарылқаушы, тым мейірім-
ді». Яғни, жабық жүру әйелдерге парыз екендігі айтылуда.
2. Еркектерді еліктіретіндей
ашық-шашық жалаңаштанып
жүруіне болмайды. Сондай-ақ, сөзінде де
арбау мен қылымсу
болмауы тиіс. Аллаһ Тағала Құранда Пайғамбар әйелдеріне:
Достарыңызбен бөлісу: