Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


айт (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын! Әрі ұятты жерле-



Pdf көрінісі
бет46/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
40hadis

айт (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын! Әрі ұятты жерле-
рін (зинадан) қорғасын. Ішкі көріктерін (сырға, алқа т.с.с. 
тағылатын жерлерін)
 көрсетпесін. Бірақ өздігінен көрінгендері 
басқа (беті, қолы). Сондай-ақ (шаштары мен мойындарын 
және омырауларын жабатындай етіп)
бүркеншіктерін (яғни 
орамалдарын)
омырауларына түсірсін! Көріктерін (шашта-
ры мен мойнын)
көрсетпесін. Тек күйеулерінен, әкелерінен, 
күйеулерінің әкелерінен, ұлдарынан, күйеулерінің (өзге 


85
Әйел әдебі
әйелден туған)
 ұлдарынан, туған бауырларынан, аға-інілерінің 
ұлдарынан, әпке-сіңлілерінің ұлдарынан, (діндес) әйелдерден, 
қол астындағы қызметші күңдерден, әйелдерге әуесі жоқ 
қызметші еркектер мен әйелдердің әурет жерлерінің әлі не еке-
нін білмейтін балалардан (осы айтылғандар тыс) басқалардың 
алдында ашық-шашық жүрмесін!» 
(Нұр сүресі 31-аят).
2. Кіндіктен тізеге дейін, қарын мен арқа және көкірек тұсы 
әйелдің үйленуге болмайтын туыстары үшін де әурет жер бо-
лып саналады. Дінімізде әйелдің тұрмысқа шығуына болмай-
тын еркектерге «махрам» делінеді. Әйел кісі махрамының ал-
дында бүткіл денесін жауып жүруі шарт емес. Алайда, шариғат 
бойынша, қарнын, көкірегін, арқасын, кіндік пен тізелерінің 
арасын күйеуінен басқаларға (тіпті әкесі, ұлы, аға-інісі болса 
да) көрсетуіне тыйым салынған. 
Әйелдің махрамдарын мынадай үш топта қарастыруға бола-
ды:
1) Қандық туыстары. Олар:
а. Әкесі,
ә. Атасы,
б. Туған аға-інілері,
в. Әкесінің аға-інілері,
г. Анасының аға-інілері,
ғ. Аға-інілерінің ұлдары,
д. Әпке-сіңлілерінің ұлдары,
е. Өзінің ұлдары,
ж. Немере ұлдары.
2) Сүт туыстары: 
Қандай да бір себеппен өзге әйелдің сүтін емген қыз бала сол 
әйелдің туған қызы дәрежесінде болып есептеледі. Сондай-ақ, 
ол әйел де қыздың сүт анасы болып саналады. Сондықтан, сүт 
анасының еркек жақындары оған қан туысқандары сияқты мах-
рам болады.
Олар:


86
Әйел әдебі
а. Сүт анасының күйеуі, 
ә. Сүт анасының ұлдары,
б. Сүт анасының аға-інілері,
в. Сүт бауырлары, яғни сүт анасы емізген бөтен кісілердің 
ұлдары.
3) Күйеуі жағынан болған туыстары: 
а. Күйеуінің әкесі, 
ә. Күйеуінің атасы, 
б. Күйеуінің өзге әйелінен болған ұлдары. 
3. Кіндік пен тізе арасы өзге әйелдер үшін әурет болып табы-
лады. Сондықтан, бұл жерлерді өзге әйелдерге көрсетуге бол-
майды. Сондай-ақ, дәл осы жерлер еркек пен еркек арасында да 
әурет болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет