Әйелдер тұрғысында 40 хадис және Әйел әдебі


Намазда әурет жерлерді жабу



Pdf көрінісі
бет47/54
Дата22.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503197
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
40hadis

Намазда әурет жерлерді жабу
Намаз оқығанда әйел кісінің беті мен қолдары және 
тобықтың төменгі жағынан басқа жерлері жабық болу керек. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде балиғат жасына 
жеткен әйелдің басын ашып намаз оқуына болмайтындығы 
айтылған. Сондай-ақ, «сәтрул-әурат» яғни әурет жерлерді 
жабу, намаздың ішкі парыздарының бірі болып табылады. Ал, 
парыздардың бірі орындалмаса оқылған намаз дұрыс болмай-
ды. 
ХИДЖАБ КИЮ
Аллаһ Тағала әрбір жаратылысқа өзіне тән ерекшеліктер-
ді тарту еткен. Әйел адамның қоғамдағы және отбасындағы 
орны, сондай-ақ болмысы, тәні ер адамдарға қарағанда мүлде 
өзгеше. Әйел адам осы ерекшеліктерін қорғай білген кез-
де ғана қоғамдағы биік мәртебесін сақтай алады. Әйел адам 
өзінің аналық мейірімімен, күйеуіне деген ізеттілігімен қымбат. 
Ол осы қасиеттерімен әрдайым жоғары тұрады. Осы тұрғы-
дан алғанда, орамал тағу, етек-жеңі ұзын киім кию, яғни хид-
жаб кию – әйел адамның нәзік болмысы мен әдемілігін бөтен 


87
Әйел әдебі
адамдардың арам пиғылынан, сұқ көзінен сақтайтын бірден-бір 
қорған. Әрі ол әйел затын мейірімділік, нәзіктік, ар-ұяттылық 
сияқты тағы басқа әйелге тән асыл қасиеттерімен танытатын 
нышан. Ең алдымен, әйелдердің басын жауып, ұзын киім киюі 
– Құранның тікелей бұйрығы. Әйел болсын, мейлі ер болсын 
«мен мұсылманмын» дейтін жан үшін Аллаһтың әмірін аттап 
өтуі әсте дұрыс емес. Аллаһтың әмірлерінде адам баласы үшін 
тұнған хикметтер мен пайдалар бар. Бірақ, біз олардың парқына 
бара бермейміз. 
Жартылай жалаңаш киінген әйелдер еркектерді еліктіріп
нәпсіқұмарлығын қоздырады. Бұл жағдай бүгінде көптеген 
шаңырақтың шайқалуына, көпшілік бойжеткендердің абырой-
дан айырылуына себеп болуда. Көзі жәутеңдеген мыңдаған пәк 
сәбилер тастанды болып, балалар үйіне тоғытылса, жылына 
саналы түрде қаншама жасанды түсік жасалуда. Тіпті, қазіргі 
таңда белең алып отырған проблемалардың бірі – еркектердегі 
белсіздіктің бір ұшы да соған тіреледі.
Әйел өзінің орамалымен көрікті. Қазақтың «Есті қыз етегін 
қымтап ұстайды» деуі де бекер емес. «Queens әйелдер бюро-
сы» жетекшісінің мәлімдемесі бойынша, Канадада әрбір 6 ми-
нут сайын бір зорлау оқиғасы тіркеліп, әрбір үш әйелдің біре-
уі әйтеуір өмірінің бір кезеңінде зорлау оқиғасына тап болады 
екен. Тағы бір ірі мемлекетте 1998 жылы 49 280 зорлау оқиғасы 
ресми тіркелген көрінеді. Міне, сондықтан ислам әйел адамға 
ашық-шашық киінбеуді оны төмен санағандықтан емес, қайта 
оны қорғап, абырой-беделін көтеру мақсатында бұйырған. 
Күнделікті өмірде біз құнды, асыл заттарды қоғамдағы бұзық 
ниеттілердің арам пиғылынан қорғаудың сан түрлі жолын іздей-
міз. Ендеше, әйел заты да құндылардың құндысы, асылдардың 
асылы, нәзіктердің нәзігі. Олай болса, оның да бөгделердің ал-
дында ашық-шашық жүргені құптарлық іс емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет