«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей



Pdf көрінісі
бет103/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

 Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей.
Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып, теңселгендей де болды.
Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып,
жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын
дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айрылған жас ботаның
алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңыранды. Есте-
мес оны да домбыраның шегіне іліп әкетті. Күйшінің көзі Жаңылға түскенде


қыз нардың емшегін қысып ұстап, қатып қалыпты. Нардың желіні тыр-
сиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. «Екі күйші,
өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне
қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма шуақ биігінен
төмендеп, қайтадан мұңлы сазға ауысып, күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт
еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес
Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың
арасынан шым-шымдап сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамып
кетті: «Заманым өткен екен ғой»,– деп аһ ұрды.
Жалт бұрылды да: – Ар жағын сен тарт, – деп саңқ етіп, домбыраны Оразым-
бетке тастай берді. Оразымбет домбыраны алып, жалғастырып тарта
жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел: «Наридірген» күйі осылай туыпты деседі.
« Ұлттық құндылықтар: Күй мен өнер құдіретін көрсетеді.
« Түсінік: Қазақтың аңызы негізінде жазылған шағын әңгіме болса да, айтар
ойы көп, тағылымы терең шығарма. Күй құдіретін ашық жеткізеді.
« Өз ойым: Автор Естеместің ауыр тағдырын қоса айтады. Күй соңында күй-
ші қатып қалған нарды идірсе де, қыз оған заманының өткендігін білдіреді.
Осыдан күйдің шығуы туралы аңызды да айтып өтеді.
« Ұқсас шығарма: «Құлагер» Ілияс Жансүгіров


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет