«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет2/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«КҮЛТЕГІН» жыры
« Тақырыбы: Ерлік пен ел қорғау, тәуелсіздік жолындағы күрес.
« Идеясы: Күлтегін батырды Түркі қағандығында құдіретті тұлға ретінде көрсету, Түркі
елінің билеушілерін дәріптеу.
« Жанры: Жыр
« Ұлттық құндылық: Ежелгі дәуір әдебиетінен сыр шертеді.
« Түсінік+өз ойым: Мәңгілік ел болу идеясының темірқазығы іспеттес шығарма, батырлық
жырлардың қалыптасуына әсер еткен.


« Ұқсас шығарма: «Тоныкөк», «Онгин» ескерткіші, «Орхон-Енисей жазбалары»
« Кейіпкерлері:
Күлтегін - 
басты кейіпкер, қолбасшы, «Көк түркінің семсері» атанған атақты батыр.
Білге қаған - 
Күлтегіннің ағасы, Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны.
Елтеріс(Құтлық) - 
қаған, Күлтегін мен Білгенің әкесі, әскербасы.
Тоныкөк - 
Күлтегін батыр мен Білге қағанның ақылшысы, кеңесшісі.
Ұмай ана - 
ұрпақ жалғастырушы, береке-молылық тәңірісі, түркілердің қасиетті аруағы.
«Мектеп» баспасы
« Композициялық талдау:
Басталуы: 
Елтерістің қазасы
Байланысуы: 
Он жасар Күлтегіннің ер атануы
Дамуы: 
Күлтегіннің ерлік жолы
Шиеленісуі: 
Тоғу кентіндегі шайқас
Шарықтау шегі: 
Күлтегіннің қаза болуы
Шешімі: 
Білге мен елдің қайғысы. Күлтегінді жоқтау
« Маңызды деректер:
Елтеріс қаған(әкелері) қаза болғанда Күлтегін 7 жаста болған.
10 жасында Ұмай текті шешеден ер атағын алған.
16 жасқа келгенде ел-жұртын молайтты; алты чуб, соғдыларға аттанады; Табғаш,
оңтұтықтың бес мың әскерімен соғысып, жауға жаяу ұмтылды.
21 жасында Чача Сеңүнмен айқасты.
26 жасында қырғыздарды Көгмен жерінде ұйқыда басты.
27 жасыда Қарлық халқы еркіндік алып жау болды.
30 жасында Тамағ шыңында қарлықтармен соғысты. Алып шалшы ақ атқа мініп, қос ба-
тырды найзамен шанышты.
Бір жылда 5 рет шайқасты; ең ілкі Тоғу кентінде шайқасты.
47 жасында Күлтегін қаза табады.
Чуб, Табғаш(Қытай), Соғды, Оңтұтық, Қарлық - халық, ел аттары.
Ұмай текті шешенің ер атағын беруі секілді ежелгі дәстүрлер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет