жарысына сегіз жасар Ақбөкен шыдады. Қыз тани білетін Серғазының қырағы
көзі осы сұлу пішінді балдырған жасты бірден шалады. Түбі осы қыздан бір ға-
жайып көрікті, не өнері асқан әйел шығатынын айтпай ұғады. Содан кейін ба-
рып… ас бітпей хан Ақбөкеннің әкесіне өзін төлеңгіт етіп алатынын білдіріп
«біздің ауылға көш» деді. Хан әмірі екі болған ба, үш-төрт күннен кейін момын
Жантемір Серғазы ауылына көшті. Ханға төлеңгіт болған адамның, өз бетімен
қыз беріп, қыз алуға құқы жоқ. Бәрін хан шешеді. Жантемір де осы салтты
сақтап азын-аулақ алған қалың малын Жоламанның туған апасы, Байтабынның
жесір қалған шешесі Күнкейге қайтып берген. Ауылдас болып, өзінің Байта-
бынға айттырылғанын білетін Ақбөкен оған деген отты сезімі оянбаса да,
біртүрлі жылы тартып, іштей оны өзіндік санап, жақсы көре бастаған. Кенет
тағдырының неге өзгергенін анық түсінбесе де әйтеуір бір сұмдықтың болғанын
сезіп, қимастықпенен жылай-жылай кете барған.
Достарыңызбен бөлісу: