Көште он төрт- он бес жасар қара торы қыз айтқан ән:
«Елім-ай».
Сатқындар
: Ожар мен Сәмен.
Абзал қарттың айтқаны: «жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты
сөйлесе мұсылман дінінен шығады. Біз мал баққан момын елміз...»
Сейтен мен Ожарды ұстап, Омбыға жол тартады. Үш күннен кейін Бая-
науыл округінің Сібірмен шектес Төрткөл болысының жеріне жетеді. Бұл
Бел ағасы Бектас баласы Таймастың ауылы.
Ожар мен Сейтеннің сөзін естіп қалған:
Таймас.
Сейтеннің соңғы өкініші: Ожарды тоқтата алмай қалғандығы.
Сейтеннің соңғы қалаун кек етіп жүрегінде сақтап қалған жан: Таймас.
Шағын келген Елек өзені жыландай сумаң қағып тынбай ағады.
Осы өзен басында, Қандыағаш тұсында қаптаған қалың көш келіп қона-
ды. Бұл - Тіленші бласы Жоламан бастаған Табын руының көші.
Қатарлас қонғандар: Жағалбайлы, Шөмекей, Шекті ауылдары.
Жоламан көші Сейтен көшіне мүлде ұқсамайды. Киіз үйден бөлек, шоқши-
та тігілген қараша лашықтар мен ақ шатырлар да көрінеді. Мықты
жылқылардың арасында сидаң бойлы, көтеріңкі кеуделі түрікменнің ақал-
теке, текежаумыт тұқымдастары да бар. Көштің, малдың да сәні түйе.
Достарыңызбен бөлісу: