«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Риторикалық сұрақ көптеп кездеседі



Pdf көрінісі
бет193/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Риторикалық сұрақ көптеп кездеседі.
Қол; Ойлары шалқасуда патшалардың; Дешті-Қыпшақ дәуірі; Бостандық көші;
Жұрт ошағы; Дұшпанның сұқты көзі сұқтанады - синекдоха
Құлақ түру, жаһан, жерге сіңді; Аспандағы мұнара; шаңырағы жас қаланың;
шаһар - перифраз
Алланың ашып-жұмған алақаны; сыйғызар көл-көсірді уысына; Күні ертең
Есілдің жағасында Париж кеп орнай қалса, таң қалмаңыз! - гипербола.
Қасықтай қара су - литота, теңеу.
I
Түбiне тiршiлiктiң тағдыр ие,
Тәңiрдiң ғұзырында бар дүние.
Қызыл тiл қара тасты балқытады,
Келгенде қылқобыздай зар күйiне.
Сүрiнбес, су төгiлмес тiлiм жорға,
Атасы ақпа жырдың, пiрiм, қолда!
Шақырып аруағыңды, атыңды атап,
Өзiңе сыйынбаған күнiм бар ма?!
Өлеңнiң ақтангерi арғы бабам,
Басынан ешкiм асып қарғымаған.
Түсiмде Тәуелсiздiк Падишасы
Ақ қағаз, алтын қалам бердi маған!
Сенемiн асыл сөздiң тозбасына,
Жетедi өз бақытым өз басыма.
Күбiрлеп құлағыма жетi түнде,
Қоймады осы жырды жазбасыма!..
Қолыңда жүйрiк қалам жарқылдаса,
Сөзiңдi арманың не ел тыңдаса!
Кеудемде көз бар шығар қайнап жатқан,
Тамшысы таңдайымның сарқылмаса!..
II
Жаныма жақындасаң мұңдасыңмын,
Келмейдi ендi ешкiмнен сыр жасырғым.
Не пайда дүниенiң кеңдiгiнен,
Болмаса бостандығы бiр басыңның?
Шүкiрлiк жарылқаған Аллаға мың,
Маңдайы жарқырады кең даланың.
Тәуелсiз атқан таң мен шыққан күннiң
Керемет құдiретiне таңғаламын.


Айығып ой тұманнан, сана бұлттан,
Жазылды ескi жара жан ауыртқан.
Азаттық аясында қандай бақыт
Тәуелсiз тыныс алып, ауа жұтқан.
Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да
Уақыттың жұқ болмапты жұмырына.
Армысың, Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонған тұғырына.
Қаймықпай тас қамалдан, мұз бөгеттен,
Жарқ етiп түскендейсiң бiзге көктен.
Жолыңда жорық салып бабаларым,
Арыстар аласұрып iздеп өткен.
Аруақтар аунап түстi тебiренген,
Сақтасын жатқа қайта телiгеннен.
Алмастай жарқылдаған ақ жүзiңдi,
Адамда арман болмас көрiп өлген!
Тағдырын тәлкек қылып айлалыға,
Талайлар тура жолдан таймады ма?
Шынжырда шыр айналып тұрса-дағы,
Ит қана семiредi тойғанына.
III
Жеткiзбес құдай сүйсе баққа кiмдi,
Қарыны ақ түйенiң ақтарылды.
Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла, қазақ,
Тәуелсіз Президентің атқа мінді.
Ошақтың үш бұтындай үшкiл қазақ,
Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ.
Сиырдың бүйрегiндей бытырасаң,
Қашанда көрер күнiң мүшкiл, қазақ!
Тажалдың тамағы боп игiлiгiң,
Заманның көрдiң салған қиғылығын.
Еркiңде қалай бұрсаң аттың басын,
Өзiңе өз тiзгiнiң тидi бүгiн!
Жүндеген жуанды да, жуасты да,
Бодандық батты мәңгi су астына.
Ұлт болсаң ұятың бар, иманың бар,


Ал ендi жиналыңдар Ту астына!
Томирис, Едiл патша, Елтерiс хан,
Аңсаумен еркiн өмiр арпалысқан.
Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы,
Желдiртiп желмаясын жер тауысқан.
Жерұйық iздемесең таптыра ма,
Бұйырар бiр түп жусан тоқтыға да.
Қызырды кiрiп келген танымасаң,
Басыңа байырқалап бақ тұра ма?
Бұтағы бойламаса күнге қарай,
Халық – бiр қаусап бiткен қу қарағай.
Қандағы қасиеттен айырылсаң,
Қалмайды қуған қырсық құлғанадай.
Тiрiсiң – туған ана тiлiң барда,
Өлiсiң – түп тамырың жұлынғанда.
Қуатты күннiң нұры құтқармай ма,
Жас өркен үскiрiкке ұрынғанда.
IV
Қисыны келелi iстiң дер шағында,
Күш-қуат келiде емес, келсабында.
Сөйлейдi Назарбаев Нұрсұлтан боп,
Көк тулы Қазақстан жер шарында.
Шарпысып жаңа дәуiр ескiменен,
Көз көрдi хикметтi естiмеген.
Елбасы шарқ ұрады шартарапқа,
Қырандай балапаны кеш түлеген.
VII
Саңқ еттi Алатаудың мұзбалағы,
Жаңғырып жартас бiткен, құз қарады.
Шарықтап шырқау көкте жүрдi-дағы,
Бетке алып тартып кеттi түз даланы.
Тұр мiне, Үшқоңырда – өзi шыңда,
Ақиық барады ағып көз ұшында.
Қыранды құс патшасы деп атайтын,
Айналды бұрынғының сөзi шынға.
Ақиық Алатаудың иесi ме,


Көк аспан соған ғана тиесi ме?
Сияқты Абылайдың ақ бурасы,
Көрiнген әлде өзiнiң киесi ме?
Аспанда атқан оқтай құс ағады,
Еске сап қасиеттi нысананы.
Қанатын сол қыранмен бiрге қағып,
Қиялы қияндарға ұшады ары.
Кеткендей елес берiп әлгi қыран,
Қайыспас қайсар ердiң тағдырынан.
Шыққан күн көкке өрмелеп бара жатты,
Әлемнiң алтын зерлi сандығынан.
Суырмай бұлттар бүгiн алдаспанын,
Шыңдар да құра қапты малдастарын.
Қаз-қатар қолын жайып, бата берiп,
Тiлеуiн тiлегендей марғасқаның.
Көз тiктi көк тiреген Талғар шыңға,
Асқар жоқ одан асқан алды-артында.
Биiкке бiр шықпаған бейшаралар
Тәккаппар таудың сырын аңғарсын ба?..
Жарлыққа қолын қойды нық сенiммен,
Астана ауыссын деп Ақмолаға!
Сарыарқа – сайын дала, жер кiндiгi,
Баянды Байтағымен елдiң күнi.
Қазағым, көш көлiктi болсын ендi,
Көтерген жолда қалмас Нардың жүгi!..
VIII
Аршында, шығар, қазақ, үнiңдi асқақ,
Кiм сенi тоқтатады бүгiн жасқап?!
Астана Ақмолаға келе жатыр,
Айбынды Нұрсұлтандай ұлың бастап!
Тағдырдың талқандалып тас қамалы,
Талайдың төңкерiлдi тостағаны.
Құлағы қияпаттың көрiнгенi –
Қарбалас ауыстырса астананы.
Көсемге көштiң түсер салмағы бар,
Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар.
Көреген, қол бастаған дара батыр,


Көкжалдай мұз төсенiп, қар жамылар.
Отырсақ өзге жұрттан аса қарап,
Қонғаны бақ пен дәулет қоса-қабат.
Ерлiгi Елбасының жарқырап тұр,
Бұлт қалай күннiң көзiн тасаламақ?!
Көрейiн көштiң көркiн көлденеңдеп,
Төгейiн сүйiншiге сөзден өрнек.
Бiр күннiң бiте қалар жұмысы емес,
Мың күнгi мехнатпен келген еңбек.
Саңлақтың салған жолы жатыр дара,
Ақ таяқ ұстатқандай соқырға да.
Бұл көштiң абыройы халыққа ортақ,
Шығармас бiр адамның атын ғана.
Жаңарып Қаратаудың ескi өлеңi,
Бауырынан Алатаудың көш келедi.
Сыртынан қарап тұрған дос сүйiнiп,
Дұшпанның сұқты көзi сескенедi.
Көрмедiм ұлы көштi басқа мұндай,
Бүгiнгi батырлықтың дастанындай.
Келедi тәуекелдiң тауын асып,
Асқардан бабалардың асқанындай!
Сарыарқа – сан ғасырдан қалған мұра,
Риза бақытына жанған мына.
Күтiп тұр салтанатты көштiң алдын,
Қолында Ақмоланың ақ домбыра.
Арда едiң, асау едiң, Арқа, неткен,
Төсiңде небiр бағлан дархан өткен.
Ақмола осы едi ғой Кенесары
Бөрiнiң бекiнiсiн талқан еткен!
Айналдым аруағыңнан, ер Кенекем,
Тәңiрi тiлегiңдi берген екен.
Тентiреп жердiң түбiн жетi айналып,
Қазақтың құты қайтып келген екен!
Жетерлiк көрiп келген көрешегi,
Болса екен мәңгi жарқын келешегi.
Ту ұстап, тұлпарына қайта қонған


Халқының айдарынан жел еседi.
Қалың ел қазағына бесiк болған,
Бұл жұртта ошақ қанша өшiп қалған.
Есiлiм осы едi ғой ер Қабанбай
Ен жайлап, жағасында көшiп-қонған.
Дұшпанның аян бiздi шақырмасы,
Қасықтай қара суын татырмасы.
Не iздеп жүрсiң деме бұл арадан,
Бабамның арыстандай жатыр басы!..
IX
Ақмола – кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректi Астанаға!
Емiренiп өз анасы емiзбесе,
Сәбиге шайнап берген ас бола ма?
Бақытым басымда тұр талай күткен,
Сеземiн келмегенiн оңайлықпен.
Үзiле жаздап едi өндiршегiм,
Өзекке тепкiлеген өгейлiктен.
Көңiлге сәуле құяр Сарай нұры,
Астана – ел тiрегi, ел айбыны!..
Жаhанның жанарында жаңа қала,
Жұлдыздай туа қалған өлiарада.
Бес жылда бой көтерген ғимараттар
Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
Жырламас ғажайыпты кiм мұндағы,
Жеткенше сөздiң дәмi, тiлдiң нәрi.
Алғысын жаудырады Елбасыға
Бақытты бұл шаhардың тұрғындары.
Қарашы, шаңырағы жас қаланың
Аспанның бұлтын серпiп тастағанын!
Бүгiннен басталатын шежiресi,
Авторы – Назарбаев Астананың!..
Х
Бәйтерек – Астананың төрiндегi –
Өресi биiктiктiң өмiрдегi.
Аялы алақаны Елбасының


Секiлдi өшпейтұғын сенiм мөрi.
Самсаған қара орманым – байтақ елiм,
Сынға сап сан жақсыны байқап едiң.
Еңсесiн елдiгiңнiң биiктеткен,
Ортаңда бойлап өскен Бәйтерегiң!
Өтiнде арпалысқан өмiр-майдан,
Жайқалсын болашағың тамыр жайған.
Бәйтерек – Елбасының өр тұлғасы,
Әкелiп өз қолымен Тәңiр қойған!
Туыңдай қанат керген желдi күнгi,
Танытты кең әлемге теңдiгiңдi.
Тұрғанда Бәйтерегiң көкке шырқап,
Ұстай бiл асқақтатып Елдiгiңдi!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет