«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы



Pdf көрінісі
бет61/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы, -метафора
Көруші ең құбылысты қай-қайдағы.
Япырмай, сен де бір күн сөнермісің,
Қап-қара түнек болып маңайдағы. - эпитет
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтып, босқа жасап, босқа өлемін.
Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік, - метафора, эпитет
Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
Құя алман үгітілген балшық өлең, - эпитет
Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан - теңеу
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
Ежелден ерке бұлан Қасым едім, - метафора, эпитет
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім - көктем кең пейілді, - метафора
Жақсының жүрегіне ғашық едім. - күрделі эпитет
Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім, - метафора
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына - эпитет
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Кең жайдым құлашымды дүниеге,
Білдім мен қайғыра да, сүйіне де.
Әйтеуір әрі-сәрі болғаным жоқ,
Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...
Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан - эпитет
Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
Айрылсам ала көңіл он досымнан.
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын. - метафора
Боламын ақын Қасым әлі де мен,
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән-күйменен.
Бір күні от өмірім қалса өшіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет