«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет66/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Сарыарқаның 
бір тауы бар – 
АЛЛИТЕРАЦИЯ
Бір тауы бар
 сымбатты.
 -
 ЭПИТЕТ
— Сол таудан сен
сыр тауып ал,
Сыр тауып ал,
қымбаттым.


Нуда бір шың 
тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ
бір биік.
Шын суретті бейне жұмбақ, - ЭПИТЕТ
Тұрғандай көп сыр жиып.
Шыңды айналған 
құзды шаттар,
Құзды шаттар
аққан су, -ЭПИТЕТ
Сылдырайды 
мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар
у да шу. -
Сөзім мысал, достым, тыңда.
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар, 
сол бір шыңда,
Сол бір шыңда 
қойма бар.
Қойма шыңның 
нақ басында,
Нақ басында
қақпасы.
Алтын жазу қақ басында,
Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада 
қымбат жасау,
Қымбат жасау 
сақталған.
Текшелеген 
сымдап жасап,
Сымдап жасап
қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде 
беті перде,
Беті перде
өрнекті.
Бір сандық бар,
 ол сандықта,
Ол сандықта
бір сандық.
Сырдың кілті 
қол сандықта.
Қол сандықта 
сыр сандық. - СИМВОЛ
Сұлу жанды
 сұлу сүйген,
Сұлу сүйген 
сыршылым.
Жібек талдап
 түйін түйген,
Түйін түйген
түршілім.
Сыр сандықты
 ашып қара,
Ашып қара 
сырласым.
Сым пернені 
басып қара, 
СИМВОЛ
Басып қара 
жырласын!
Сұлу сымда
 перне әуені,
Перне әуені
жыр айтар.
Көңіл ашар
 тербеу әні,
Тербеу әні 
сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға 
талай,
Талай
сырды ойланып,
Ақтарарлық
 алтын сарай
Алтын сарай 
қойманы.» -
ЕСПЕ ҚАЙТАЛАУ, ЭПИТЕТ
«
Түсінік: Адал дос пен арам достың аражігін аша жазып, дос көңілін тау шыңындағы алтын сарайға, баға
жетпес қоймаға теңейді.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН» АБАЙ
«
Түсінік: Өзінің қасындағы шәкірттерінің өлеңдерін оқығаннан кейін оларға жөн-жоба көрсету үші осылай
жазған. Бүгінде аұын болғысы келетін адамдардың бріне ортақ үлгі ретінде жазып, ақын болу оңай
еместігін сөз етеді.
« «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.


Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей...»
«ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» АБАЙ
«
Түсінік: Ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюы тиіс деген мәселе көтерілген.
Алған білімді, үйренген білімді дұрыс жұмсайтын орын табу керек деген. Ғалым болу үшін не нәрсені бол-
са да, әуелі ойланып, көзің анық жеткен соң ғана шындықты айтудан тайынбау керек деп үйретеді. Адамды
сөзіне, ақылына қарай бағала дейді. Надандарға, теріс қылықтырға ермеуге шақырады.
«
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет