«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет182/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Ұқсас шығарма: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ»
ШАХИМАРДАН ҚҰСАЙЫНОВ «ТОМИРИС»
« Тақырыбы: Сақтардың еркіндік үшін күресі, Томиристің жеңісі.
« Идеясы: Томирис пен сақ жауынгерлерінің қаһармандыңын көрсете отырып,
туған жерді сақтауды сөз етеді.
« Жанры: Драма, пьеса
« Композициялық талдау:
Басталуы: Жәдігөй кемпірдің көк аспанға табынуы. Ардаширмен сөз.
Байланысуы: Спаргапистің тілек-арманы.
Дамуы: Кир еліне аттанған елші Шұғыла-Томирис.
Шиеленісуі: Шайқас даласындағы Спаргапистің сатқындығы. Жаза
Шарықтау шегі: Кир патшаның Балхаштан жеңілуі, екеуінің өлімі.
Шешімі: Елес кемпір мен Томиристің диалогі
« Кейіпкерлері:
Томирис - Шұғыла, сақ патшайымы.
Балхаш - Шұғыланың күйеуі, сақпен туыстас «тиграхауд» тайпасының бас сар-
дары, сақтарды тастап Кирмен одақтасқан.
Спаргапис - 16 жасар бекзада, Шұғыланың ұлы.
Кир - Патшалардың патшасы атанған парсы билеушісі. Шұғыланың ғашығы.
Елес - «жәдігөй» (аса айлакер) кемпір, жасы жүзден асқан Тәңірдің құлы.
Амаға - сарматтар падишасы.
Мард - Кирдің кеңесшісі.
Ардашир - массақ көсемі.
Қосымша кейіпкерлер: күшетші, көсемдер, жасауылдар.
« Маңызды деректер:
Ұлы Тұранды жалмаған өрт: жаудың өрті емес даудың өрті, бақталастық пен
бақастықтың, тойымсыздық пен топастықтың өрті.
Кир Аракс (Әмударияға) көпір салдыртады.
Томирис елшілікке «Шұғыла» деген есіммен барады.
Кирмен бірге қолдарын кесіп, қанды құтыға ағызады: «Ажалдан соң да өмір
бар, үшінші құты - ажалдікі».
Кир осыдан кейін бойында тасыған, қарақұсынан қысып ұйқы бермеген арам
қаннан құтылады, ұйқысы қайта оралады.
Шұғылаға жала жабу ретінде жасауылды өлтірге - Мард.
Оның өлімін өз мойнына алған - Балхаш.
Парсылардың құдайы: Ахурамазда.
Қара түнек, өлім құдайы: Агро-Майнью.


Томирис: «Аттан түспесең - сақтығың, шешінбей ұйықтасаң - жауынның
көптігі, шешінбей ас жесең - дауынның көптігі».
Елес: «Балаңды құрбандыққа шалдың! Байды құрбандыққа шалдың! Сүй-
геніңнің басын алдың! Өзің ғана қалдың! Өзіңе не қалды?»
Томирис: «Сақ деген ел қалған жоқ па! Сақтың сары даласы - жері қалған жоқ
па?!»
Кирді Балхаш өлтіреді, қан толы торсыққа салған - Томирис.
Елес кемпірдің Тәңірге қойған сауалы: «Адамды неге жараттың?»
Томиристі алғысы келген - Ардашир.
Спаргапистің қалауы: таққа отыру. Дай патшалығының тағы.
Спаргапистің сатқындғы үшін берілген жаза: өлім, кейін елден қуылсың дейді.
Өз-өзіне қол жұмсап өледі.
Кир Мидия мен Хорезмді жаулаған, көзге түскені Жейхундариядағы сақ даласы.
«Түбі - тұр. Бәрі - тағы.»
Томирис Балхашты «тас төбет» атаған.
Томиристің айтқан үш байлығы: шексіз көк аспан, кең дала, үшіншісі - жусан,
яғни жер қайысқан қалың сақ.
« Ұлттық құндылық: Сақ тайпасының ерлігі, туған жерге деген сезім, тәуел-
сіз елдік, ұлттық рух пен мүдде.
« Түсінік+өз ойым: Сақтардың еркіндік жолындағы жанқирлық ерлігі тарихи
оқиғаларға негізделіп, терең жазылған.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет