«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны



Pdf көрінісі
бет181/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

ЖҮНІС САХИЕВ «ДАБЫЛ»
« Тақырыбы: Бұрынғы Талас жазуы
« Идеясы: Көне мұраны сақтап, қазақ жазуын жандандыру.
« Жанры: Әңгіме
« Композициялық талдау:
Басталуы: Түрколог Жасағанның ауылға келуі
Байланысуы: Ақтаудың табиғатына шығу
Дамуы: Көне түркі жазулары туралы
Шиеленісуі: Ғарыштан түскен ғажайып тас
Шарықтау шегі: Айдан келген қонақтар
Шешімі: Өзге ғаламшардан келген дабылдар. Талас жазуының маңызы
« Кейіпкерлері:
Жасаған - жасы елуден асқан, орта бойлы, шашы сиреген, қыр мұрынды,
қой көзді кісі. Қазаққа белгілі түрколог, ғылым докторы. Төленнің туған інісі.
Әйелі - Балайым.
Төлен - Жасағанның ғалым болуына себепші болған жан, ағасы. Жұбайы -
Перузат.
Әбен - бойшаң, арық, шашын сол жағына жантайта қайырған, көзілдірік
таққан сары кісі.


Таңатар - Әбеннің жолдасы, орта бойлы, мұртты, қыр мұрынды, даусы
гүрілдеп шығатын адам.
Қазыкен - Төленнің құрдасы, бесаспап көліктің иесі.
Айгүл - дөңгелек жүзді, тәмпіш мұрын, арық келген, Әбеннің әйелі.
Ұлдай - орта бойлы арық, бірақ жүзі реңді, бетінде шамалы секпілі бар, Қа-
зыкеннің әйелі.
Әсел - дөңгелек жүзді, толық бет, балық ауыз, ботакөз Таңатардың жұбайы.
Бөрібай - жолдан мінген қасапшы.
Жанқуат Пазылұлы - академия басшысы, ғалым. Жасаған бірден хабарласа-
тын адам.
Баламұрат Еңсерұлы - Жанқуат Пазылұлының көмекшісі.
Кит(Күнгей) ғаламшарының адамдары - киімдері ақшаңқан түсті, өздері
денелі. Белдеріне жалпақ өрнекті белдік буынған, шаштары қысқа. Сақал-
мұрт қойғандары да алыстан байқалады. Қолдарында қол шам тәрізді бірде-
нелері бар.
Балбек Ерқуатұлы - Асы-Түргендегі расытханаға басшылық ететін акаде-
мик.
« Маңызды деректер:
Ғарыштан түскен тас - созылыңқы тамш тәріздес пішінді.
Ақтаудың тау бөктерінен табылады.
Дөңгелекпен де, адымдап та жүре алатын, «қазіргі заманның түйесі» - бесаспап
көлік.
Жасаған жасынан тауқұмар. Орхон-Енисей, Талас жазуларын зерттеген. 6-8 ға-
сырлар тұсында пайда болған деп санайды. 3 жылдық ғұмыры осы таңбаны
зерттеумен өткен.
Барлығына берген уәдесі: «Қалған өмірімді алфавит жасауға арнаймын».
Барлығының селк етуінің себебі: қара шұбар жылан.
Алапат үңгірге мың қой емін-еркін сыйып кетеді, төбесі тесік ошақ тәрізді
болған соң, іші жарық.
Үңгір алдындағы тасты бірінші көрген: Қазыкен.
Жазуды жолдаушылар: Кит шоқжұлдызындағы Күнгей ғаламшарынан.
Жасаған Жанқуатқа суреттерді телефакс арқылы жібереді.
Бесаспап жүк тасушы әуе кемесімен келгендер: кемені басқарушы, Баламұрат
Еңсерұлы, жүкті әуе кемесіне тіркеуге көмектесуші.
Жасаған Қайдарұлы алфавит құрастырып, оны барлығы оқи бастайды.
Өзге ғаламшарлықтарды кездестіріп сөйлескен: Төлен.
Расытхана(обсерватория) орналасқан жер: Алматы маңындағы Асы-Түрген жо-
тасындағы зерттеу орталығы. Радиодабыл арқылы сөйлесетін - Балбек Ерқу-
атұлы.
Радиоқабыл келген ғаламшар: Жарық
Тағы бір сәлем жолдағандар: Мерген шоқжұлдызындағы Көгілдір ғаламшары-
нан.
« Ұлттық құндылық: отбасылық, салт-дәстүр, тілдің маңызы.


« Түсінік+өз ойым: Осы шығарма арқылы автор көне тілімізді ұмытпай,
дәріптеуге шақырады.
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет