Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары Таќырып Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы



бет4/6
Дата24.02.2016
өлшемі311 Kb.
#15810
1   2   3   4   5   6

Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды.

Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа  жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді.

Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді.

Франк мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды.

Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды.

Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы – майордом болды.

Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке иеболып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің жәнемемлекеттің қаражаты бірге сақталатын.

Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам.

Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде королькеңесінің мүшесі болды.

Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған.

Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін.

Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды.

Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас.

Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын.

Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды.

Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды.

Франк құқығына жалпы сипаттама. Бесінші  гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды.

"Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген.



Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды.

Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды.

Франция мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық құрылысы. Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік-экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000-дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз.

Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар.

Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді.

Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі – сеньорлардың меншік монополиялық құқығы – боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға  міндетті нан пеші, ұн диірмені және т.б.Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған.



Мемлекеттік құрылыс. Франция патшалығы көптеген фьефтер -  феодалдық иеліктерден (герцогтік, графтік және т.б.) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды.

Вассалиттетік қатынас барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы -   Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т.б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған.

Вассалитеттік қатынас алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған.

Мемлекеттің басқару органдарының құзыры мынадай:

Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды.

Жалпы мемлекеттік сипаттағы жалғыз орган Корольдік курия немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын.

Жергілікті басқару жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты.

Француз соты орта ғасыр юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы.

Орта ғасырлық құрылысқа сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты» сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі.

Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды.

Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа ие болды.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі  күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық:

-   қала өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы король өкіметінің негізі  болып табылатын әлеуметтік-экономикалық қатынасты нығайта түсті.

-   үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін  король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды.

-   Король билігі сыртқы жаумен күресу үшін ең сенімді, тұрақты күш.

Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері.

Король домені тең әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады.

Баляждар превотаждарға бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі функциялары бойынша бөлінген.

Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны  өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері - эшевендер.  Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады.

Сот жүйсінде белгілі өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот.  Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған.

Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.)  істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты.

ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды.

Абсолюттік монархия кезеңі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.ғ.). ХҮІ ғасырда Францияда капиталистік өндірістің бірінші сатысы болып табылатын – манфактура дамыды. Мемлекетте ақша – тауарлық қатынастың жедел дамуы жалпы ұлттық нарықты қалыптастыруына ықпалын тигізді.

Капитализмнің дамысы қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Жаңа әлеуметтік класс – буржуйлар, сонымен қоса жалданбалы жұмысшылар тобы пайда болды.

Әлеуметтік-экономикалық құрылыс өзгерісі француз қоғамын мемлекеттік трансформацияға әкеп соқтырды. ХҮІ ғасырдың басында абсолюттік монархия қалыптасты. Мемлекет басшысы - корольдің қолына заң шығарушы, атқарушы, сот функциялары шоғырлануы, абсолюттік биліктің негізгі сипаты. Осыған орай, мемлекет механизмін құрайтын армия, полиция, әкімшілік – қаржы аппараты, сот тек корольге бағынады.

Францияда мемлекеттік бюрократиялық аппарат құрылды, оның ерекшеліктеріне тоқталсақ:

  Үкімет монархқа пайда түсіреді деген ниетпен біршама лауазымдарды сатты. Осының нәтижесінде елде көптеген шенеуніктер пайда болды. Оларды қызметінен босату мүмкіндігі аз, және олар өздерін тәуелсіз тұлғалар ретінде сезінді.

  ХҮІ ғасырдағы саяси дағдарыс нәтижесінде, соның ішінде діни соғыстар кезінде өз жағына тарту мақсатында мемлекеттік аппараттағы маңызды постыларды (губернатор, бальи, прево және т.б.) біліктілердің өкілдеріне беруге тура келді. Бұл лауазымдар соңына келе, салт-дәстүр бойынша кейбір аристократиялық отбасыларының жалпы мақтанышы болып қалды.

Демек, сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде қалыптасқан мемлекеттік аппарат алғашқы мазмұндық сипатына сай келмеді.

Орта ғасырдағы Франция құқығы. ҮІ –ІХ ғасырларда француз қоғамында әрекеттенген «варварлық құқығы» қуаттылығын толығымен жояды. Қоғамды реттеуші нормалар жергілікті әлеуметтік топ мойындаған, таныған әдет-ғұрып құқық (кутюм) нормалары. Провенция территориясында қолданыста жүрген жалпы кутюммен бірге әр аудандардың, қаланың, поселктердің және қаланың кейбір бөлігінің жеке әдет-ғұрып құқықтары болған.

Франциядағы юридикалық нормалардың өрнектелуі мен қалыпқа түсуіне қарай екі бөлікке бөлген. Францияның шығыс бөлігі жазылған құқық елі деп аталса, солтүстік бөлігін әдет-ғұрып құқық елі деп атаған. Демек шығыс провенциялары Рим империя құрамында болды. Сондықтан бұл аумақтағы халықтар үшін рим құқығы ұлкен әсерін тигізген. Бірақ та жергілікті кутюмдер де қосымша құқық қайнар көзі болып табылады.

Францияның солтүстік өңірінде жалпыға ортақ юридикалық ескерткіш қабылданбауы әдет-ғұрып құқығының өмірін ұзартады.

ХҮ ғасырда ғана алғашқы кутюм жинақтары шыға бастаған. Елдің шығыс бөлігінде: «Титулсыз сеньор жоқ» деген қанатты сөз қолданылса, солтүстігінде «Сеньорсыз жер жоқ» деген формула өмір сүрген.

Әрекет етуші феодалдық құқық азаматтық құқыққабілеттілікті шектеді. Жер тек қана дворян меншігі болып табылған. Бірақ канон құқығы қарыздан үстеме пайыз ұстауға және дене еңбегін сатуға тыйым салды. Сеньориалбдық институттың заттық құқық институты ретінде саталып қалуы тұрғындарды сословияға бөлді, ал цехтық құрылыс еркін бәсекенің дамуына тиек болды.

Неке – отбасылық қатынас канон құқығымен реттелді. Шіркеу қызметкерлері мен клириктердің қылмысын шіркеу соты қарастырған. Сонымен қатар ерес, діннен безу, сиқырлық, магия, некесіз бірге тұру және т.б. қылмыстар шіркеу сотында қаралған.

Франция тарихында қылмыс түсінігі, сотта дау қарастыру процедурасы тұрақты өзгеріп отырған. ХІҮ ғасырдың басына дейін құдай (ар, ордалии) соты, жекпе-жек соты өмір сүрген. Шаруалар таяқпен, рыцарлар қылыш немесе айыр балтамен күрескен.

Шіркеу тәртібі бойынша, ордалииді құрғақ нан мен ірімшікті жегізу арқылы жүргізетін. Айыпты немесе кінәлі адам қақалып өліп кетеді деп санаған.

ХҮІІІ ғасырда жазылған атақты легист Ф. Бомануардың «Бовези кутюмдері» атты шығармасында тұнғыш рет француз қоғамы таныған, қылмыстар мен жазалар тізімі берілген.

Бұл шығармада ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, опасыздық, жалған куә болу, зорлау, әйел адам жасаған ұрлық, өрт жіберу, ұрлық, жалған монета жасау және діннен безу жатқызылған. Олар үшін дарға асу, өртеп жіберу жазасы қолданылған.

Англосаксондық қоғамда феодалдық қатынастардың қалыптасуы және Англия мемлекетінің пайда болуы. Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік-батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд",  кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.



Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер  құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын.

Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған.

2/ Корол сарайы - орталық мемлекеттік басқару органы болған.

Король сарбаздары мен қызметшілері мемлекеттік қызметшілер мен феодалдарға айналады.

Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы.



Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген.

Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.

Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.

Өкілетті-сословиелік монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу.

Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және  копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер.

1539 ж. король мен парламент актілерінің теңдігі жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған заң король қол қойған соң ғана заңдық күшке ие болады деген ереже бекітіледі. Король билігі күшейгенімен, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды.



Ағылшын құқығына сипаттама. Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет-ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көздері мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/.

І Вильгельмнің тұсында әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/.

Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін.

Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін.

Сот процесінің мынадай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн: алдымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бұзған норма мәлімделеді, содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті елдің талаптарына сай оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге бөліп пайдаланса, процесс өте сапалы, демократияға лайық, өркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ, бұлай болу үшін көп уақыт керек.



Қылмыстық соттар. Қылмыстық істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмсытық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды.

Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет