Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары Таќырып Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы


Германияда ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы



бет5/6
Дата24.02.2016
өлшемі311 Kb.
#15810
1   2   3   4   5   6

Германияда ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы. Германия жеке феодалдық мемлекет ретінде Франк империясы ыдырағаннан кейін шығыс франктардың жерлерінде құрылды. Оның территориясы 4 герцогтіктен құралған болатын. Бұл герцогтіктер: Саксония, Франкония, Швабия және Бавария. Әр герцогтікте халықтың этникалық құрамы және феодализмнің даму деңгейі әртүрлі болатын. Кейіннен Германияның құрамына Франциядан тартып алынған Лотарингия герцогтігі кіреді. ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Х ғасырдың басы тайпалық сипатын әлі толық жоғалтпаған және бір-бірімен байланысы шамалы осы герцогтіктердің өзара күресі толық болды.

Х-ХІІ ғасырлардағы біршама орталықтану кезеңінен кейін ХІІІ ғасырда феодалдық батыраңқылық кезеңі басталады. Бұған өз себептері бар еді. Германия территориясындағы феодализмнің қалыптасуы көрші Францияға қарағанда баяу және біркелкі емес жүрді. Мемлекеттің толық бірігуіне герцогтіктер халқының этникалық айырмашылықтар және олардың күресі бөгет болды. Германияның орталықсыздануына сыртқысаяси факторлар да өз әсерін тигізді. Феодалдық Германияның сыртқы агрессиясының 2 негізгі бағыты - Италия және славяндық Шығыс бағыттары - Германия герцогтіктерінің, күшпен қосылған славян жерлерінің және Солтүстік Италияның 1 империяға бірігуіне әкеліп соқты. Бұл империя "Герман ұлтының қасиетті Рим империясы" деген атпен белгілі.

Германияның орталықтандырылуына мемлекетпен шіркеудің арасындағы ашық күрес әсерін тигізді.

Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен формальды түрде байланысқан ұсақ мемлекеттерге айнала бастады.

Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді:

1. Германиядағы ертефеодалдық, біршама орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңі /Х-ХІІ ғғ/

2. Территориалдық батыраңқылық кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/

ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады.



Қоғамдық құрылыс. Х-ХІ ғғ. герман феодализмі аяқталмағандықпен сипатталады. Ұсақ ерікті жер иеленушілер массасы сақталып қалады. Ерікті шаруаларды тұрақты ауыл қауымы марка біріктірген. Иерархиялық лендік жүйе және феодалдық иммунитеттер әлі де толық анық сипатқа ие болмайды.

ХІ-ХІІ ғғ. Германияда негізгі тап-сословиелер қалыптасты.

Феодалдар табы ру тайпалық және қызметшілік аристократиядан қалыптасты. Рулық аристократияға герцогтер жататын. 2-ші топты әкімшілік округтердегі маңызды азаматтық және діни лауазымдарды иеленген графтар құрайтын. Ірі жер иеленушілерге сот функцияларын атқарған король шенеуніктері - фогттар да айналады. Осы күштер ХІ-ХІІ ғғ. үлкен одаққа бірігіп, орталықтандыру процессіне кедергі жасайды. Ірі феодалдар территориялық княздер сословиесіне бірігеді. Осы сословиеге шіркеу князьдері де кіреді. Князьдер сословиесі толығымен ХІІІ ғ. ортасына қарай қалыптасады.

Рыцарьлар тобы ұсақ дворяндардан және ауқатты шаруалардан қалыптасты. І Генрихтің әскери реформасы бойынша бұл сословиеге кез-келген ат үстінде соғыса алатын еріктілер қабылданатын болды. Рыцарлар қатарына көбінесе министериалдар король мен феодалдардың қатарынан шыққандар болатын.

Феодалдар 7 рангқа бөлінген. Рангқа министериалдардың арасынан шыққан рыцарьлар да енгзілді және осы топ "шеффен сословиесі" деп аталды.

ХІІІ ғ. қарай шаруалар 2 категориядан тұратын еді: ерікті және еріксіз шаруалар. Ерікті шаруаларды чиншевиктер мен арендаторлар құрайтын. Олардың феодалдарға тәуелділігі шектеулі болды. Шаруалардың көпшілігі еріксіз болды және бұл категорияны литтар, батрақтар мен жеке тәуелділіктегі басыбайлылар құрады.



Мемлекеттік құрылыс. Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді.

Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын.  І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді.

Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін.

Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын.

Орталық және жергілікті аппараттың әрекет етуіне императорлар ХІІ ғ. бастап шектеулі түрде ғана араласа алатын.

Италияны басқару үшін ерекше аппарат құрылды. Оны Германияның жоғарғы діни қызметкерлер мен князьдердің арасынан тағайындалатын канцлер басқаратын. Одан басқа әкімшілік және әскери өкілеттіктері бар император жаршылары, император мүлігін пфальцграфтар басқарады және қала префектері канцлерге қызмет ететін.

2. ХІІ ғ. бастап Германия феодалдық батыраңқылық кезеңіне аяқ басты. Мемлекет көптеген князьдіктерге, графтіктерге, баронияларға ыдырайды. Осы уақытта қоғамның сословиелік топтық құрылымында өзгерістер байқалады. ХІҮ ғ. сословиелік өкілдік жүйесі толық қалыптасады. Сословиелік құрылымның ерекшелігі мемлекет масштабында бірліктің болмауы еді. Империяда империялық сословиелер немесе шендер, князьдіктерде земстволық сословиелер қалыптасады. Бірінші топқа империялық князьдер, рыцарьлар және қалалар кіретін. Екінші топты князьдіктердің дворяндары мен дін иелері және қалалар /князьдік/ құрайтын.

Төменгі дворяндар - рыцарьлар өз маңызынан айырылады және кедейленеді. Шіркеу қызметкерлері 2 топқа: жоғарғы /епископтар, аббаттар/ және төменгі /қала және ауыл дін иелері/ болып бөлінеді. Жоғарғы топ курфюрстар сословиесіне енді.

Германия қалалары 3 топқа жіктелді. Бірінші топтағы империялық қалалар императордың вассалдары болды. Король билігі әлсіреген сайын олардың құқықтары да көбейіп отырды. Ерікті қалалардың құқықтары империялық қалалардікімен: бірдей болды, бірақ олар салықтардан және әскер беру міндетінен босатылған еді. Князьдік қалалардың өзін-өзі билеуі шектеулі болды және құқықтары аз болды.

Қала халқы да 3 топқа жіктелді. Барлық қала лауазымдары патрициаттың қолында болды. Оған оппозицияда 2 топ: бюргерлер және қалалық плебей тұрды.

Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың негізгі бөлігінің жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. ХІҮ ғ. Германияда шаруалардың құқықтық жағдайы әртүрлі 3 аудан: Саксония, Оңтүстік-батыс аудан, Шығыс өңір қалыптасады.

Сословиелік топтар өзара тынымсыз күрес жүргізді және ұқсас топтардың бірігуіне провинциялардың өзара айырмашылықтары және алшақтықтары кедергі жасады.



Мемлекеттік құрылыс. ХІІІ ғ. бастап Германияда саяси билік пен басқарудың жекелеген орталықтары қалыптаса бастады.

Орталық аппарат іс жүзінде курфюстардың қолында болды. ХІІІ ғ. король билігі князьдердің үстінен бақылаудан толық айырылады. Штауфен әулеті императорларының сепаратизмді шектеуге бағытталған шаралары нәтиже бермейді. Король князьдерге қатысты "тең князьдердің арасындағы бірінші" болды.

1356 ж. император Карл ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны басқару 7 курфюрсттың қолында шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен империялық сот қызмет етті. Рейхстаг жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді.

1495 жылы Вормс рейхстагтағы империялық жоғарғы сотты құрады. Соттың 14 мүшесін курфюрсттар мен князьдар, 2 мүшесін қалалар, төрағасын император тағайындайтын. Империяны князьдар басқаратын 10 округке бөлу көзделді. Осы 10 князь сот шешімдерін жүзеге асыруға тиіс болатын. Бұл үшін князьдерге әскери контингенттер беру  көзделді. Империяны басқару шығындарын өтеу үшін "жалпыимпериялық пфеннинг" салығы енгізіледі.



Герман феодалдық құқыққа жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды.

Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық  құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген.



Шығыс славяндардағы мемлекеттіліктің қалыптасуы. Б.э.д. екінші мыңжылдықта  Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен Днепр және Одеро аралығында славяндар өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті.

Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды этникалық массивтер, венедалар Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді.

І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда болды.

Шығыс славяндар Шығыс Европа бөлігін алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды.

Демократиялық ұйымын - халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі басқару органының қалыптасу процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте-бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып,  қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты.

ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде көшпенділер арасындағы күрестің нәтижесінде бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін құрады. Псковтық,  Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады.

Киев Русінде феодалдармен бірге ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді тұрғындар және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды.

Киев Русі негізінен ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды:

-         ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы

-         халық әскері

-         жолданбалы /жасақ/ әскер

Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды.



Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді.

Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды.

Изгой - өзінің бұрынғы жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық құқықсыз болды. Басқа себептермен құл атанған адамдар "холоп" деді.

Орыс Правдасында "челядин" деп толық құқығы жоқ, басшысының қол астындағы құлдар.

Ал қала тұрғындары екі негізгі топқа бөлінеді: төменгі дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары.

Орыс Правдасында басқару жүйесінің даму процесін анықтап, айыппұл көлемін белгілеген.

Мұрагерлік құқық жеке меншіктің нәтижесінде қалыптасты. Әке мұрасы кенже ұлына берілді, ал қыз балалар мұрагер ретінде танылмады. Орыс Правдасы саудагерлер арасында заем шартының айналымын, сауда айналымындағы несие жүйесі, мәміле жасау үшін арнайы сенімхаттың болуын талап етті. Жазбаша ескерткіш құқығында қылмыс және жазаның баптары көрсетілген, онда қылмыс, мүліктік қылмыстар, моральдық, материалдық, физикалық зардап т.б. ұғымдарайқындап көрсетілген. Қылмыс объектісі - князь билігі, мүлік, қылмыстың объективті жағы- қылмысқа оқталу, аяқталмаған қылмыс. Ал қылмыс субъектісі болып құлдар танылмайды. Субъективті жағы қасақана қылмыс жасау. Ең аса ауыр қылмыс князь билігіне сұғу болып табылды. Сонымен бірге шіркеуге қарсы, тұлғаға қарсы, мүлікке, адамгершілік және жанұяға қарсы қылмыстардың түрлері болды. Жаза: айыппұл, қанға -қан,жанға-жан , компенсация , аяқ, мұрын кесу, көзін ою сияқты жазаның түрлері болды. Өлім жазасын қолдануға рұқсат берілді. Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы мен қалыптасуы құқықпен тығыз байланысты. Ең басты заң шығару ескерткіші  Орыс Правдасы. Киев Русі осы құқықтар арқылы жергілікті, отандық жер байлығын, қоғамдық қатынастарды, қоғамдағы тәртіпті бекітті.

Негізгі єдебиеттер:

1.  Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2.  Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4.  Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

1.  Корсунский А.Р.Образование раннефеодального государства в Западной Европе.-М.,1963.

2.  КорсучскийА.,Гюнтер Р. Упадок и гибель Западно-Римской империи и возникновение Германских королевств.-М.,1984.

3.  Крашенникова Н.А. Великая Французкая буржуазная рыволюция и ее первые конституционные акты.//Вестник МГУ.-1989.-№4.

4.  Лисневский Э.В. История государства и права Великобритании.-Р.Д.,1975.

5.  Литаврин Г.Г. Византия, Болгария,Др.Русь.СПб.2000.

6.  Лопоухов Б.Р. Истрия фашисткого режима в Италии.-М.,1977.

7.  Люблинская А.Д. Французкий абсолютизм в первой трети 17в.-М., Л., 1975.

8.  Петрушевский Д.М. Очерки по истории английского государства в средние века. –М.,1930.

9.  Прело М. Конституционное право Франции.-М.,1957.

10.       Проблемы истории абсолютизма: Ученые записки Всесоюзного заочного юридического института .//Под.ред.К.И.Батыра.-М.,1957.

11.       Прокопьев В.И. Армия и государство в истории Германии 10-20вв.-М.,1977.

12.       Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.Идеи и институты Древней Греции.-М.,1989.

13.       Рождение Французкой буржуазной политико-правовой системы.1990.

14.       Савело К.Т. Раннефеодальная Англия –М.,1977.

 

Таќырып 5. Орта ғасырдағы Шығыс мемлекеттерінің мемлекет  және құқығы.

Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп отырған Азия  құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония  сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб  әмірліктері  атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның  барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман  мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық.

Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан  және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке  қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы  өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады.

Мұсылман құқының қайнар көздері – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс-  туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі  негізгі дін қағидалары комплексі  шариат  деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап  тура жол ұстаумен тығыз  байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар  мен мұсылмандардың өзара қатынасы  және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған  жағдайлары  байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым  әл фих юристируденция зерттесе,ал  шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады.

Мұсылман  сот ісі алғашқы халифтер кезінде жүзеге  аса бастады. Шариат нормалары бойынша сот ісін жүргізуі  чиновники  кады   немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634-644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған  аймақ азаматтық  және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында  қаладағы қоғамдық орындар  мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды.

Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп атады және осындай жердің бәрінен  арнайы салық хараджалынды.

1.                  Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі мұсылман еместерден алынатын жан  басы салығы. Бұл салықты жаулап алған кезде аман қалдырғаны үшін кәмелетке толған барлық ер адамдар төледі.

2.                  Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген.

3.  Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан  алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа.

Негізгі єдебиеттер:

1. Сарсенбаев М.А. Мусульманское право. Оқулық. Алматы: Данекер, 1993

2. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право:Вопросы теории и практики. Оқулық: Москва, 1986

4.  Беляев Е.А., Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье.Москва, Наука 1966

5.   Садагдар М.И. Основы мусульманского право. Москва, Наука 1968

6.  Капинский С.А. Институт монарха в странах Арабского Востока. Москва, Наука 1981

7.    Утеулин Д. Феномен Мухаммаеда// Юрид газета, 20 қаңтар 1999

8.  Баишев Ж., Байкенов В., Сарсембаев М.   Мусульманское право. Алматы: Данекер 1999

9.  Киримов Р.М. Шариат и его социальная сущность. Москва, Наука 1978

10. Еремеев Д.Е. Ислам: образ жихни и стиль мышления.Москва, Политиздат, 1990

11. Мавлютов Р.Р. Ислам: Москва, Политиздат. 1969

12. Давид Р. Основные правовые системы современности. Москва, Прогресс, 1988

13. Вагабов М.В. Ислам и семья. Москва, Наука, 1980

 

 



Таќырып 6. Буржуазиялық Еуропа мемлекетті.(XVII-XIXғғ)

Буржуазиялық Ұлыбритания мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің  барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде  мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып,  Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық  саяси  тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық-өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.

Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай,  болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм-революция идеологиясы. ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды.

Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600-1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды;  король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды.

Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан  қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы  жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының  нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды.  Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады.

Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі:

1.     конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін);

2.     бірінші азаматтық соғыс (1642-1646);

3.     төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646-1649);

4.     индепенденттік республика (1649-1653).

Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет