Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары Таќырып Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы



бет2/6
Дата24.02.2016
өлшемі311 Kb.
#15810
1   2   3   4   5   6

Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери      аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті  орынға ие болған. Оларды  «авадхья» - қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды,  оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері  «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.

Ежелгі Үнді мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Магадхско- Маурийлер дәуірі монархиялық биліктің күшеюмен және тайпалық басқару институттарының ролінің құлауымен мінезделеді. Мемлекеттің негізгі тұғыры   патша.  Мұрагерлік принципі өте қатаң түрде сақталған.   Патша тірі кезінде өзінің мұрагерін тағайындаған.


 Маурийлер дәуірінде «чакраввартина»  концепциясы қалыптасты – бұл  бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі.

Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін иемденген.  Эдиктілер патша атынан  және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және  әкімшіліктің басшысы, жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған.  Сонымен қоса, саны жағынан көп  әскердің әскерибасшысы.

Көптеген  патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға  байланысты патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған.

Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен рольге ие болған.

Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған, бірақ Маурий дәуірінде  саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта түсті. Ол  барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы кеңес болған.

Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған  әскери және абыздар біліктілерінен құрылған.

Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған.

Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға (джанападтарға),  облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген. Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл.

Джанапад басында үлкен мемлекеттік шенеуніктер  - раджуктар тұрды. Округтың басты қалаларында кеңселер болды, бүкіл үкімдер сол жерден жіберілетін.

Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған.

Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси ұйымдарын  сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған.

Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207 жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.).

Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен  Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды.

Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және  мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген.

Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған.

Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да  және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.

Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б. көмекшілерді жатқызады.

Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады.

Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.

Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі (б.э.д. 770-403 жж.), «күрескен патшалықтар» (б.э.д. 403-221 жж.).

Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.

Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады.

Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу.  2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды.

Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.

Негізгі єдебиеттер:

1.     Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.

2.     Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

3.     Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

4.     Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Ќосымша єдебиеттер:

1.  Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001.

2.  История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.

3.  Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М., 1983.

4.  Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.

5.  Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.

6.  Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии // История и культур Древней Индий. М., 1963.

 

Таќырып 2. Ежелгі шығыс өркениет құқығы.

Ежелгі  дүниедегі құқықтың пайда болуы және дамуы. Қандай  да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне  және адамға ішкі ұйымдасушылық  қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен  айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады.Рулық қауым сатысында ішкі  мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы,шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп.  Ал суы жиі  таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады.

Адамдар бірлестігінің түрлері өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық қауымдағы адам өзінің  құқы туралы көп ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда әрбір қауым мүшесі  жыл сайын жердің қайта  бөлінуіне, жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі бола бастады. Ал осындай өзгерістердің барлығы белгілі бір өзара келісілген нормалардың пайда болуына  алып келді. Шаруашылықтың  күрделенуіне байланысты нормалардың көбеюі жазылған заңдарды  қажет ете бастады және сол нормаларды қадағалап отыратын арнайы қызымет адамдары да пайда болды.



Ежелгі Египет (Мысыр) құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Египетте құқықтың қайнар көзі бастапқыда әдет-ғұрып болды. Мемлекеттің дамуы перғауындардың заң шығару құзіретін қарқынды етті. Заңдарды кодификациялағаны туралы мәліметтер бар, бірақ бұл жинақтар  бізге дейін жетпеген. Дегенмен кейбір тарихи деректер, арнайы мәліметтер Египет құқығының жалпы сипаттамасын бере алады. Ежелгі грек авторларының шығармаларының сақталынған үзінділері  біраз мәліметтер береді, мысалы “ грек тарихшысы Диодор алғашқы жазба заңдарды I патша әулетінің негізін салушы, аты аңызға айналған  Менесу (шамамен б.э.д. 3000 ж) перғауын құрастырған” деген. Ежелгі Египет және антикалық әдебиеттерде келесі перғауындардың заң шығару қызметімен  белсенді айналысқандығы туралы көрсетілген. Сол сияқты Сасихисус патшаға дінге қатысты заң, Бокхориске (б.э.д.VIIIғ)-қаржы және саудаға байланысты толық кодекс, Амасиске (б.э.д.VIғ) жергілікті әкімшілік құзыретінің регламенті туралы заң жатқызылады. Ерте патшалықтың өзінде-ақ түрлі нысандағы патша актілері белгілі болған. Олардың бірі жалпы  нормативтік сипатта (заңдар), басқалары патшаның, жеке сұрақтар бойынша  нақты бұйрықтары болды.

Египетте жер мемлекет меншігі болып саналды. Египетте жер иеленудің бірнеше түрі болды: мемлекеттік, шіркеулік, жеке және қауымдық. Ірі жер иеленушілер қатарына шіркеу шаруашылығы және патшалық вельможалар жатты. Олар жерге қатысты түрлі мәмілелер жасай алды (сыйға беру, сату, мұрагерлікке беру).

Жылжымалы мүлікке құлдар, жұмыс малы, ертеректе жеке қолға түскен және  түрлі мәмілелер құралына айналған инвентарь жататын.

Міндеттемелер. Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты  бірнеше келісім түрлерін ежелгі египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Бұл тәртіп мынандай үш актілі көріністі  құрастырды: бірінші, шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі, екінші акт, діни сипатта, яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітді; үшінші акт сатып алушыны иелігіне енгізу, бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті. Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.

Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі  болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған, бұл отбасында  әйелдің орны жоғарылығымен көрініс тапқан. Уақыт өте күйеуінің құқығының нығаюып, ер адам отағасықұқыққа ие болып, әйел адам бұрынғыдай еркек пен тең құқылы болмаған. Египетте екі жақтың келісімімен ажырасу жүзеге асырылатын.

Египет құқығы бойынша мұрагерлік заң  және өсиет бойынша қалдырылған. Заң бойынша мұрагер ұл да, қыз да бола алады. Ал, өсиетті күйеуіде, әйеліде құра алады.



Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына  мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған). Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Діни сипаттағы қылмыстар өте ауыр жазаланған (қасиетті жануарларды өлтіру: мысық,үкі ).

Азаптау әдістері кеңінен қолданылған. Іс  жүргізу жазбаша жүргізілген.



Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.

Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады.  Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды.

Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды.

Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді.

Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады.

Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы.

Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді.

Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген.

Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.

Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.

Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.

Жинақтың мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған және отбасына қарсы бағытталған.

Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған.  Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды.  Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ,  б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады.

Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған.

Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді.

Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.

Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты  белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.

Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған.

Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.

Неке және отбасы құқығы.  Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән.  Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.

Отбасы мүлкі толығымен  отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».

Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.

Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген.  Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда  мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған.  Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.

Қылмыс пен жаза.  Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары  танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.  



Ежелгі Қытай құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Қытай заңнамаларының түп нұсқалары бізге жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы жазылған заңдар және заңдар жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда болған дейді. Қытайда заң шығармашылық б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси аренада патриархалдық дәстүрге және тарихи әдет-ғұрыпқа  тірек жасаған конфуцияндар мен мемлекеттік заңның мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист мектебінің арасында қарама-қайшылық туындаған кезде жылдам дами бастаған.

Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар кітабы» атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл кітапта сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары жинақталған.

Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен бастап малға, құлға, еңбек құралына, құнды әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге деген мемлекеттік меншік және қауымдық қатынас ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік жіктелудің және тауарлық өндірістің дамуына кері әсерін тигізді.

Отбасы және неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда матриархаттың элементтері барын байқауға болады, яғни қандас туыстардың арасында неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі мен балаларына басшылық жүргізген, яғни толық патриархалдық дамыған.

Қытай әдет-ғұрпы бойынша мұралыққа бәйбішіден тұған ұл ғана ие болады. Ұлы болмаса еркектің тұған-туыстары мұралыққа ие болады.

Қылмыс пен жаза. Ежелгі қытай құқығы бойынша қылмыс ұғымы мен қылмыстың түрлері және жаза тағайындалу өте ерекше сомдалған. Қылмыстық заңнамада қылмыстың түрлері көрсетілген: мемлекеттік қылмыстар. Бұлардың қатарына ұлы патшаға тіл тигізу,үкіметке бағынбау және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған: денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын кесу, әтектеу және өлім жазасы.

Негізгі єдебиеттер:

1.  Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.

2.  Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

3.  Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

4.  Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

5.  Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

Қосымша әдебиеттер:

Кайнар көздер тізімі

2.  Антология мировой правовой мысли. В 5 т. Т.1. Античный мир и восточные цивилизации /Отв. Ред. Л.Р. Сюкияйнен. М,. 1999.

3.  Законы Вавилона, Ассирии и хеттского царства /Предисл., пер. и коммент. под ред. И.М. Дьяконова //Вестник древней истории 1952. № 3-4.

4.  Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1.Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.  История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.

2.  Крашенникова  Н.А. История права Востока. М., 1994.

3.  Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.

4.  Якобсон В.А. Возникновение писанного права в Древней Месопатамии // Вестник древней истории. 1984. № 4.

5.  Якобсон В.А. «Кража» и «грабеж» по законам Хаммурапи // Палестинский сборник. Вып. 26. М., 1978.

6.  Вигасин А.А. «Уста о рабах» в Артхашастре Каутильи // Вестник древней истории. 1976. №4.

7.  Вигасин А.А. Юридическая тематика в композиции дхармашастр // Санскрит и древнеиндийская культура. М., 1979.

8.  Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977.

9.  Крашеникова Н.А. Индусское право: История и современность. М., 1982

10. Кузнецов А.А. Эволюция индийской касты. М., 1983.

11. Самозванцев А.М. Правовой текст дхармашастры. М., 1991.

12. Самозванцев А.М. Теория собственности в Древней Индии. М., 1978.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет