Ежелгі түркі өркениеті. Орхон-Енисей ескерткіші көне түркі жазбасы



бет3/5
Дата09.11.2023
өлшемі0.56 Mb.
#482836
1   2   3   4   5
Ежелгі түркі өркениеті шырай

Түркі өркениеті өз ішінде де, басқа өркениеттермен қарым-қатынасында да әрдайым үндестік пен үйлесім тудыруға тырысады. Өзара алмасу мәдениетіндегі толеранттылық осы өркениеттің ішкі тепе-теңдігі мен тұрақтылығын сақтайды. Түркілер кең-байтақ Еуразия кеңістігінде қаншама мемлекет пен империялар құрса да, әрі осы саяси құрылымдарда тарих бойы жеке-жеке ұлттық мәдениеттер қалыптасса да, бұл тарихи-этникалық, саяси-мәдени тармақталу түркі өркениетінің өзегін ыдыратып, жоймаған. Түркі өркениеті тарихтың барлық кезеңдерінде түркі ұлттық мәдениеттерінің бірлестіруші базасы ретінде сақталып қалған, әрі осы «ағымдардан» келген қуатпен әрдайым күшею, мызғымас іргетас болу мүмкіндіктеріне қол жеткізген.

Бұл тұрғыда түрікі әлемінің бірлігі – түркі өркениетінің бірлігі, біртұтастығы деген сөз. Түркі өркениеті өзінің барлық қызмет ерекшеліктері арқылы Еуразияның бай табиғатын, этносфераның алуан түрлілігін, фольклор архетиптерін өзінің өзегінде тарих бойы сақтап, олардың бірлігін рухани қуатқа, әскери-саяси ұйымдасушылық құдіретке айналдыра білгендіктен, сөздің нақты мағынасында айтар болсақ, пассионар өркениет болып табылады.

Түркілердің саяси басымдығы исламды дін, өркениет және саясат ретінде өз тарихының ең жарқын сатысына шығарды. Гүлденген дәуірінде өзара байланыстар құрған үнді, қытай, ислам, батыс және славян өркениеттері шеңберінде түрк өркениетінің жинақтаушы қызметі адамзаттың тарихи дамуын бағыттау жігеріндегі мақсаттылығымен көрінген.

Түркілердің саяси басымдығы исламды дін, өркениет және саясат ретінде өз тарихының ең жарқын сатысына шығарды. Гүлденген дәуірінде өзара байланыстар құрған үнді, қытай, ислам, батыс және славян өркениеттері шеңберінде түрк өркениетінің жинақтаушы қызметі адамзаттың тарихи дамуын бағыттау жігеріндегі мақсаттылығымен көрінген.

Түркілер саяси тұрғыдан басқа халықтар мен дін мәселесінде қандай да бір кемсітушілікке жол бермегені секілді, өзге халықтардың ахлақи және рухани заңдарына, өнер технологияларына, тарихи ескерткіштеріне де құрметпен қараған. Мысалы, Орталық Азиядан Анадолыға дейін бүкіл түркі елдеріндегі көне өркениеттердің барлық іздері қиратылмай, қорғалып, сақталып қалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет