Қазіргі заманда түркі ұлттық мемлекеттерінің бірлігі идеясының түп-түбірінде де осы мемлекеттерді тудырған түркі халықтарының этногенетикалық іргетасы, ұлы өркениет бастаулары, мемлекеттілік тәжірибесі мен дәстүрі, бүкіл тарих бойы жалғасқан этномәдени байланыстары, тарихи бөліну процестерінде жоғалтпай сақтап қалған, әрі ұдайы дамытып отырған ортақ құндылықтары жатыр. Қазіргі заманда түркі ұлттық мемлекеттерінің бірлігі идеясының түп-түбірінде де осы мемлекеттерді тудырған түркі халықтарының этногенетикалық іргетасы, ұлы өркениет бастаулары, мемлекеттілік тәжірибесі мен дәстүрі, бүкіл тарих бойы жалғасқан этномәдени байланыстары, тарихи бөліну процестерінде жоғалтпай сақтап қалған, әрі ұдайы дамытып отырған ортақ құндылықтары жатыр. Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған. Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
Достарыңызбен бөлісу: |