Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет41/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54

               жасау қатерiн төндiру
      1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамын өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қорлау, сондай-ақ оған қатысты зорлық әрекеттер жасау қатерiн төндiру, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 529-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       530-бап. Мемлекеттiк наградаларды заңсыз тағып жүру
      1. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн немесе ордендiк ленталар мен планкадағы медальдар ленталарын бұған құқығы жоқ адамның тағып жүруi, -
      ескерту жасауға немесе Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерi, медальдары, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсi, айырым белгiсi немесе орден ленталары мен планкадағы медальдар ленталары тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның ордендерiн, медальдарын, құрметтi атақтың кеудеге тағатын белгiсiн, айырым белгiсiн сатып алу, сату немесе өзге де өтемiн алып беру, -
      белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
      белгiлер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 530-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       531-бап. Айырым белгілері және (немесе) нышандары бар
                нысанды әскери киімді, сондай-ақ нысанды киім
                мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру
                (пайдалану)
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      1. Айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімді, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
      айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметті жүзеге асырумен байланысты жасауы -
      айырым белгілері және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 531-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.04 N 53-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-тарау. ӘКIМШIЛIК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
      Ескерту. 532-бап алынып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      533-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 533-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      533-1-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті
                  адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз
                  материалдық сыйақы алуы
      1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, -
      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. Кодекс 533-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
      534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық
               сыйақы беруi
      1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың, бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
      Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
      Ескерту. 534-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      535-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi
                басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк
                қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер
                алуы
      Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
      осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 535-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
      536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi
                туралы көрiнеу жалған ақпарат беру
      Ескерту. 536-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 308 Заңымен.
      537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi
                мемлекеттiк органдар басшыларының шара
                қолданбауы
      Мемлекеттiк органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 537-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 315, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
      537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған
                  адамдарды жұмысқа қабылдау
      Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 537-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
  3-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI ҚАРАУҒА УӘКIЛЕТТI ОРГАНДАР
31-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
      538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
                қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
      1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
      1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
      2) осы Кодексте уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
      Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
      Ескерту. 538-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
       539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
               қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар)
               құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
      1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
      3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
      4. (Алынып тасталды - 2005.10.21. N 80 Заңымен)
      5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
      Ескерту. 539-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2005.10.21 N 80, 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      540-бап.
      Ескерту. 540-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
32-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДIҢ ҚАЙДА
ҚАРАУҒА ЖАТАТЫНДЫҒЫ, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ IСТЕРДI ҚАРАУ ЖӘНЕ
ӘКIМШIЛIК ЖАЗАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНIНДЕГI ҚҰЗЫРЕТI
      541-бап. Cоттар
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2016.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірінші бөлікке енгізілген өзгеріс 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84-1, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 86-2, 87 (2-1 және 2-2-бөліктерінде), 87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 122, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-3, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде), 147-12, 147-13, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222 - 226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 328-2 (екінші бөлігінде), 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 341-1, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлiгiнде), 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 388-1, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (үшінші бөлігінде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 464-2 (екінші бөлігінде), 464-3 (екінші – төртінші бөліктерінде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктерінде), 471 (бірінші, екінші, төртінші – он бірінші бөліктерінде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 474-2, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 – 524, 528 – 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      1-1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
      1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 320 (екінші бөлігінде), 331, 332 (үшінші бөлігінде), 334 (үшінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 500-баптарында (екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
      2) осы Кодекстің 111, 111-1, 111-2, 111-3, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екінші бөлігінде), 336 (1-1-бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
      2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстің 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
      Ескерту. 541-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.28 N 398, 2003.06.03 N 428, 2003.07.02 N 451, 2003.07.03 N 464, 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшіне енеді), 2003.12.05 N 506, 2004.05.06 N 551, 2004.07.06 N 572, 2004.12.09 N 10, 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N 181 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 220 (2007.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.06.29 N 270, 2007.07.06 N 276, 2007.07.21 N 299, 2007.07.21 N 307, 2007.07.21 N 308, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.25 N 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 115-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10 N 176-IV, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.07.10 N 178-IV, 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.16. N 186-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды), 2009.12.04 N 215-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 225-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.04.29 № 272-IV, 2010.06.28 № 295-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі),  2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 N 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 N 533-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 111-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      542-бап.
      Ескерту. 542-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
      1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 131-1, 144, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 328-2 (бірiншi бөлiгiнде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-7 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380 (бірінші бөлігінде), 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446, 447-1 (екiншi бөлiгiнде), 447-3, 459, 461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші – жетінші бөліктерінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467-1, 468 (үшінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470, 471 (үшінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474, 475, 476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 490, 500 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
      1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      2) осы Кодекстiң 131, 131-1, 160 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 328-2 (бірінші бөлігінде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 380 (бірінші бөлігінде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 490-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
      3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 446, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
      4) осы Кодекстiң 131, 131-1, 281-1, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
      5) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
      6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 463-4 (төртінші – алтыншы бөліктерінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 464-2 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 464-3 (бірінші, бесінші – жетінші бөліктерінде),  467-1 (екінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (үшінші және он үшінші бөліктерінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 467-1 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 471 (он екінші бөлігінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;
      8) осы Кодекстiң 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      9) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
      10) Алынып тасталды - ҚР 2007.03.26 N 240 Заңымен.
      11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      12) осы Кодекстің 377, 380 (бірінші бөлігінде), 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      13) осы Кодекстің 394-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – көші-қон полициясының арнаулы атақтары бар қызметкерлері.
      Ескерту. 543-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 428, 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 N 240, 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.10. N 176-IV, 2009.07.10 N 180-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.29 № 272-IV, 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      544-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
      Ескерту. 544-бап алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      544-1-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган
      1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган:
      осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 460-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;
      221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
      осы Кодекстің 504-бабында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға – төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      3. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      4. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 544-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      544-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті
                   орган
      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 221-1 (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 544-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       545-бап. <*>
      Ескерту. 545-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
      546-бап.
      Ескерту. 546-бап алынып тасталды - ҚР 2003.12.05 N 506 Заңымен.
      547-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган
      Ескерту. 547-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 446-2, 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
      соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
      Ескерту. 547-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 428, 2003.07.03 N 464, 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2010.07.15 N 340-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      548-бап. Көлiк бақылау органдары
      1. Көлiк бақылау органдары осы Кодекстiң 246 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2, 447-4, 447-5, 447-6, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 457, 458, 458-1, 458-2, 459, 460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлiгiнде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 479 - 480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 483-1, 486 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Көлiк бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
      осы Кодекстiң көлiк бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлiк бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлiк бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 447-2, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылатын кезде, екінші, үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-480 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 480-1, 481, 483, 483-1, 486 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң үшiншi абзацында көрсетiлген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
      Ескерту. 548-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), өзгерістер енгізілді - 2007.07.27 N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет