Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет43/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54

                орган
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Астық нарығын реттеу саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 186, 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 560-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.12.05 N 506, өзгерту енгізілді - 2006.01.20 N 123, 2007.07.21 N 299, 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.11  N 229-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 13.06.2013 N 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      560-2-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті
                  орган
     1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері осы Кодекстің 220, 294, 309-3, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексенге дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 560-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      561-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы
                уәкiлеттi органдар
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірінші бөлікке 01.01.2015 бастап өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 11.04.2014 N 189-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
      1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдар осы Кодекстің 121, 124 (екінші бөлігінде), 276, 277, 278 (екінші бөлігінде), 279-281, 281-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:
      Суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор және оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік бассейндік (аумақтық) инспекторлары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс беске дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 561-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV Заңдарымен.
      562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы
               саласындағы уәкiлеттi органдар
      1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 
      2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 121, 125, 126, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 299, 300, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
      2) осы Кодекстiң 121, 250, 252, 282, 283 (екiншi бөлiгінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
      2-1) осы Кодекстің 121, 250, 252, 282, 283 (екінші бөлігінде), 284-291, 294, 296, 297, 298 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
      3) осы Кодекстiң 121, 126, 250, 252, 283 (екiншi бөлiгiнде), 284 (үшiншi бөлiгiнде), 285 (екiншi бөлiгiнде), 286 (екiншi бөлiгiнде), 287 (төртiншi бөлiгiнде), 289 (төртiншi бөлiгiнде), 290 (екiншi бөлiгiнде), 291 (екiншi бөлiгiнде), 294 (екiншi бөлiгiнде),  296-1, 297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
      Ескерту. 562-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгізілді - 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
                бақылауды жүзеге асыратын органдар
      1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 120, 256, 257, 258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 118, 121, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) жерді пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүзге дейінгі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 563-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      563-1-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 134-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 563-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы N 48 Заңымен.
      563-2-бап. Геодезия және картография саласындағы
                  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
      1. Геодезия және картография саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 121 (екінші бөлігінде), 258-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы орталық уәкілетті орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 563-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      564-бап. <*>
      Ескерту. 564-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.
      565-бап. Монополияға қарсы орган
      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 147-1 (бірінші бөлігінде), 147-2, 147-3,  147-4, 163-5-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 565-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2008.12.25 N 113-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      565-1-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және
                   реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге
                   асыратын уәкiлеттi орган
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.07.04 № 25-V (2017.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы  Кодекстiң 147-5, 147-6 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 147-7, 147-8, 147-9, 186, 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
      Ескерту. 565-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.04 № 25-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      565-2-бап. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған
                 қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге
                 асыратын уәкiлеттi орган
      Ескерту. 562-2-бап алып тасталды - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       566-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн
                қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бақылауды
                жүзеге асыратын органдар
      1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 219-9, 317 (бірінші бөлігінде), 317-4 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) – баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 566-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28. N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.10 N 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi
               уәкiлеттi орган
      1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 567-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті
                  мемлекеттік орган
      Ескерту. 567-1-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік
               сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге
                 асыратын органдар
      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 235-1 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерінде), 236, 237-2, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары құқылы.
     Ескерту. 568-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.12.05 N 506, 2005.10.21 N 80, өзгеріс енгізілді - 2006.01.10 N 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.01.20 N 123(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.21 N 307, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      568-1-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері
                  жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстiң 231, 236 және 239-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 32-тарау 568-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті
                орган
      1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.
      Ескерту. 569-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
      570-бап. Салық қызметi органдары
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бірінші бөлікке енгізілген өзгеріс 01.01.2015 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
      1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1, үшінші бөліктерінде), 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 166, 205 – 206-1, 207, 208, 210 – 212, 213 (бірінші — үшінші бөліктерінде), 215 — 218, 218-1 (бiрiншi – алтыншы, сегізінші бөлiктерiнде), 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Салық қызметi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 570-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.13 N 394 , 2003.12.05 N 506 , 2004.04.08 N 542 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      570-1-бап. Қаржы полициясы органдары
      1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бірінші және 2-2-бөліктерінде), 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 570-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.12 N 240 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2004.12.09 N 10, 2005.10.21 N 80, 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
      571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
               органдары
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 177, 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) (алып тасталды)
      2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 177, 178, 179-2,  184-2, 186, 204, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттiк қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.
      3) (алынып тасталды)
       Ескерту. 571-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2005.10.21. N 80 , 2006.01.20.  N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі),  2006.05.05. N 139 , 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27. N 315 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган
      1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167, 167-2-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
      Ескерту. 571-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 304 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет