Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


белгiлерiн жасау немесе өткiзу



бет40/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54

               белгiлерiн жасау немесе өткiзу
       Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн өткiзу мақсатында жасау немесе өткiзу, -
      пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерi, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 501-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
       502-бап.
      Ескерту. 502-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.04.13. N 40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
28-тарау. ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ӘСКЕРИ МIНДЕТТIЛIК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
ПЕН ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
      503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру
               учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың
               тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына
               бермеу немесе уақтылы бермеу
      Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына бермеу немесе уақтылы бермеу, -
      меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      504-бап. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына
                әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер
                (әрекетсіздік)
      Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) -
      азаматтарға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 504-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      505-бап. Жергілікті әскери басқару органының
               шақыруы туралы азаматтарға хабарламау
      Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi
               тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер
               туралы мәлiметтердi уақтылы бермеу
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -
      ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен
               азаматтар туралы мәлiметтердi хабарламау
      1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi
               мiндеттердi орындамауы
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi –
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 508-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан
                жалтару
      1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -
      әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана
                бүлдiру немесе жоғалту
      Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -
      ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      511-бап. Әскери қызметке даярлықтан жалтару
      Шақырылушылардың жергілікті әскери басқару органдарының жолдамасымен әскери-техникалық мамандықтар бойынша әскери қызметке даярлықтан жалтаруы немесе дәлелдi себептерсiз оқу ұйымдарының сабақтарына қатыспауы, -
      ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 511-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.22. N 255 Заңымен.
      512-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке
               заңсыз шақыру, оларды шақыруды заңсыз
               кейiнге қалдыру
      Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке заңсыз шақыру не оларды шақыруды заңсыз кейiнге қалдыру, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       512-1-бап. Әскери қызметшіні қорлау
      1. Әскери қызмет міндеттерін орындау уақытында немесе орындауға байланысты олардың арасында бағыныстылық қатынастар болмаған кезде бір әскери қызметшінің екінші әскери қызметшіні қорлауы, -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.
       512-2-бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап
                 кету
      1. Бейбіт уақытта, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметші жасаған, бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылу, тағайындау, ауыстыру кезінде, іссапардан, демалыстан немесе емдеу мекемелерінен қызметке дәлелсіз себептермен мерзімінде келмеу, -
      айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын уақыттағы әрекеттер, -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.
       512-3-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық
                қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет
                атқару ережелерін бұзу
      Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қызмет атқару ережелерін бұзуы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-3-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.
       512-4-бап. Бағынбау немесе бұйрықты өзгедей орындамау
      Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы, -
      он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
       Ескерту. Кодекс 512-4-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен.
      512-5-бап. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану
                  қағидаларын бұзу
      Әскери, арнайы машинаны немесе көлік машинасын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу адамның денсаулығына абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 28-тарау 512-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БИЛIК ИНСТИТУТТАРЫНА ҚОЛСҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      513-бап. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру
      1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы бойынша сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтаруынан, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауынан, сот үй-жайында тәртіп бұзуынан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және сотта белгіленген ережелерді құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      ескерту жасауға не айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үштен бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 513-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.
      514-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               iс қарауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
      Қаралатын iске қатысушының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын органға (лауазымды адамға) келуден дәлелдi себепсiз бас тартуы не жалтаруы, яғни келмеуi, сөйтiп iс бойынша қарауды кейiнге қалдыруға себепшi болуы, -
      он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      514-1-бап. Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн сотқа
                  келмеу
      Алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн азаматтың сотқа шақыру бойынша дәлелсiз себептермен келмеуi, -
      азаматтарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      514-2-бап. Алқабилердің тiзiмдерiн жасау үшiн ақпаратты
                  табыс етпеу
      Алқабилердiң тiзiмдерiн жасау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға қажеттi ақпаратты табыс етпеу, сол сияқты дұрыс емес ақпарат табыс ету, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткіштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      514-3-бап. Азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергі
                  келтiру
      Лауазымды адамның азаматқа алқаби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiруi, -
      лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      514-4-бап. Алқабилердің сот талқылауында iстi қарауға
                  байланысты iс-әрекеттеріндегi шектеулердi
                  сақтамау
      1. Сот талқылауында iстi қарауға байланысты алқабилердiң iс-әрекеттерiндегi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтамау, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттетуге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
      азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 514-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.16. N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      515-бап. Куәнiң айғақ беруден бас тартуы немесе жалтаруы
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) куә ретiнде жауап алуға тиiс адамның айғақ беруден дәлелдi себептерсiз бас тартуы не жалтаруы, -
      екi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      516-бап. Куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған
               айғақтары, сарапшының көрiнеу жалған
               қорытындысы немесе қате аударма жасау
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде және медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу барысында органға (лауазымды адамға) куәнiң, жәбiрленушiнiң көрiнеу жалған айғақтар беруi, сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi, сондай-ақ осындай жағдайларда аудармашының көрiнеу қате аударма жасауы, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сарапшылар медициналық қызмет сараптамасын жүргiзу кезiнде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған нақ сол әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Егер куә, жәбiрленушi, сарапшы немесе аудармашы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау барысында ерiктi түрде, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) iс бойынша шешiм шығарғанға дейiн өздерi берген айғақтардың, қорытындының жалғандығы, аударманың қате жасалғандығы туралы мәлiмдесе, олар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту. 516-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
       516-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
                  бойынша дәлелдемелерді бұрмалау
 
       Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша дәлелдемелердi iс жүргiзу iс-әрекеттерiне қатысатын маманның немесе қорғаушының жасаған бұрмалауы, егер бұл iс-әрекет адамның денсаулығына зиян немесе айтарлықтай залал келтiрмесе, -
      айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 516-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
       517-бап. Лауазымды адамның сараптама жүргiзу туралы
               қаулыны немесе тапсырманы не маманды шақыру
               туралы талапты орындаудан бас тартуы немесе
               жалтаруы
      Мемлекеттiк қадағалау және бақылау органының қаулысы немесе тапсырмасы жiберiлген лауазымды адамның сараптама жүргiзуден не бақылау жүргiзуге, құжаттар ресiмдеу iсiн жүргiзуге, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге немесе оны қарауға қатысу үшiн маманды шақыру туралы талабынан не оларды орындаудан дәлелсiз себептермен бас тартуы немесе жалтаруы, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      518-бап. Айыпталушының (сезiктiнiң) келетiндiгi
               туралы жеке кепiлгерлiктi бұзу
      Айыпталушының (сезiктiнiң) анықтау iсiн жүргiзетiн адамға, тергеушiге немесе сотқа келетiндiгi туралы өздерi жазбаша кепiлгерлiк берген адамдардың оны бұзуы немесе орындамауы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден немесе соттан жалтаруына әкеп соқса, -
      үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      519-бап. Кәмелетке толмаған айыпталушының
              (сезiктiнiң) келуiн қамтамасыз ету туралы
              мiндеттеменi бұзу
      Ата-ананың, қорғаншының, қамқоршының немесе арнаулы жабық балалар мекемесi әкiмшiлiгi өкiлiнiң қарамақтарына қарауға берiлген кәмелетке толмаған айыпталушының (сезiктiнiң) тергеушiге, анықтаушыға немесе сотқа келуiн қамтамасыз ету туралы өздерi жазбаша берген мiндеттемелерiн бұзуы, айыпталушының (сезiктiнiң) тергеуден және соттан жалтаруына әкеп соқса, -
      бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      520-бап. Соттың жеке ұйғарымы, қаулысы, прокурордың,
               тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысы
               бойынша шара қолданбау
      Лауазымды адамның соттың жеке ұйғарымын, қаулысын, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының ұсынысын қарамауы немесе оларда көрсетiлген заң бұзушылықты жоюға шара қолданбауы, сондай-ақ жекеше ұйғарымға, қаулыға немесе ұсынысқа дер кезiнде жауап қайтармауы, -
      сегiз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      521-бап. Прокурорға, тергеушіге және анықтау органына,
                сот орындаушысына, сот приставына келмеу
      Прокурорға, тергеушіге, анықтау органына айғақтар беру үшін, сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу, сол сияқты айғақ беруден бас тарту немесе көрінеу жалған айғақтар беру –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 521-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер
                 кезiнде хабарламау
      Мемлекеттiк органның заң актiлерiне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 521-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.08.09. N 346 , өзгерту енгізілді - 2006.06.22. N 147 Заңдарымен.
      522-бап. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының,
                сот приставының, сот орындаушысының заңды
                қызметiне кедергi жасау
      1. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот приставының, сот орындаушысының заңды қызметiне, мемлекеттiк органның меншiк нысанына қарамастан, ұйымның ғимаратына, үй-жайына немесе аумағына қызметтiк куәлiгiн көрсетуi бойынша кедергiсiз кiргiзуден, сондай-ақ қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәлiметтердi табыс етуден, тексерулер, ревизиялар мен сараптамалар жүргiзуден, мамандар бөлуден бас тарту әрекетiнен көрiнетiн кедергi жасау, -
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      2. Прокурордың, тергеушiнiң, анықтаушының, сот орындаушысының заңмен белгiленген негiзде және тәртiппен қойған талаптарын орындамау, -
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 522-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2006.06.22 N 147; 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      523-бап. Адвокаттың заңды қызметiне кедергi жасау
      Адвокаттың не адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокат кеңсесiнiң заңды қызметiн жүзеге асыруға, олардың кәсiптiк мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi құжаттарды, материалдарды немесе мәлiметтердi табыс етпеуден не жазбаша сауал салу бойынша заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етуден бас тарту әрекетiнен көрiнген лауазымды адамның кедергi жасауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      524-бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот
                актісін және атқарушылық құжатты орындамау
      Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде не бес тәуліктен он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 524-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      525-бап. Сот орындаушысының, сот приставының қаулысын
                және өзге де заңды талабын орындамау
      1. Лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындаумен байланысты, оның ішінде оларға белгілеген мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өндіріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге де жеке және заңды тұлғалардағы ақша сомасы мен мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөніндегі қаулыларын және заңды талаптарын дәлелсіз себептермен орындамауы –
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейінгі, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Сот орындаушысына көрінеу теріс, оның ішінде борышкердің табыстары мен мүлiктiк жағдайы туралы мәлiметтер беру, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сот приставының заңды талаптарын орындамау, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 525-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 қолданысқа енгізілді), 2006.06.22 N 147, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      526-бап. Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып
                табылатын адамның жұмыс орны мен тұрғылықты
                жерінің ауысқандығы туралы сот орындаушысына
                хабарламау
      Атқарушылық құжат бойынша ұстап қалуды жүргізетін адамның дәлелсіз себептер бойынша бір ай мерзімде төлем төлейтін адамның жұмыстан босатылғаны туралы, сондай-ақ оның жаңа жұмыс орны мен тұрғылықты жері туралы, егер бұл оған белгілі болса, сот орындаушысына және алимент алатын адамға хабарламауы, –
      айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 526-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      527-бап. Атқарушылық құжатты жоғалту
      Атқарушылық құжатты жоғалту –
      айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе: Осы бап бойынша өндіріп алушылар әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
      Ескерту. 527-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      528-бап. Сот орындаушысына атқарушылық құжаттарды
                орындауға кедергі келтіру
      Жеке тұлғалардың және ұйымдардың лауазымды адамдарының сот орындаушысының мүлікке өндіріп алуды қолдану іс-әрекеттерін (тізімдеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жасауына кедергі келтіруі немесе осыған байланысты оның талаптарын орындаудан бас тартуы –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 528-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       529-бап. Лауазымды адамды қорлау, зорлық әрекеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет