Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет77/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
екінші болма

Практикалық интеллект. Білім алған дұрыс. IQ-ді 
көтерген дұрыс. Қалай болғанда да, IQ-і жетпiске тең 
____________ 
61
Уэйн Дайер – америкалық жазушы, оқытушы, өзін-өзі дамытуды насихаттаушы. 


188
адам мен IQ-і жүз отызға тең адамның жеңіске жету коэф-
фициенті бірдей емес. Бірақ жалпы интеллектімен бірге 
практикалық интеллект деген болады. Біздіңше айтқан- 
да – өмірді білу. Қоғамды білу. Керек жерде, керек адамға
керек сөздерді айта білу. Өмірді білу деген – ынжық бол- 
мау, өз ойыңды айта білу, өзіңе керектіні ала білу, саған 
керек нәтиже болатындай дұрыс сөздерді қолдана білу. 
Практикалық интеллект шығармашылық адамдарын- 
да, интеллектуалды орталарда кемшін болады. Мұның да 
түсіндірмесі бар. Әдетте өздерінің біліміне тым сенімді 
адамдар, дүниенің кейбір заңдылықтарын қабылдаудан 
бас тартып жатады. Бірақ дүниенің заңдылықтарын еш- 
кім өзгерте алмайды. Өзіңді осы дүниеге бейімдеп, мі- 
незіңді, реакцияларыңды басқара аласың. Мұның қажет- 
тілігін келесі мысалдардан анық көруге болады 
Канадалық попсоциолог Малкольм Гладуэлл «Гении и 
аутсайдеры. Почему одним все, а другим ничего?» (Out- 
liers: The Story of Success) деген кітабында өте ақылды 
екі адамды мысалға келтіреді. Бірі – Кристофер Ланган, 
IQ-і жүз тоқсан беске тең, гений. Қатардағы адамның 
IQ-і 100-ге жақын, Эйнштейндікі 150 шамасында болған. 
Оныкі – 195. Алты айында сөйлеген, үш жасында әзіл- 
сықақ бағдарламалар тыңдап, өз бетімен әріп таныған, 
бес жасында Құдай туралы сұрақтар қоя бастаған, ал 
америкалықтарға міндетті САТ емтиханын тапсырғанда, 
емтихан үстінде қалғып кеткеніне қарамастан, ең жоға- 
ры балл алған. Бірақ осы данышпан, екі университетке 
тапсырып, екеуін де бітіре алмаған, дұрыс жұмыс тап- 
паған, көп жағдайда қара жұмыс істеп күн көрген. 
Неге? Гладуэлл мұны «Ланган парадоксі» деп атайды. 
Өйткені, дисфункционалды отбасынан шыққан, ішкіш 
анасы мен өгей әкесінен таяқ жеп өскен, жұдырық ала 
жүгірмесең таяқ жегізетін көшеде ер жеткен ол, жай ғана 
ойын жеткізе алмайтын болған. Ол бірінші универсиеті- 
нен анасының қаржылық форманы дұрыс толтырмағаны 
үшін шәкіртақыдан қағылып, сол себепті шығып қалады. 
Екінші университетінен көлігі сынып, ақша таба алмай, 


екі қаланың ортасында жүруден шаршаған соң шығып 
қалады. «Екі жағдайда да оны тұрмыс тежеді. Бірақ тұр- 
мыстың арғы жағында адамдарға деген сенімсіздік, ішкі 
қарсылық «бәрібір ешкім көмектеспейді» деген ой тұр- 
ды» дейді Гладуэлл. Мүмкін, оныкi де дұрыс шығар. 
Роберт Оппенгеймер деген тағы бір генийді мысалға 
келтіреді. Ол да оңай шағылатын жаңғақ емес, тек, сту- 
дент кезінде жетекшісіне қаны қайнағаны соншалық, 
улап өлтірмек болады. Мұнысы мәлім болып, үлкен шу 
шығып, университеттен шеттетіледі. Ал енді осындай 
«мінезі тұрақсыз тип», біраз жылдан кейін атом бомба- 
сын зерттейтін жобаның басқарушы қызметін иеленеді. 
Қалайша? Жай ғана, ол өзіне керек жауапты ала ала- 
тын, өзгелерге керек жауапты бере алатын адам болған. 
Психикасының дұрыстығына күмәні бола тұра, адамдар 
оның сенімді жауаптарын естігенде позицияларын жұм- 
сартады екен. 
Бірінші жағдайда біз «дүние қатыгез» деп санап, 
ішкі қарсылығының кесірінен бәрінен құр қалған адам- 
ды көреміз. Екіншісінде эмоционалды тұрақсыздығына 
қарамастан, өзіне қажет кезде ортаға бейімделе алатын 
адамды көреміз. Әрине, екіншісінің есте қаларлықтай 
карьера жасап, едәуір жеңістерге жеткені айтпаса да 
түсінікті. Бұдан шығатын мораль: дүниені өзгертем деп 
әуре болма, дүниедегі өзіңді өзгерт. Бұдан келіп шығатын 
қорытынды, адамның қабілеті мен білімі ғана емес, оның 
қалай ойлайтыны маңызды. Әрі қарай адамның жеңіске 
жету үшін шартты ой паттерндері туралы айтқым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет