Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет78/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95
екінші болма

Ширақтық. «Практикалық интеллектінің» бір аспек- 
тісі бар. Қазақта оны «ширақтық», «пысықтық» дейді. 
Десе де «пысық» деген сөзге көзқарас екіұдай. Пысық 
десе – бәріне үлгереді, жылдам істейді, жолы болғыш 
жеңіске жеткіш деген сөз. Және «пысықай» десе – жүр- 
мейтін жері жоқ, кіріспейтін ісі жоқ, бірақ ештеңені 
соңына дейін жеткізбейді деген мағына береді. Бұл – 
жағымсыздау анықтама. Жалпы, бізде пысық адамнан 
гөрі момын адамды мысалға көп келтіріп, амбициядан 
гөрі ұяңдықты насихаттай ма деп қорқам. Менінше, осы 


190
қатынасты өзгерту керек. Орыстар «предприимчивость» 
дейтін қасиет туралы айтып отырмын. Осы мағынадағы 
пысық болудан қорықпа. Ширақ бол. Уақыт соны талап 
етеді. Өзіңе берілген бір ғана өмірді лузер болып өткізуге 
құқың жоқ. Сондықтан етiң тірі болсын. 
Владимир Познер
62
сегіз жасында газет тасыған 
(«Прощание с иллюзиями»). Ричард Брэнсон
63
он екі жа- 
сында Рождествода сату үшін шырша өсірген. «Теряя не- 
винность» (Losing My Virginity: The Autobiography) деген 
кітабында ол өзі өсіріп жатқан шырша бұтақтарын қоян- 
дар қырқып кеткенін айтады. Сонда ол, қояндарды ұстап 
алып, көршілеріне сатып, бәрібір ақша жасапты. 
Өз басым ең алғашқы табысымды 2000 жылдары тап- 
тым ғой деймін. Базарға шығып, шырша сатқаным бар 
еді. Он төрт жасар бала үшін 2000 теңге деген әжептәуір 
ақша болатын. Сол ақшаға өзім армандаған кроссовки са- 
тып алғаным есімде. Анама сол кезде маған жұмыс істеу- 
ге рұқсат бергені үшін әлі күнге дейін алғыс айтамын. 
Өйткені өзінің 14 жасар баласы базарда шырша сатып 
жүргені оған аса ұнай қоймағаны анық еді. Ең бастысы, 
ол маған кедергі келтірген жоқ, қайта жұмыс істегенімді 
қолдады. 
Талай жылдан кейін, Алматыда кофейняда отырып, 
тоғыз жасар Стас деген баланы көрдім. Ол ойыншық 
сатып жүр екен. Әдетте демалыс орындарында қайыр- 
сұрайтындарды аса ұнатпаймын. Ал бұл баланікі қайыр 
сұрау емес, адал еңбек еді. Баланы шақырып алып, 3000 
теңгеге ойыншық сатып алдым (4000 теңге деп тұр екен, 
саудаласып, бағасын түсірдім). Сол балаға қарап, қуан- 
дым. Алақан жаймайтынына, салфетка мен қалам сияқты 
ұсақ-түйек емес, кәдімгідей қомақты тауар жинай алға- 
нына риза болдым. Қоржынында бағасы он мың теңгеге 
дейінгі қымбат ойыншықтар да бар еді. Енді ойлап қа- 
расаң, бұл бала сол ойыншықтың бәрін бір жерден алды 
___________ 
62
Владимир Познер – кеңестік, америкалық және ресейлік журналист, тележүргізуші. 
Ресейлік телевизия академиясының 1-президенті . 
63
Ричард Брэнсон – британдық кәсіпкер, «Virgin Group» корпорациясының негізін 
қалаушы, Ұлыбритания ең бай азаматтарының бірі. 


ғой? Бәрін сатып алуға ақшасы жетуі неғайбыл. Демек, 
біреуді (ол әжесі болса да) көндіріп, сендіріп, жалға алға- 
ны анық. Осы шаруамен айналысуға рұқсат ала алғаны 
(тіпті ата-анасынан болса да) да анық. Қарап отырсаң, 
оның осы кафеге дейінгі жолының өзі жолсыз жерде жол 
іздей алатын ширақтығын көрсетеді. Баланың жеңілдің 
асты, ауырдың үстімен жүруге тырыспайтынына, қазір- 
ден бастап жұмыс істеуден қашпайтынына риза болдым. 
ҰБТ алғаш шығып жатқан кез еді. Бірде танысым келіп: 
«ҰБТ деген жақсы тема, тест кітаптарын басып шығарса, 
демде өтіп кеткелі тұр», – деді. Маған айтқан себебі, ма- 
мам ол кезде білім беру саласында істейді. «Мамаңмен 
сөйлесiп көр». Бірден қызығып кеттім. «Мама, мен осы- 
лай бизнес жасайын», – дедім. 67 мың теңге керек еді. 
Сұрап едім, бермеді. «Балам, мені мұндайға араластыр- 
ма. Қызметімді, абыройымды ондай нәрсеге қолданбай- 
мын», – деді. «Жақсы». Бардым да, буфеттегі әпкеден 100 
доллар, өзім киінетін бутиктен 200, тәрбиешіден жетпе 
генін алып, бизнеске кірістім. Он күнде 83 мың теңге пай- 
да таптым. Үнемі кітап әкелетін болдым. Апталық табы- 
сым жүз мыңнан кем емес. Ол кезде көп ақша. Қазір мен 
туралы: «Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тап- 
қан», – деп жатады. Алғашқы миллион сол кезде келген. 
Мұны неге айтып отырмын? Жылап-сықтап отырған- 
ша бірдеңе істеу, әрекет етуді, жоқ жерден мүмкіндіктер 
жасауды бағалаймын. Мүмкіндікті күтіп отырмайтын, 
өздері жасайтын адамдар міндетті түрде жеңіске жетеді 
деп сенемін. Еңбектің қадірін неғұрлым ертерек түсінсе, 
соғұрлым табысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет