Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет75/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95
екінші болма

 


 
 
ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙTIH 
ӘДЕТТЕР 
 
 
Өзімізді қаншалықты құдіретті сезінсек те, түп- 
тің түбінде қартайып, кішірейіп, топыраққа 
айналатын органикалық ағза ғанамыз. Мәңгілік өмірдің 
құпиясын ешкім тапқан жоқ, оның керегі де шамалы си- 
яқты. Біз басқа ғаламшарға ұшып, әлемді жаулауымыз 
мүмкін, бірақ өте нәзік болып жаратылған ағзамызға 
тәуелдіміз. Сондықтан оны күтіп ұстау бізге міндет. 
 
Мұхтар Мағауин «Мен» деген романында өзінің ба- 
сынан өткен бір жайды жазады. Кітапханалардан шықпай 
ізденіп жүрген кезінде ол дұрыс тамақтанбайды, кітап- 
ханада қонатын кездері де болған. Ақырында асқазаны 
ауырады. Сонда жазушы өзінің миссиясына қандай қауіп 
төнгенін түсінеді. Ол – алдына үлкен мақсат қойып із- 
деніп жүрген жас ғалым. Бірақ егер денсаулығын құртып 
алатын болса, стресске тап болады. Назары мақсаттан 
ауытқиды. Бұл оның миссиясына төнген қауіп еді. Содан 
бастап ол өзін емдей бастайды. Күнде таңертең аш қа- 
рынға бір қасық бал жейді. Тамақтануын түзейді. Физи- 
калық жаттығуларға да көңіл бөле бастайды. Солай, асқа- 
занын емдейді. 
Бәріміз де осындай көзқараста болуымыз керек. Өйт- 
кені біздің ағзамыз – әзірге бізде бар ең қымбат қазына. 
Ол бізді мақсатқа жеткізетін құрал, керек десеңіз. Осы 
ағзамыз барда ғана мақсатымыз бен миссиямыз, рухани 
ұмтылыстарымыз бар. Оның сыртында ештеңе де мүмкін 
емес. Сондықтан биохакингтің негізгі үш постулатына 
тоқталғым келеді. 
Біріншіден – ұйқы гигиенасы. Адам аштықтан бес 
күнде, не бір аптаның ішінде өліп кетуі мүмкін. Ал ұйқы- 


184
сыз үш-бес күнге ғана шыдайды. Бұл тақырыпта толып 
жатқан зерттеулер бар. Тәжірибелер де жеткілікті. Саль- 
вадор Дали
54
сияқты эксцентриктер
55
екі сағат қана ұй- 
ықтайтын «суперменнің» күн тәртібін жасаған. Әр төрт 
сағат сайын жиырма минуттан алты рет ұйықтайды екен. 
Никола Тесла
56
одан сәл ұзағырақ ұйықтауды ұсынған. 
Екі сағат жиырма минут. Түнгі он екіде ұйықтап, жиырма 
минуттан кейін оянған, одан әр түнгі екі мен төрт ара- 
лығында ғана ұйықтаған. Уинстон Черчилль
57
түнгі үште 
ұйықтап, таңғы сегізде оянатын болған, түстен кейін бір 
жарым сағат «сиестаға» кеткен. Яғни, алты жарым сағат 
ұйықтаған. 
Бірақ бұлардың бәрі эксперимент еді. Ғалымдардың әр 
түрлі ұйқы паттерндерін
58
зерттей келе, келген қорытын- 
дысы төмендегідей: жеті-сегіз сағат ұйқы – абсолютті қа- 
жеттілік. Дәл осындай уақыт ағзаның толыққанды, дұрыс 
қызмет етуіне қажет. Өйткені ұйқы кезінде біз жай ғана 
тынықпаймыз, жараларымыз жазылып, зақымданған жа- 
сушалар қалпына келеді. Ағза ояу кезінде ешқашан өзін 
емдей алмайды. Сондықтан да ауруханаларда адамды ұй- 
ықтатып тастауға барлық жағдай жасайды. Сергей Фаге
59
«Мне 32 года, и я потратил $200 тысяч на «биохакинг» 
деген мақаласында Пенсильвания университетіндегі 
зерттеуді мысалға келтіреді. Онда сегіз сағат ұйқының 
«естен адасып кетпес үшін» міндетті екен дәлелденген. 
Фаге сонымен бірге ұйықтамас бұрын көк түсті блоктап, 
ұйқыға кетерде бөлмені қараңғылап тастауды ұсынады. 
Ал жатын бөлме тым ыстық не суық болмау қажеттілігі 
____________ 
54
Сальвадор Дали – испандық көркемсуретші, график, скульптор, режиссер және 
жазушы. Сюрреализмнің ең танымал өкілі. 
55
эксцентрик – ерекше мінез-құлқымен өзгешеленетін адам. 
56
Никола Тесла – данышпан физик, инженер, электртехника және радиотехника 
саласындағы өнертапқыш. 
57
Уинстон Черчилль – көрнекті саяси қайраткер. Ұлыбританияның Премьер-министрі 
(1941-45, 1951-55), Нобель сыйлығының лауреаты (1953). 
58
паттерн – белгілі бір контекстегі стандартты проблемаға дәлелденген эффективті 
шешім 
59
Сергей Фаге – Биохакингке» 200 000 доллар жұмсаған кәсіпкер. 


түсінікті, соңғы жылдары ғалымдар 18–19 градусты оп- 
малды деген қорытындыға келіпті. Ең бастысы, ұйқы 
гигиенасын сақтау үшін белгіленген уақытта ұйқыға 
кетіп, белгіленген уақытта ояну керек. 
Екіншіден – дұрыс тамақтану. Бұл тақырыпта 
мыңдаған кітап бар. Олардың бәрінің айтатыны бір нәр- 
сеге саяды. Қысқа қайыратын болсақ, қант пен тұзды 
азырақ пайдалану не түбегейлі бас тарту, суды мейлінше 
көп, тәулігіне үш литрге дейін тұтыну. Консервіленген 
тамақтар мен бояғыш концентраттар қосылған жасан- 
ды өнімдерден бас тарту, фастфудты тұтынбау. Табиғи 
өнімдерді рационға көбірек енгізу, оның ішінде, әрине, 
жеміс-жидекке басымдық беру. Алкогольдің зияны тура- 
лы да диетологтардың ойы бір жерден шығады. Ал етті 
шамадан тыс пайдалану ағзаға артық жұмыс екенін естен 
шығарып алатын сияқтымыз. Жаһандық жылынуға қан- 
ша алаңдаулы болсақ та, қазаққа «еттен бас тарт» деп 
айтуға дәтім бармайды. Жақсы жаңалық ет жейтін бол- 
саңыз, жылқының етіне басымдық беріңіз. Онда холе- 
стерин өте аз, тез қорытылады, ал қымыз тіпті қандағы 
холестериннің бәрін шайып шығады. Баяғыда қазақтың 
денсаулығы неге мықты болғанын осыдан-ақ түсіне 
беріңіз. Сондай-ақ отыз күн оразадан бөлек, аптасына бір 
не айына бір рет ашығып тұруды әдетке айналдырсаңыз 
ұтылмайсыз. Төрт сағат сайын, аз порциялармен жеу 
керегін еске салсам артық етпейтін секілді. «Rumi»-ден 
басқа жерде тауыса алмайтын тамағына тапсырыс берме. 
Үшіншіден – физикалық жаттығулар. Өміріміз тым 
жеңілдеп кетті. Баяғыда ата-бабаларымыз көшіп-қонып, 
атқа мініп, үздіксіз қозғалыста жүрді. Адамзат о баста 
біздің бабаларымыз – көшпенділер сияқты табиғатпен 
етене, бірігіп өмір сүруге жаралған. Бірақ урбанизация 
келді, бәріміз тас қамалдарға бекідік. Төрт қабырғадан 
шыға алмаймыз, жұмсақ диваннан тұрғымыз келмейді, 
аналмалы креслода күніне сегіз сағат тапжылмай оты- 
рамыз. Мұның бәрі – организм үшін шок. Әр дене мү- 
шеніз бұл жағдайларға әр түрлі деңгейде қарсылығын 
білдіреді. 


186
Сондықтан ауырмаудың бір жолы – физикалық белсен- 
ділікті сақтау. Әрине, қазір жаттығу залына баруға уақыт 
жоқ. Сондықтан да HIIT (high intensity interval training) 
трендте. Бұл әдістеме жайында ақпаратты да, жаттығу- 
ларды да YouTube-тан таба аласыз. Оның авторларының 
айтатыны: он минут болса да, барынша күш салып жат- 
тықсаңыз, нәтижесі көп күттірмейді. Ал жалпы, көбірек 
жаяу жүруге, таңертең жаттығу жасауға не жүгіруді әдет- 
ке айналдыруға тырысыңыз. Иә, «биохакинг» деген – өте 
заманауи, жаңашыл болып естілгенімен, бәріміз мектеп 
қабырғасында үйренген қарапайым қағидалар. Әттең, 
есейе келе сол сабақтарды естен шығарып аламыз... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет