Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет81/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
екінші болма

Жауапкершілік. Арман мен мақсат туралы жоғарыда 
айттық қой. Бұл екеуінің тағы бір елеулі айырмашылығы 
бар. Армандағанда бәрі тамаша, таңғажайыптардың бәрі 
өзінен-өзі болып жатады. Мақсат үшін сен жауаптысың. 
Брайан Трейсидің «Максимума Достижение. 12 прин- 
ципов» деген кітабы былай басталады: «Баяғыда бір тау- 
дың бөктерінде данышпан қария тұрыпты. Оның білмей- 
тіні жоқ екен, билеушілер де, саудагерлер де, бәрі соның 
алдына келіп сұрақтарына жауап іздесе керек. Сол таудың 
етегінде кішкентай ауыл бар екен дейді. Бұл ауылдың ба- 
лалары шалға сұрақ қоюды әдетке айналдырған. Қария- 
ның кез келген сұраққа жауабы бары оларды ойландыра- 
ды. Шал жауап бере алмайтын бір сұрақ қояйық дейді. 
Күндердің күні балалардың бірі, Арам: «Данышпанды 
жерге қарататын сұрақ таптым», – дейді. Қолына кішкен- 
тай құсты қысып ұстаған ол: «Шалдан мына құс тірі ме, 
өлі ме деп сұраймын. Егер өлі десе, жібере саламын. Тірі 
десе, өлтіре саламын. Не десе де, оныкі дұрыс болмай 
шығады», – дейді. Балалардың бәрі шуылдасып, Арамды 
ортаға салып, шалға келеді. Сосын жаңағы бала: «Міне, 
қолымда құс бар, ол өлі ме, тірі ме?», – дейді. Оның 
көзіне қарап мысқылдаған Шал: «Арам, ол сенің қолың- 
да», – депті. 
Мен осы шалмен келісемін. Сенің әр әрекетің жаңа 
мүмкін болашақтарды тудырады. Өміріңде болып 
жатқан барлық нәрсеге өзің ғана жауаптысың. Мемле- 
кетті кінәлама. Ата-анаңды кінәлама. Бауырларыңды, 
достарынды кінәлама. Ұстаздарыңды кінәлама. Әсіресе 
бастығын мен әріптестеріңді кінәлама. Өйткені басқаны 


таңдай алмасаң да, жұмысты таңдайтын өзің. Кім бола- 
тыныңды өзің шешесің. Тағдырыңды қолмен жасайсың. 
Сен өз өміріңнің бағбанысың. 
Осы QR кодты сканерлеп, Алан де Боттонның 
дәрісін көре аласың 
 
Self help кітаптардың бәрінің айтқысы келетіні де осы. 
Алан де Боттон
65
, өзінің алты миллион рет қаралған Жеңіс 
туралы тед дәрісінде (A kindler, gentler philosophy of Suc- 
cess, https://wwwted.com/talks/alain de_botton_a kinder 
gentler philosophy _of_success/upnext?language=en) мына- 
ны айтады. Осыдан төрт жүз жыл бұрын кедей адамды 
unfortunate дейтін. Яғни, жолы болмаған, Құдайлар, не 
әйтеуір бір жоғары күштердің бұйрығымен кедейлік- 
ті арқалап жүруге мәжбүр жандар. Қазір кедей адамды 
loser деп атайды, демек, жоғалтқан, қолында барынан 
айырылып қалған. Және осы екі сөздің арасындағы ай- 
ырмашылық адам психологиясының төрт жүз жылдық 
даму эволюциясын көрсетеді. Біздің жеңіске жеткен 
жетпегенімізге бұрын Құдай жауапты деп ойласақ, қазір 
өзіміз жауаптымыз деген тоқтамға келдік. 
Бір орнында тұрған көліктің кілтін бұрап, газды бас- 
саң, ол орнынан жылжиды. Дәл солай сенің өмірің де өз 
әрекетіңді күтеді. Кез келген мақсат жауапкершіліктен 
басталады. Бұл менің өмірім, оны қалай сүретінім өзіме 
байланысты, мынау менің мақсатым, оған жетуім өзімнің 
қолымда. Адам осылай, өз өмірі үшін жауапкершілік 
алуы керек. 
____________ 
65
Алан де Боттон – британдық жазушы, философ. 


198
Өзің ойлашы, мемлекетті сынағаннан, билікті жаман- 
дағаннан тұрмысы түзелетін болса, осы уақытқа дейін 
қазақтардың бәрі баяғыда миллионер болатын еді ғой? 
Аяқты аспанға асып қойып, тағдырға шағым айтып жата 
беруге болады, одан не өзгереді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет