Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы


Тек қана әрекет, саналы әрекетің сені жақсы өмірге



Pdf көрінісі
бет82/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
екінші болма

Тек қана әрекет, саналы әрекетің сені жақсы өмірге 
жетелейді. Жақсылық өзінен-өзі бола қалады, бақ құсы 
келіп басыма қона салады деп күту әбестік. Өзінен-өзі 
ештеңе де болмайды. 
 
Тағдыр деген тылсым. Тағдырды жаратқан Құдай 
сені де жаратты. Өмірге керектің бәрімен қаруланды- 
рды. Ақыл-ой, сана берді, тылсымның бәрін сезетін 
жүрек берді, шешім қабылдап, іске кірісетін ерік берді 
Күндердің күні әкімдік үй бере салады деп күтіп жүруге 
болады. Сөйтіп, қартайғанша пәтер жалдап, қартайған- 
да далада қалуға да болады. «Біздің де қолымызға қарға 
саңғыр» деп, өмір бойы күтіп жүре беруге де болады. 
Бірақ тек қана Құдайдың сәтін күтіп жүре беру аз. Оған 
дайындалу керек. Әзір болу керек. Өмірдің беретіні тым 
көп. Алла сондай жомарт. Тек қабылдауға дайын бол. 
Осыны түсінбей, бірақ интуитивті түрде бірдеңені 
түртпектеп, ылғи да алға жылжитын адамдар болады. 
Түсініп, саналы түрде таңдау жасайтындарда бар. Осы 
екі топ дүниені алға жылжытады. Жаңалықтар ашады. 
Марсқа ұшады. Өзге ғаламшардан адамзатқа мекен із- 
дейді. Өз бетімен жүретін көлік шығарады. Айфон ойлап 
табады. Фейсбукты ойлап табады. Жеңіске жетеді. 
Бірдеңені іздеп, тырысып, тырмысып жүретін адамдар 
көбірек табысқа жетеді. 
 
Кәсіпкер емес, тырыскер дейтінім де содан. Кейде жа- 
уапкершілік маған әлемдегі ең маңызды қасиет сияқты 
көрінеді. Және, байқауымша, адамдардың көпшілігі со- 
лай қабылдайды. Егер өз өміріңе жауапкершілік алсаң, 
өз қателігіңе жауап беруден қорықпасаң, қоғам да мұны 
құрметтейтін болады. 


Олай дейтінім, 2017 жылы Алматыда күтпеген жерден 
жағымсыз оқиға болды. 23 қыркүйек, сенбі күні 35 адамға 
арналған палау, салат, жасымық сорпасы секілді көлемді 
тапсырыс түсті. «Достық» даңғылындағы «Rumi» мей- 
рамханасы мен Абай даңғылындағы «Мәдени» асхана- 
сын біріктіріп, тапсырыс берген мекенжайға жеткізген 
едік. Кейінірек бес адамның тамақтан уланып, ауруха- 
наға түскені мәлім болды. Ести сала ауруханаға бардық. 
Бәрі де көп ұзамай жұмыстарына шығып кетті. «Rumi» 
мен «Мәдениге» келіп, 1300 адам дәл сол тағамдардың 
350 порциясына тапсырыс берген екен. Бірақ олардың 
ешқайсысынан шағым түскен жоқ. Сондықтан біздің 
топшылауымызша, кінәрат тағамдарды сатып алғаннан 
кейін дұрыс сақтамаудан болды-ау деп жобаладық. Осы- 
ны ескерген зиян шегуші тарап та бізге кінә артпады. 
Қалай болғанда да СЭС өкілдері келіп, жағдайды 
анықтау үшін тексеріс жүргізді. Олардың тапқан міні 34 
сағаттың ішінде жойылды. Тіпті талап етілмесе де, қай- 
тадан дезинфекция жасап жібердік. Бұл біз үшін өте қо- 
лайсыз жағдай болды. Өйткені осындай инциденттердің 
алдын алу үшін талап етілгеннен де жиі анализ жасай- 
мыз, қызметкерлерімізді оқытамыз, қадағалаймыз. Осы- 
ның бәрін ескере отырып, әлеуметтік желілерде пост 
жаздым. Жағдайдың бәрін болған күйінде түсіндірдім. 
Мен айтпасам, сол желідегі адамдардың, біздің тұрақты 
және потенциалды қонақтарымыздың көбі сол жағдайды 
естімес те еді. Бірақ біз барынша тұнық бизнес жүргіз- 
гіміз келеді. Мүмкін, ол қымбатқа түсер, бірер қонақтар- 
ды жоғалтып та алармыз. Бірақ шындық қымбат. Әри- 
не, кінәліні басқа жақтан іздеп, өзімізді судан ақ, сүттен 
таза деп жариялауға да болатын еді. Бірақ біздің кінәлі 
болуымыз құрығанда бір пайызға мүмкін болса, ақауды 
өзімізден іздейміз. Өзімізге прокурор, өзгелерге адвокат 
болғымыз келеді. Керісінше емес. Біз дәмханаларымыз- 
ды қайталап тексереміз, СЭС қызметкерлерін өз еркіміз- 
бен шақырамыз. Кемшіліктерімізді көрсетсін. Қажеттілік 
болса, ескертпелерді түзету үшін уақытша «Rumi»-ді жа- 


200
уып та қоя аламыз. Әрине, ақша тапқымыз келеді, бірақ 
қонақтарымыздың денсаулығы бәрінен де маңызды. Осы 
жағдайларды түсіндіргенде, желі қолданушылар «Rumi»- 
ді тіпті көтеріп әкетті. Өйткені жауапкершілік деген – 
бәріміз де бағалайтын қасиет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет