Керек байланыстар. Күнделікті кездейсоқ байла-
ныстардан бөлек, бізге өте керек байланыстар болады.
Оларды сәтін салар деп, қол қусырып күте беруге
болмайды. Өзің іздеп, табуы керек.
Жалпы, бәрін білемін деп санайтын адамдардан
қорқақтаймын. Әсіресе бұл пікірім, білімді жеткізуші
адамдарға қатысты. Маған дүниеде ешқандай жеңіске
жетпеген адамдардын ақылын тындаған ауыр. Бірде-бір
компанияны аяғынан тұрғызбаған, бірде-бір жобаны
іске асырмаған, бірде-бір жеңіске жетпеген. Әрине,
мұндай қатынас теріс болып көрінуі мүмкін. Алайда
менің философиям – тұрақты түрде өсу, өзгеру, оқу,
үйрену. Бірақ қайдан, кімнен үйренесің? Өзіңнен артық,
өзіңнен білімді, өзіңнен гөрі елеулі жеңіске жеткен
адамдардан үйрену керек.
Кейт Феррацци
51
«Никогда не ешьте и одиночку и
другие правила нетворкийга» деген кітабында керек
байланыстар мақсатқа жетелейтін ең жақын жол екенін
айтады. Яғни, мақсат қойғанда, оған жетуге көмекте-
сетін адамдардың тізімі бірге жүреді. Бірақ бұл, сен іс
бастайтын кезде, не жұмыс іздегенде ғана адамдарды із-
деуің керек деген сөз емес. Керек адамдарды күн сайын
іздейсің.
Бір жылдары бастаған ісімде берске жоктай күйде
жүрдім. Жұмыс бар, ақша да бар сияқты. Бірақ бірдене
жетіспейді. Қанатымды кеңге жая алмаймын. Бір күні
ұйықтап жатсам, әкем оятады. «Тұршы, Қуаныш, теледи-
дарға қарашы, Бауыржан Оспанов сөйлеп жатыр», – дей-
ді. Бұл, «ЖерСу» корпорациясының президенті, белгілі
кәсіпкер Бауыржан Оспановтың теледидардан түспей,
медиатұлға болып тұрған кезі. «Жастарға, көмектесем,
талантты жастармен жұмыс істегім келеді» – деп сұхбат
беріп жатыр екен. Әкемнің көмектескісі келгені ғой. Егер
сол сәтте Оспановқа шығатын мүмкіндігім болса, міндет-
ті түрде оның алдына барар едім.
___________
51
Кейт Ферраши – әлемдегі N1 нетворкер. «Greenlight» консалтингтік компания-
сының негізін қалаушы және басшысы
162
Достарыңызбен бөлісу: |