мемлекет бойынша жерді тиімді пайдалану және қорғау тәртібін және принциптерін орындауды бақылау
60-70жж. жерге орналастыру жаңа экономикалық мазмұнға ие болды, бұл жерді тиімді пайдалану проблемасын ғылыми негізден орындайтын болды.
Жерге орналастырудың экономикалық (негізгі) мазмұны ретінде өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-шаруашылық, табиғи экономикалық жақтарын жан-жақты есепке алып, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу.
Жер кадастры біртіндеп жеке жүйеге айнала бастады.
Министрлік кеңесінің Х“501 “Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі” 1977ж. қаулысын қабылдануға байланысты жер кадастры жұмыстарының жаңа кезеңі басталды. Жер кадастры бір жүйеге келтірілді.
Министрлік кеңесінің Х“501 “Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі” 1977ж. қаулысын қабылдануға байланысты жер кадастры жұмыстарының жаңа кезеңі басталды. Жер кадастры бір жүйеге келтірілді.
Жерді пайдалануды басқаруда жаңадан пайда болған жүйе, жерді қорғауды және пайдалануды жоспарлау функцияларымен толықтырылады.
80-ші жыл басында жер ресурстарын басқаруда жерге орналастыру жер кадастрі жер ресурстарын картографиялау, зерттеу, болжамдау, жобалау және жер пайдалануды мемлекеттік бақылау өзара байланысты шаралар кешені ретінде жақсы қалыптасты. жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының техникалык базалары және есептеу техникасымен жабдықтау, заңдық және нормативтік актілерді қабылдау жұмыстары жоғарғы деңгейге жетті.
Соңғы жылдары жердің ерекше статус алуына байланысты жердін тек қана мемлекет меншігі ғана емес, жеке және ұйымдық меншікте болуына байланысты, жер пайдалану мен жер иеліктің ұзақтығына және соған байланысты сандардың өсуіне тіркеу және есепке aлy жұмыстарының көбеюіне байланысты жер ресурстарын басқару жеке орган ретінде бөлу қажеттілігі туды. Сондықтан жер ресурстарын басқару агенттігі және облыстық және аудандық комитеттері құрылды.
Соңғы жылдары жер реформасына байланысты жер қатынастарында да түбегейлі өзгерістер болды, осыған байланысты жаңа жер заңы, заңдық және нормативтік актілер өмірге келді.
Жерге орналастыру жобалау институты құрамында көп өзгерістер пайда болды: бұрынғы Қазақ гинрозем және Целингипроземнің орнына МемҒӨО құрылды, бұрынғы облыстық филиалдар бұл жүйеге еншілес мекемелер ретінде кірді, бұрынғы жеке зерттеу және ізденіс мекемелері (КИО, ГИС КАГИ) де еншілес мекемелер ретінде МемҒӨО қарамағына кірді.
Соңғы кездерде жерге орналастыру ізденіс және кадастрлеу жұмыстарды каржылау көздері де өзгерді. Бұрын бұл жұмыстың барлығы мемлекетпен қаржыландырылатын, жалпы мемлекеттік шаралар жүйесі болып саналған, қазіргі кезде жер бөліп беру және кадастрлық жұмыстардың барлығын тапсырыс берушілердің қаражатына орындалады.
Реформа жылында жобалау және ізденіс жұмыстарының, оның ішінде шаруашылық жер жобалау жұмыстарын жобалаудың үлесі күрт төмендеп кетті. Мысалы: 1991ж. деректеріне сәйкес ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмысының үлесі 11,6%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді, топырақтың ботаникалық зерттеулері 27,8%-дан 8,6%-ға дейін қысқарды, сонымен бірге шаруашылықаралық 10%-дан 60%-ға дейін (1996ж) көтерілді. Жер кадастры 0,8%-ден 15%-ке дейін, мониторинг жұмысы 1999ж. мәліметтері бойынша 0,17%—2,6%-ға дейін көтерілді.