Мемлекеттік заңды тұлғаларға берілетін жер пайдалану құқығы
Тұрақты, уақытша
Ал мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға жер учаскелерін жалға алу келісім шартымен немесе уақытша тегін пайдалану келісім шартының негізінде жерді уақытша пайдалануға беріледі.
Жер пайдалану құқығын табыстау азаматтық- құқықтық келісімдер негізінде жүргізіледі. Мүлкін алу құқығы азаматтық- құқықтық негізінде жүргізіледі (сатып алу- сату, силық ету, ауыстыру т.б.). Жер пайдалану құқығын басқа тұлғаға белгілі бір уақытқа дейін табыстау жалға алу немесе уақытша тегін пайдалану негізінде жүргізіледі.
Бұрын мемлекетте жерді тұрақты пайдалану құқығы басымырақ және негізгі түрде болды және ол тегін мемлекеттік заңды тұлғаға берілді. Ал қазіргі таңда жер жер пайдалану құқығын беруді акылы негізде, сонымен қатар жер пайдалануды нарықтық үлгіде жер пайдалану құқығын табыстау жолымен іске асырады.
Уакытша жер пайдалану құқығы -қысқа (5 жылға дейін) мерзімді, ұзақ ( 5 жылдан 49 жылға дейін) мерзімді болуы мүмкін.
Бірінші ұзақ мерзімді ақылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес жер пайдаланушылар өз жер учаскелерін жалға беруге немесе уақытша тегін пайдалануға, сонымен қатар оның уақытша жер пайдалану құқығын мүліктік алуға болады. Келесі жер пайдаланушы екінші рет жер пайдалану келісім шарты негізінде туындайды. Ол бірінші жер пайдаланушы өзінің жер пайдалану мүлкін алуды жүргізбесе, бірақ басқа тұлғаға өзінің жер учаскесін уақытша жер пайдалануға уәклетті тұлғаға беру.
Екінші жер пайдаланушы басқа жер пайдаланушыға өзінің табыстау құқығы жоқ уақытша жер пайдалану болып келеді. Жер заңының 29 бабында шетелдіктер, шетелдік заңды түлғалар, азаматтығы жок тұлғалар жер учаскелерін жалға алуы мүмкін, бірақ ауыл шаруашылық жер учаскелерін келесі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
Республикамыздың жаңа заңында айрықша кезеңі жерді жалға беру уақытша жер пайдалануға жатады. Жер заңының 25 бап 3 тармақшасында мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығы жалға беру немесе тегін жер пайдалану келісім шарттары негізінде жүргізіледі.
Социалистік катынастардың жер құқықтарын бақылаудың негізгі заты және жер пайдалану мен басқарудын негізгі мазмұны болып жерге орналастыру болып табылады.
Советтік жер құрылысын қалытастырудың оның маңызды міндеттері болып ұсақ шаруа қожалықтарының жер пайдалануының ыңғайлы тәртіпке келтіру, сонымен қатар совхоздар мен колхоздардың жер пайдалануын әрі қарай жақсарту және ауыспалы егістіктерді енгізу, жер өнімділігін көтеру мақсаты, территорияны шаруашылыққа орналастыру болып табылады.
Жерге орналастырумен катар тіркеу жұмыстары кең көлемде жүргізіледі. Жер кадастрытұтас жүйе және жер пайдалануды басқарудың өзіндік функциясы ретінде кейінірек қалыптасты, сонымен катар тіркеу және жерді бағалау социалистік жер қатынастарының құрылуының бірінші кезеңінен бастап арнайы және жеке іс-шаралар ретінде жүзеге асырыла бастады. Олар жеке орналастыру сияқты түпкілікті қайта өзгеріліп мемлекеттік жер катынастарын бақылаудың маңызды заты ретінде қызмет атқарды.
Социалистік кезеңде ауылшаруашылығының жалпы социалистік режимге көшуінің маңызды шарты жерге орналастыру болып табылады. Осы жағдайда ең басты жерге орналастыру мен жер пайдалану негіздерін заңды турде анықтау қажеттілігі туындады.
1928ж. 15 желтоксанда “Жерге орналастыру және жер пайдаланудың жалпы
бастамалары” жалпыодақтық заң қабылданды.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті –
социалистік ауылшаруашылық өндірістік күшін дамыту
социалистік реконструкцияларға жағдай жасау
жаңа жер қатынастарын құруды қамтамасыз ету
Жерге орналастырудың саяси және экономикалық маңызы тез өсіп, бірінші орынға колхоз және совхоздардың жерге орналасуы қойылды.
Ауыларалық және ауыл ішіндегі жерге орналастыру шаруашылықаралық және шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарына айналдырылды.
КСРО Конституциясында 1936ж. белгіленген социалистік өндіріс қатынастарының жеңісі, сол социалистік кезеңдегі жер пайдалануды басқарудың және жер қатынастарының дамуының бастамасы.
Жер пайдалану мен тіркеуді есепке алу әрі қарай дамыды. Жер пайдалану мен тіркеудің тәртібін анықтайтьш негізгі нормативтік актінің шығуына 1954ж. 31 желтоқсандағы КСРО Кеңесінің КСРО жер қорының біріңғай мемлекеттік есепке алуы қаулысы, жер ресурстарының ұзақ уақыт дамуын белгілеген генералдық схемасы болып келеді.
1970ж. КСРО Кеңесінің “Жерді пайдаланудың мемлекеттік бақылау тәртібін бекіту” туралы қаулы қабылданды. Осы уақыттан бастап жерді қорғау және пайдалануды мемлекеттік бакылау жер ресурстарын басқарудың маңызды функциясы ретінде дамуда.