Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Тақырыбы: Қазақстанда жер ресурстарын басқару жүйесінің қазіргі кездегі құрылу әдістемесі



бет30/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94
узр все

Тақырыбы: Қазақстанда жер ресурстарын басқару жүйесінің қазіргі кездегі құрылу әдістемесі

1990 жылдары басталған қайтадан құру жер заңдылығына және жер қатынастарына көп жаңалықтар енгізді. Қазақстанда болып жатқан нарықтық экономикаға көшу жер реформасын қазіргі кездің актуальды проблемаларының бірі қылды. Соған байланысты бұрынғы қалыптасқан жерге тек қана мемлекеттік меншікті өзгертуге арналған заңдар қабылдана бастады.

1990 ж.жер кодексы барлық жердің мемлекеттің меншігі екендігін жариялады.

Оның енгізген негізгі жаңалығы:

1)Кейбір жер учаскелерін (шаруа қожалығын құруға, көмекші шаруашылық жүргізуге, бақ және мал өсіруге, құрылыс жүргізуге) мәңгілік пайдаланып, мұраға қалдыру;

2)Берілетін жер учаскелерінің мөлшерлеріне қойылатын шектеулер алынып тасталды;

3)Жер учаскелері иелерінің оны пайдалануларына мемлекеттік және қоғамдық органдардың араласуы тоқтатылған;

4)Жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары реттеліп, заңды бекітілген:

•Шаруашылық жүргізу еркіндігі,

•Жер учаскесін арендаға беру құқығы;

•Жер учаскесінен алынатын өнімге және кіріске иелік құқығы.

5)Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеудегі құқықтары кеңейтілді;

6)Жерді пайдаланудың ақылылығы енгізілді;

7)Жерге таласты, оның ішінде сот аркылы, шешу тәртібі бекітілген.

*Жер реформасының мақсаты-қалыптасқан жер қатынастарын, өндіріс құралдарына, оның ішінде жерге әртүрлі меншік түрлерін енгізу арқылы өзгерту.

Жер реформасы келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

Экономиканың көпжақтылығын дамыту

Жерді қайтадан бөлу

Жер ресурстарын басқарудың заңдық және экономикалық әдістеріне көшу.

«Жер реформасы туралы» заңға сәйкес Қазақстандағы жер реформасының бастапқы кезеңіндегі негізгі бағыттары:

•Кейін қайтадан тарату үшін аудан жер қорын құру;

•Азаматтарға мәңгілік пайдаланып, мұраға қалдыруға жер беру;

•Ауылды елді мекендердің шекараларын белгілеу және дәлдеу және оларды жершаруашылықтық орналастыру;

•Жер учаскелеріне меншік және пайдалану құқықтарын бекітетін құжаттарды дайындау.

Жер реформасының бастапқы кезеңінің ерекшілігі совхоздар мен колхоздардың жер пайдалануларын әр адамның еңбек үлесіне қарай бөлу механизімін және жер пайдаланудың, жер иелігінің және жерде шаруашылық жүргізудің формаларын өз еркілерімен таңдап aлy мүмкіндігін заңды түрде бекіту.

Қабылданған заңдық және нормативтік актілердің шеңберінде республиканың жер реформасының барысында жерді жекешелейдірудің келесі механизімі қалыптасты:

- бұрын алынған (жеке көмекші шаруашылық жүргізу, бақша отырғызу, жеке тұрғын үй салу үшін және т.б.) жер учаскелерін қайтадан рәсімдеу;

- азаматтарға жеке меншікке, жерді ақысыз пайдалану нормасында, жер учаскесін беру;

- жеке азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жер учаскелерін сату;

Жекешелендіру тәртібінде алынған жер учаскелерін басқа жеке азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату.

Қабылданған заңдар жаңа ауылшаруашылық құрылымдарының қалыптасуына мүмкіндік жасады. Барлық жерлерде шаруа қожалықтары пайда бола бастады.

Олардың қалыптасуы екі жолмен орындалды:

Бірінші – шаруа қожалығының жер пайдалануы олардың жер үлестерінен қалыптасты

Екінші – аудандық арнайы жер қорынан құрылды.

Республикадағы жер құрылысын реформалаудағы күрт өзгеріс – 1995ж 22 желтоқсанда ҚР Президентінің заң күші бар Үкімінің шығуы. Ен бірінші рет жерге жеке меншік енгізілді.

Жерге жеке меншік

1)азаматтардың жеке меншігі

2)қатысушылардың жеке үлестері жеке анықталмай,

ортақ жеке үлестік меншік

3)мемлекеттік емес занды тұлғалардың жеке меншігі

ҚАЗАҚСТАН ЖЕР РЕФОРМАСЫНЬЩ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

Жер реформасының заңдық және нормативтік базасын құру арқылы жер қатынастарын реттеу;

Жер реформасын ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету;

Қалыптасқан жер құрылысын реформалау;

Жер пайдаланудың жана жүйелерін құру;

Жаңа жер құрылысына көшу;

Жерді иелену және пайдалану құқыларын заңдық бекіту және бұл құқыларды іс жүзінде қамтамасыз ету.

Жерге құқық жайында құжаттарды тағайындау және тапсыру;

Жер учаскесін жер бетінде бөліп беру, шекараларын жер бетінде және графикалық бекіту;

Жер учаскелерін есепке aлy және оларды мемлекетгік тіркеу;

Барлық жер иелерінің және пайдаланушылардың жерді ақылы пайдалануы;

Жерді бағалау;

Жер нарығының дамуы;

Жермен жылжымайтын мүлік ретінде нарықтық операциялар жүргізу;

Ипотекалық кредиттеудің дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет