«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


II БӨЛІМ .БИОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕСУРСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет14/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
II БӨЛІМ .БИОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ РЕСУРСТАРЫ 
Тақырып 5. Биосфера және В.И. Вернадскийдің биосфера туралы 
ілімі 
5.1. Биосфера туралы түсінік 
«Биосфера» ұғымын алғашқы рет ғылымда XIX ғасырда француз 
жаратылыстанушысы Ж.Б. Ламарк, ал одан кейін термин ретінде 1875 жылы 
австралиялық ғалым Э. Зюсс қолданған. Э. Зюсс биосфераға тіршілік бар 
жердің ерекше қабаты деп анықтама беріп ғылымға еңгізген. Биосфреа, 
«тіршілік аймағы» туралы ілімнің негізін қалаған және жетілдірілген орыс 
ғалымы В. Вернадский.
Биосфера (грек тілінен аударғанда bios – тіршілік, sphaira – сфера, шар 
деген маңынаны білдіреді) – тіршілік бар немесе бұрын болған, тірі ағзалар 
мекендейтін жердің ерекше қабаты. Биосферадағы тірі ағзалар жиынтығы 
биосфераның тірі заттың құрайды. Бұл адамды қоршаған, табиғи ортаның 
негізгі компоненті және Жердің маңызды геосферасының бірі. 
Қазіргі таңда биосфера көптеген компонентерден – тірі және өлі 
табиғаттан тұратын күрделі жүйе. Биосфера энергия мен заттардың 
биогеохимиялық айналымдарымен өз ара байланысқан атмосфераның төменгі 
бөлігін, бүкіл гидросфераны және литсфераның жоғарғы қабатын қамтиды. 
Сонымен, биосфераның құрамына компоненттер кіреді: 

тірі ағзалар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар); 

тропосфера (атмосфераның төменгі қабаты); 

гидросфера (мұхиттар, теңіздер, өзендер және т.с.с.); 

литосфера (жердің беткі қабаты). 
Биосфераның жасы шамамен 4 млрд жыл. 
Биосфера ғаламдық экожүйе ретінде абиотикалық және биотикалық 
бөліктерден тұрады. 
Биосфераның абиотикалық бөлігі: 1) топырақ және оның қойнауындағы 
жыныстарды; 2) атмосфералық ауаны және 3) су ортасын қамтиды. 
Биотикалық бөлігі тірі ағзалардан тұрады. Олар өздерінің тыныс алуы
қоректенуы және көбею арқылы биосфераның барлық компонентері арасында 
зат алмасды жүзе асырады. 
Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойыорын алған 
органикалық әлем мен өлі табиғаттың эволюциясының нәтижесі. Биосфераның 
даму процесі үш кезеңнен тұрады: 

бірінші кезең: адамның табиғатқа әсері айтарлықтай емес 
биосфераның бастапқы қалыптасу кезеңі; 

екінші кезең: биотехносфера, бұл кезеңде адамның тіршілігі 
биосферада маңызды факторға айналып, оның табиғатқа теріс әсерінің алдын 
алу мәселелері туындайды; 

үшінші кезең: ноосфера – ақыл-ой сферасы. Биосфераның дамуының 
жоғарғы сатысы, бұл кезеңде адамның санасы, ақыл-ойы биосфераның дамуын 


20 
анықтайтын негізгі фактор. Ноосферада адам күрделі геологиялық күшке 
айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет