15
өлі органикалық заттардың жай минералды заттарға дейін ыдырауы жүзеге
асырылады.
Әрбір экожүйеде келесі компоненттерді бөліп қарастыруға болады:
зат айналымына қатысатын бейорганикалық қосылыстар (C, N, P,
CO
2
);
экожүйенің
абиотикалық
және
биотикалық
бөліктерін
байласытыратын органикалық қосылыстар (көмірсулар, ақуыздар, липидтер);
климаттық режим (температура, қысым, ылғалдылық);
продуценттер – автотрофты ағзалар, фотосинтезге қабілетті жай
бейорганикалық заттардан қорек түзетін ағзалар, көп жағдайда жасыл
өсімдіктер;
консументтер немесе фаготрофтар –
гетеротрофтар, басқа ағзалармен
немесе органикалық заттармен қоректенетін ағзалар, негізінен жануарлар;
редуценттер немесе сапротрофтар
– гетеротрофты ағзалар,
бактериялар
және саңыруқұлақтар, өлі органикалық заттармен қоректенеді
немесе оларды ыдыратады.
Алғашқы үш топ экожүйенің жансыз компоненттерін құрайды, ал одан
кейінгі топтар экожүйенің тірі компоненттерін немесе биомассасын құрайды.
Энергия ағымына байланысты биомассаның орыналасуы экожүйенің
құрылымын көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде күн
энергиясың химиялық байланыстар энергиясына ауыстырады. Консументтер
продуценттермен қоректеніп химиялық байланыстарды үзеді,
нәтижесінде
босатылған энергияны өз денелерін құрау үшін пайдаланады. Ал редуценттер
органикалық заттарды ыдырату арқылы химиялық байланыстарды үзіп өз
денелерін құрады. Нәтижесінде продуценттер жинаған энергия қоры
толығымен пайдаланылады. Органикалық заттар бастапқы бейорганикалық
заттарға дейін ыдырап продуценттерге қайта оралады. Сонымен экожүйенің
құрылымын энергия трансформациясының үш деңгейі
және екі зат айналымы
(газтәрізді мен қатты заттардың) құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: