«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


Тақырып 13. Қазақстандағы экологиялық мәселелер



Pdf көрінісі
бет38/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Тақырып 13. Қазақстандағы экологиялық мәселелер 
Қазақтар-тумасынан табиғаттты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен 
ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің 
табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық – 
«экология» деген сөзді есімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің « 
Адамзат табиғатынан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп 
алуымыз керек»,-деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, 
тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі 
істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп 
тонналық өнеркәсіптер қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. 
Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң 
дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғаттты тонауы, 
биосферадағы жаратылыстың тепе-теңдік заңдарын бұзды . осылардың 
нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың 


55 
топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның 
соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, .ормандардың мезгілсіз 
қурауына, ауа райының ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-
теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері 
және саны көбейді. 
Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? 
Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін 
ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, 
тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшасынан бастап, мектептерде, жоғары оқу 
орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын 
өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология 
қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге 
тәрбиелемесе көп нәрселен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мұғалім, 
маман, басшы0 экология негіздерін жақсы білу қажет. Сонда ғана әрбір 
адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі 
туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда 
белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, 
теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер 
өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың 
бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. 
Экология-жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы 10-20жылға дейін тіптен 
көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым 
саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология салсында білім берудің аясын 
кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, « экология» пәнін бала бақшаларынан бастап 
барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын 
қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат 
қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз. 
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл 
хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына республикамыз біршама 
мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп 
отыр. Алайда мұның бәрі, республиканың ұлтттық табысының 1-на де 
жетпейді. 
Табиғат қорғау шараларына бөлінген қаржының 50-60-дық игеру үлесі, 
Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, 
табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі ( мысалы тау-кен 
өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың 
жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. 
Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда 
Қ-ның мына кәсіпорындары ерекше « үлес қосып» отыр: Батыс Қ мұнай, газ, 
конденсат кен орындары, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен 
титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск 
полиметаллл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор 
заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар 
алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия хаводы. Екібастұз 


56 
энергетикалық кешені, Қарағанды металллургия заводы, т.б. Мысалы, 
Қазақстанда 1988 жылы станционарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды 
заттар лақтырып тасталған, ал автотранспорттардан шыққан улы заттардың 
мөлшері – 2,9 млн. т. болыпты. 
Сонда Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар 
тиесілі екен. 
Кейінгі кездерде Балқаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп 
шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 
жылғы мәліметтер бойынша Балқашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр 
қайсысының басына 6 тонннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта 
бұдан да басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. 
Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы 
жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. 
Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардың қырылып, жапырақ жейтін 
құрттардың көбейіп кетуімен дле түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп 
жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріпте жүр. 
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор- қорғасын 
ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын-политропты у. Оның организмдегі 
азғантай ғана концентрациясы, органдар мен ткандарды, қан жүйесін зақымдап, 
бүлдіреді. 
Қорғасынның жоғары мөлшері- Өскемен, Зыряновск, Лениногорск 
қалаларының атмосфералық ауаларында байқалады. Шашқа жасалған 
спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын 
мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6есе көп болып шықты. 
Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы 
қабылдайды. 
Сондықтан 
да 
болар, 
Ш.Қ-нан 
ақ 
қан 
ауруымен 
науқастанғандардың саны көбейіп отыр. Тауар күйінде 1 тонна қорғасын алу 
үшін, 1000 тонна кенді қазып өңдеуге, 5 тоннаға дейін бос жынысты қазып 
алуға тура келеді.Қ полиметалл кендеріндегі қорғасынның концентрациясы 
0,32 мен 0,8 аралығында. Бұл көрсеткіш ең бай кен көздері үшін, 1,5\2,5. 
Қалдық сақтағыш қоймаларда жинақталған уақытына байланысты, өндіріс 
қалдықтарындағы қорғасын мөлшері 0,4, 0,7 пайыз, кейде 1,5 –ға дейін жетеді. 
Осыған орай, бұл техногенді қалдықтар ұзақ уақыт жатқан сайын, олардағы 
микроэлементттер зияндылығы қоршаған орта үшін арта түсері де сөзссіз. 
Жалпы, 
бүгінгі 
күнге 
дейін, 
Қазақстандағы 
түсті 
металлургия 
кәсіпорындарының техногенді қалдықтарының мөлшері, астрономиялық 
цифрларға жетіп жығылып отыр: 9,139 млрд. тонна . Республика бойынша 
қалдықтардың 16,5 –ы Ш.Қ экожүйесінің үлесіне тиесілі, бір ғана «Жезқазған 
түсті металлл» өндірістік бірлестігінде -13,5 қалдық қордаланған ( 912046 
млн.тонна ), ал « Соколов-Сары-бай» өндірісітк бірлестігінде қалдықтардың 
42,9 –ы жинақталған. 
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау 
қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, 
шайма және қолданылған суларының әсерінен, Ертіс,Орал т.б. өзендерінің суы, 


57 
зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. 
Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң 
ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, 
бұл су көздерінің « есте сақтау қабілеті» де зақымданған. Қазіргі экожүйені 
қалыптастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға 
қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай... 
Жер және минералды шикізат ресурстары, ауыл шаруашылық алқаптары, 
тозудың азақ алдында десе де болады. Бұл айтылғандарға, үлкен аумақтардағы 
жер дефляциясы дәлел бола алады. Суармалы жерлердегі құнарлықтың 
төмендеуі, топырақ қабатындағы гумус қабатының көз алдымызда жұқалануы, 
Қ даларының егіс алқаптарында жиі байқалып отырған құбылыс. Ал, табиғатта 
қалыңдығы 5 см гумус қабатын жинау үшін жүздеген жылдар қажет болса, 
аридті климатты аймақтар үшін бұл мақсатқа мыңдаған жылдар кететіні анық. 
Топыраққа рекультивация жасау да қымбатқа түсетін іс-шара : 1 га үшін 300 
мың теңгеге дейін, кейде онан да көп шығын жұмсалады. Мұның тағы бір 
зияны, экожүйенің микроклиматы енді қайтып орнына келмейтін күй кешеді. 
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды 
экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зин шектіріп отырғаны 
полиметаллл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден-қорғасын, 
хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйінде 
басқа елдерге жеткізіліп, дайын өнім мен қымбат бұйымның тиімділігін солар 
көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін 
орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ 
әсерлері. 
Қоршаған ортаның Республикамыздағы халықтың науқастануына 
тигізетін әсері 60 пайыз шамасында . Ол әсіресе, тау – кен өнеркәсібі 
орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал0 соматикалық 
ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде. 
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, 
бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында 
Орталық Азиядағы 5 мемлекет- Қазақстан, Қығызстан, Тәжікстан, Өзбекстан 
және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет 
басшыларының шешімімен, Арал бассейінің қалпына келтіру жобаларына 
қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды. 
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып 
өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС-і салынса, бертін келе, 
алпысыншы жылдары, Шардара ГЭС-і, мұнан басқа-Тоқтагүл, Әндіжан, 
Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс- көптеген суару-суландыру 
жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім 
әлі келгенше жырып ала берді де, ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле 
аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзенінің жұрнағы 
Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйдің егіздің сыңарындай Амудария 
өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен 
жабылып, 60-шы жылдардың басында 60 текше шақырым ғана су беріп келді. 


58 
Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40-45 текше шақырым 
су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдынынан, қазір 
небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр. 
Бір кездері арнасынан асып-тасып жатқан алып теңіз, бүгінде 
жыламсырап ағады. Теңіз ұлтанынан ұшқан тұзды шаң әлемнің түкпір- 
түкпіріне жетіп жатқан туралы суаық хабарлар, барған сайын қатерлі де, 
қорқынышты сипат алып барады. Бұл проблеманың Бірікккен Ұлтттар Ұйымы 
мен басқа да мәртебелі мінбелерден қайта-қайта көтерілуі де сондықтан. 
Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су 
тапшылығын көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті 
тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана 
таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекетттік стандартқа мүлдем қайшы 
келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға 
бір шелектен келеді. Ал, өркениеттті елдерде, оның шамасы, 200-400 литрге 
жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының 
денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теізінен көтерілген 
тұзды тозаңның астында жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының 
қасіретін бастан өткізуде . Соның салдарынан, тұрғындар арасында жүрек, 
өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр және басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші 
республикадан да жоғары болып тұр. Мысалы, Арал аймағы орналасқан 
Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған 
адамдардың жалпы саны 19,5 мың . Осыған байланысты, кейінге ысыруға 
болмайтын нақты шара- осы өңірдің тұрғындарының хал-ахуалын жақсарту, 
жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су 
құбырлары құрылысын жүргізу, «Көкарал» бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші 
Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға 
төмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарады. Бұл өлкедеггі 
бұрынғы 3000-дай көлден қазіргі таңда 85-і қалды. Аралдықтардың қазіргі 
жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. «Көкарал» 
бөгетінің құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер « Көкарал» бөгеті болмаса, 
Сырдария суы үлкен теңіз тереңдіктеріне алып барып, үлкен айдынға жайылып, 
бостан-босқа буланып, ауаға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, 
оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу 
үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі 
шешу қажет. 
Табиғат- бізге ата-бабамыздан мұраағ қалған ең қасиетіміз. Арал теңізінің 
өңірін экологиялық аапттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет