«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет34/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Климаттың 
ғаламдық 
жылуы 
– 
биосфераның 
антропогенді 
ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биортаның өзгеруі: экожұйедегі 
өнімділік процесстерінің, қсімдіктер қауымдастықтар шекараларының, ауыл 
шаруашылығы дақылдары өзгеруінен білінеді. Климаттың ғаламдық жылуынан 
аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді де оың қайта 
қалпына келуі өте баяу жүреді. 
11.4. Өндіріс саласында қоршаған ортаны құқықтық қорғау 
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірінші 
қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері 
адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл 
араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін 
ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп 
ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс 
объектілерімен ластау “ қышқыл жаңбырлардың ’’ пайда болуына әкелуі 
мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу 
арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процесстердің 
қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол 
ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып 
табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік – тұтынудан пайда болған 
газообраздық және аэрозольдік ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық 
ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар 
экологтарды Қазақстандағы су обьектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен 
ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы 
гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі 
ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық 
қарастырылған факьорлар биосферада болып жатқан процесстерге елеулі әсерін 
тигізіп отыр. 
Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған 
дәлел болып отыр. Президент жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 
жылы № 1241-ші 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Републикасының 
экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында Қазақстан көптеген оңжылдықтар 
бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногенді деп айқын айтылған. 
Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ 
және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның 
қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға 
әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталды. 
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды 
әсер етіп жатыр. 
Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негізгі 
ластануы түсті металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ 
кешені кәсіп орындары мен көлік шығарындыларымен байланысты. 
Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының 
нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.Атмосфералық 


45 
ауаның ластану мәселесі негізінен республика халқының жартысына жуығы 
өмір сүретін ірі қалалар мен өнеркәсіптік агломераттарға тән. 
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның ішінде 8 қала- ауасы 
жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының 
жоғарғы себебі – өндірісте ескірген технологиялары, тиімсіз тазартқыш 
құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қайтадан 
жаңғыртылатын және дәстүрлі емес көздерініңаз пайдаланылуы. Халықтың 
басым бөлігі зиянды шығарындылырдың әсері жоғары аймақта тұрып 
жатырөйткені кәсіпорындардың 20%-дан астамының нормативтік санитарлық-
қорғау аймағы жоқ. Ауа бассейінің ластануы көмірсутегі шикізатының 
бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игерумен де 
байланысты, бұл атмосфераның күкүртсутегімен, меркаптандармен ластануын 
ұлғайта түседі.Алауларда ілеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкірт пен 
азот оксидтердің едәуір көлемін атмосфераға шығарумен қатар жүреді, кен 
орындарының төңірегіндежоғары жылу аясы қалыптасады. 
1993 жылдан 2009 жылға деін зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы 
негізінен өндіріс құлдырауының себебі 5,1 млн. Тоннадан 3,2 млн. Тоннаға 
дейін кеміді. 2007 жылы тмосфераға 185 мың тонна залалды заттар таралды,... 
оның 15 мыңы сиационарлық көздерден, ал қалған 170 мың автокөліктен. 
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары болып 
табылады. Қазақстан су ресурстарының жетіспеушілігі елдерінің санатына 
жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау- кен өндіру, металлургия және 
химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың комуналдық қызметтері 
қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, 
Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен 
қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға 
ұшыраған. 
2015 жылы Қазақстанның Каспийден өндіретін мұнайы 100 млн тоннаға 
жетпек. Ең жетік технологиялармен мұнай өндіргеннің өзінде жер астынан 
шыққан шикі заттын 0,1 пайызы теңізге төгіліп отырады. Демек жылына 10 
мың тонна мұнай теңізге құйылатын болғаны. 
Қазақстандық секторда көмірсутегі шикізатын жаппай меңгеру 
мемлекеттік экологиялық қауіпсіздігіне потенциалды қауіп төндіретіні анық. 
Өнеркәсіп 
өндірісі 
қалдықтары 
көпаспектілі 
зиян 
әкеліп 
отыр.Радиоактивті ластану Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі 
нақты қатер төндіреді, олардың көздерімынадай негізгі бірнеше топқа бөлінеді: 
Жұмыс істемей тұрған уран өндіруші және уран өндеуші 
кәсіпорындардың қалдықтары ( уран кен орныдардың үйінділері, өздігінен 
төгілетін ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желілердің 
бөлшектенген жабдығы). 
Ядролық қаруды сынау нәтижесінде ластанған аумақтар, мұнай 
өндіруөнеркәсібі мен мұнай жабдығының қалдықтары, ядролық реакторлардың 
жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнім ( 
иондаушы сәулеленудің пайдаланудан шыққан көздері.) 


46 
Қазақстанда табиғи радиактивтіліктің жоғары деңгейін беретін уран 
беруші алты ірі геологиялық өңір, көптеген шағын кен орындары мен уран 
байқалатын кеніштер, уран өндіруші кәсіп орындар мен ядролық жарылыстар 
жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. 
Қазақстан аумағының 30-нде адам денсаулығына айтарлықтай қауіп 
төндіретін табиғи радиактивті газ- радонның жоғарғы бөлінуінің ықтимал 
мүмкіндігі орын алған. Радионуклейдтермен ластанған суды ауыз су мен 
шаруашылық мұқтаждықтар үшін пайдалану қауіпті болып табылады. 
Қазақстанның кәсіпорындарында иондаушы сәулелердің пайдаланудан 
қалған 50 мыңнан астам көздері бар және радиациялық зерттеу барысында 16-
сы адам үшін аса қауіпті болған 7000-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, 
жойылды. 
Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауіпті тұрақты 
органикалық ластағыштар ( бұан әр-і –ТОЛ ) тудырады. 2001 жылдың 
мамырында Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұрақты органикалық 
ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды. 
Тұрақты органикалық ластағыштар – уытты қасиеттерге ие, ыдырауға 
тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық 
заттардың әртүрлі тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы 
ауамен, сумен және көшетін түрлері бойынша трансшекаралық таралу объектісі 
болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелері мен су экожүйелерінде 
жинақталып, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгеді.
Белгілі бір органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар ішкі 
реттеу жүйесін бұзады. Аз мөлшерінің өзінде ТОЛ қалыпты биологиялық 
функцияларды бұзуы, кейінгі ұрпаққа берілуі және адамның денсаулығы мен 
қоршаған ортаға нақты қатер төндіруі мүмкін. 
Қазақстандағы ТОЛ-дың энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі 
кәсіпорындарында құралады және пайдаланылады. 
Қазатомөнеркәсібінің ақпараты бойынша жыл сайын 2,5 мың тоннадай 
уран алынады \5 пайыз әлемдік өндірістен\. 2009 жылы уранды өндіру оң 
пайызға өседі. Бірақ оларды көму оң есе қымбатқа түседі.
Қазақстанның аумағында өндіріс пен тұтұну қалдықтарының 20 млрд. 
Тоннадан астамы, оның ішінде 6,7 млрд. Тонна улы заттар жинақталған, әрі 
олардың ұлғаю үрдісі байқалуда. Қазір көптеген компаниялар өндірістік қуат 
пайызы төмен болса да, серпінді жоюаны алға басып, ауаға тарайтын 
ласқалдықтар көлемін бірнеше пайыздарға өсіріп отыр. 
Бұл ескірген технологияларды қолданумен, сапасыз шикізатпен және 
отынмен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта 
құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсіндіріледі. Уытты 
қалдықтарды қоса алғанда, өндіріс қалдықтары әлі күнге, көбінесе тиісті 
экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлі жинақтағыштарда 
қойылып, сақталады. Осының нәтижесінде көптеген өңірлердің топырағы, жер 
асты және жер үсті сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын 
қалдықтардың үнемі ұлғайып отырған көлемі жаңа техногендік ландшафтар 


47 
қалыптастырады. Үйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар шаң 
құраудың неғұрлым қарқынды көздеріне айналады.Қатты тұрмыстық 
қалдықтардың негізгі массасы құрауыштарға бөлщектенбестен шығарылып, 
ашық күресіндерге тасылады және қойылады, оның 97 пайызы Қазақстан 
Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай 
емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға 
әсері бағаланбастан жүргізілген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың 
шамамен тек 5-і ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады. 
Жоғары аталған тұрақты ластау көздерден басқа аяқасты да 
болатындарды атап өтуге болады. Оларға техногенді түрдегі төтенше 
жағдайлармен көп жылдар бойы келе жатқан тарихи ластағыштарды атап өтуге 
болады. 
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы 
елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді. Қауіп аптты жер 
сілкінісі, көшкін, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндірістік объектілердегі 
қауіпті өнеркәсіп және басқа да авариялардың нәтижесінде адамның өміріне, 
денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуіне байланысты. 1994 жылдан 
бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам 
қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шекті. Сараптамалық 
бағалау бойынша төтенше жағдайлардан ( жаһандық дүлей апаттар болмаған 
кезде ) келетін тікелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард 
теңгені құрайды. 
Ластанудың «байырғы» көздеріне қазіргі кезде иесіз тұрған объектілер: 
мұнайгаз және гидрогелогиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер ( оның ішінде 
радиоактивтік қалдықты ), елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер болып 
табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауға жатады. 
Көріп отырғанымыздай, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және 
мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында олар азаяр емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет